ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДА БАЛАҒАТТАСАҢЫЗ 69 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ

617 көрілім

Енді қоғамдық орындарда аңдамай әрекет жасауға болмайды. Егер де ашуға булықсаңыз заң алдында 69 мың теңге төлейтініңіз бен 5 тәулік бойы қамауда отыратыныңызды еске түсіріңіз!

Азамат Құрымбаевтың айтуынша , Қазақстан заңнамасында Қоғамдық орындарда балағат сөздер қолдансаң, заң алдында жауапқа тартылу бұрыннан көзделген. Мәселен, қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде қорлау – бұл қылмыстық теріс қылыққа жатады. ІІМ өкілі бұл үшін 100 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 120 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту сынды жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

Бұдан бөлек ол отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұрған адамдарға айқын құрметсіздік білдіретін және қылмыс құрамын қамтымайтын балағат сөздер мен басқа да әрекеттер үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік барын еске салды. Бұл үшін құқық бұзушыға сот арқылы ескерту беру немесе 5 тәулікке дейін қамаққа алу жазасы қарастырылған. Сол сияқты ІІМ өкілі ұсақ бұзақылық мәселесіне де тоқталып өтті.

6 наурыздан бастап мұндай әрекеттер үшін 20 АЕК (69 мың теңге көлемінде) айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделген”, – дейді ол. Бұған қоса Азамат Құрымбаев әрбір өтініш бойынша полиция қызметкерлері дәлелдемелер жинайтынын, оған азаматтардың өтініші, куәгерлердің айғақтары, сондай-ақ құқық бұзушылықтың аудио, бейнетүсірілімі, қажет болған жағдайда сарапшының қорытындысы жатанынын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы