ҚАЗАҚСТАНДА ЖУРНАЛИСТІҢ ЖҰМЫСЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІНДЕР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

312 көрілім

«Статистикаға сүйенсек, соңғы 5 жылда ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабы (журналистің заңды кәсіптік қызметіне оны ақпарат таратуға мәжбүрлеу не оны таратудан бас тарту арқылы, сол сияқты журналистің заңды кәсіптік қызметін орындауына кедергі келтіретін немесе оны осы мүмкіндіктен толығымен айыратын жағдайлар жасау арқылы кедергі жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің небәрі 9 фактісі тіркелді. Бұл бірінші кезекте әкімшілік жауапкершілікті қосымша енгізу қажеттігін көрсетеді», – делінген құжатта.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда көрсетілгендей, кодекске журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасаған үшін жауапкершілікті күшейту нормасы енгізілмек.

Мұны жүзеге асыру үшін министрлік журналистің кәсіби қызметін реттейтін Қылмыстық кодекстегі 158-баптың бірінші бөлігін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске көшіреді.

Құжатты ашық талқылау 31 қаңтарға дейін жалғасатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы