«БОЛАШАҚҚА» ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

453 көрілім

Конкурстық іріктеу 2023 жылғы 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

2023 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау төрт кезеңнен тұрады. Құжат қабылдаудың алғашқы кезеңі биыл 27 қаңтарға дейін жалғасады.

“Инженерлік-техникалық мамандар” жеңілдік санаты бекітілді. Медициналық қызметкерлер де жеңілдік санатында. Квоталық санаттардың тегін тіл үйрену мүмкіндігі бар. Сондай-ақ олар құжат тапсырған кезде шетелдік жоғарғы оқу орындарына өз күшімен түсуге міндетті емес. Олар оқу орнын стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында оқуға ұсынылатын оқу орындары тізімінен таңдай алады.

Екінші кезең – 2023 жылғы 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, одан кейін 5 маусым мен 7 шілде аралығында және 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Ұсынылатын ЖОО-лар тізімі әлемнің 27 елінен 236 университетті қамтиды. Басым мамандықтар тізбесіне 262 мамандық кірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы