Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел университетінде республикалық робот фестивалі өтті. Білімділер сайысында Түркістан облысы, Төлеби ауданының мамандандырылған “Дарын” мектеп-интернатының оқушыларынан құралған “TeenLights” командасы Robot Design бағыты бойынша жүлделі бірінші орынға ие болды.

Дарынды оқушылар, Астана қаласында өтетін “First Kazakhstan – 2023” робот құрастырушылар сайысына жолдама алды. Мұнда жеңіске жеткендер Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданып, халықаралық сындарға қатысады.

Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларынан құралған “Teen Lights” командасын сайысқа білікті жетекші Сәкен Далмырзаев бастап барды.
