“ТАРПИНА” ТӘЖІКІСТАН АЗАМАТЫНАН ГАШИШ ТАПТЫ

531 көрілім

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Жібек жолы» шекара бақылау-бекетінде шекарашылардың шебер іс-әрекетінің арқасында «Тарпина» атты қызметтік итті пайдалана отырып, есірткі контрабандасы бойынша ер адамға белгі бергені хабарланды. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер шетелдік азаматтардың бірін бекеттен өткізу кезінде күдікке ілінгенін анықтады. Сарыағаштық жедел уәкілдер күдіктіні тінту кезінде ұялы телефонының сыртқы қаптамасының (чехол) ішіне жасырылған есірткіге ұқсас затты тауып, тәркіледі.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі заты 3 грамға жуық «гашиш» болып шықты. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеліп, ер адам қамауға алынды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, өткізгені, өсіргені және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы