Түркістан қаласының полиция басқармасы бастығының бұйрығы негізінде 01.10.2019 жылдан бастап Түркістан қаласы, Ортақ мөлтек ауданы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12, Алтынбекұлы, Баййшиков, Ерманкулов, Ақорда, Сары-Жайлау, Алтай, Асылұлы Арыс, Кәріз, Шобанақ, Егенменді, Темірлан, Көкжиек, Алмалы, Серт, Үркер, көшелерінің батыс беті, Т.Аубакиров, Орынбетов, Отарбаев, Асанов, Сулейменов, Бөкехан, Мақатаев, Аманжолов, Аспандияров көшелеріне Түркістан қаласының полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мусаханов Мамырхан Дильдаханұлы бекітілді.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша нақты 100 қадам ұлт жоспарының 30-шы қадамында жергілікті полиция қызметін құру жөнінде белгіленіп, 2015 жылдың 02 қарашасында мемлекет басшысымен заң қабылданды. Жергілікті полиция қызметін құрудағы мақсат ол полиция қызметінің ашықтығын, халықтың полиция қызметіне деген сенімін арттыру мақсатында, оның жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қауымдастыққа есеп беру жолымен қамтамасыз ету болып табылатыны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары мен халық арасында барынша байланысқа қол жеткізу, олардың халық алдында беделін көтеру, полицияға сенімін арттыру, аймақтағы жедел-ахуалдық жағдайларды жақсарту және құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарын жандандыру болып табылатынын айтып өтті.
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық полиция органы бастығының және учаскелік полиция инспекторларының халық алдында есеп беруін ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 6 қараша 2018 жылғы №723 санды қаулысының
2 тарау Полиция қызметкерлерінің есеп беруі:
– жергілікті қауымдастық алдындағы ашықтығын, жауапкершілігін және есептілігін одан әрі арттыру;
– ашықтық және жариялылық қағидаттарын қамтамасыз ету;
– азаматтардың полицияға сенімі деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
Есеп беруді өткізудің міндеттері:
– азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасының, қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қылмысқа қарсы күрестің жағдайы туралы хабардар ету;
– қоғамдық бақылау жүйесін дамыту;
– мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен және азаматтармен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
– полиция қызметі саласында азаматтарды құқықтық сауаттандыру болып табылады.
4-тарау. Учаскелік полиция инспекторының есеп беруі
– Учаскелік полиция инспекторының халық алдындағы есеп беруі аумақтық полиция органы басшылығының және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен бір тоқсанда кемінде бір рет жергілікті қауымдастық жиындарында өткізіледі.
– Есеп беруді өз бетінше аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері шақыратын жергілікті қауымдастық жиналыстарында не жергілікті қауымдастық жиынымен өкілеттік берілген жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша өткізуге жол беріледі.
– Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердің ерекшеліктеріне қарай есеп беруді бірнеше іргелес әкімшілік учаскелерде тұратын жергілікті қауымдастықтың бірыңғай жиынын (жиналысын) өткізу жолымен жүргізуге болады, онда бірнеше учаскелік полиция инспекторы біруақытта есеп береді.
– Есеп беруде учаскелік полиция инспекторы қатысушыларға қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскедегі криминогендік жағдай және оны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, құқық бұзушылық профилактикасы, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, полицияның профилактикалық қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер туралы, шағымдар мен өтініштер, оның ішінде өткен есеп беру барысында келіп түскен шағымдар мен өтініштер бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты жеткізеді.
– Есеп беру барысында азаматтардың ұсыныстары мен ескертулері тыңдалады, олар бойынша тиісті түсіндірмелер мен жауаптар беріледі.
Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесін, олардың нысандары мен түрлерiн бекіту туралы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы N 641 бұйрығына сәйкес, Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға ниет білдірген кез-келген Қазақстан Республикасының азаматы ішкі істер органына еркін нысанда өтініш бере алады.
Мамырхан Мусаханов,
Түркістан қаласының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны.