Бүгін Түркістан қалалық мәслихаты Бірлік, Яссы,Сауран секторларымен кездесу өткізді. Кездесу барысы сектор тұрғындарының көкейдегі мәселелері мен шешімі табылмай жүрген сұрақтарына жауап алумен жалғасты. Жиын барысында мәслихат төрағасы Мақсат Асылбекұлы қалалық мәслихаттың 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есебін халықпен кездесу барысында баяндады. Басқосуға қалалық мәслихат депутаттары Сакен Мырзанұлы, Айгүл Өтегенқызы, Сүлеймен Тұрсымбайұлы мен Ардақ Үсенұлы және де қала әкімінің орынбасарлары Ерлан Бақытжанұлы мен Талғат Байжанұлы қатысты.

Әлеуметтік сала бойынша Түркия Республикасына сапарының нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау жүйесін назарға алып, нәтижесінде қала әкімдігінің және депутаттардың қолдауымен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылуына ықпал етті. Осы бағыттағы қолдау шараларының бірі – қалада жүріп-тұруы қиын мүмкіндігі шектеулі азаматтарды транспорттық тасымалдау қызметіне қосымша екі автокөлік (инватакси) бөлінуіне ұсыныс енгізіліп шешімін тапты.
Мәслихат төрағасының есебіне тоқталып өтетеін болсақ, Түркістан қалалық мәслихаты 2022 жылы тұрақты комиссиялардың отырысын 23 рет, сессия отырысын 9 рет өткізген. Онда 53 шешім қабылдаған. Қабылданған шешімдер негізі төменде көрсетілген:
- Бюджетке қатысты қабылданған шешімдер – 4
- Бюджет әкімшілерінің жұмысына қатысты – 30
- -Сайлау комисссиялары бойынша – 6
- Онамастика комиссиясы жұмысы – 1
- Мәслихат жұмысына қатысты мәселелер – 12
- Нормативтік құқықтық актілер –3;
Түркістан қалалық мәслихат депутаттары бекітілген кестеге сайкес, қаламызда орналасқан 6 мөлтек аудандардың тұрғындарымен жыл басынан бері 49 рет кездесу өткізген. Ал қоғамдық және жеке қабылдауларды жыл басынан бері 119 рет өткізген. Онда 475 азаматтың өтініштері қаралған.
Сонымен қатар Бірлік, Яссы, Сауран секторының тұрғындары газ, жол, интернет мәселесін қозғады. Арнайы мамандар бүгінде ауа райының қолайсыз екендігін айтып, тұрғындардың талап-тілегін көктем айынан бастап, қолға аламыз деп уағдаласты. Бірлік секторында өзекті мәселелердің бірі газ және оның төлемі екен. Олардың айтуынша ай сайынғы төлем әр үйге әрқалай келетін көрінеді, ал мамандар болса ол үйдің үлкен немесе кішілігіне байланысты екендігін алға тартты. Және де интернет жүйесіне қатысты мәселе Бірлікте Beelline байланыс жүйесі жұмыс жасамайтын көрінеді, депутаттар арнайы мамандарды шақырып мәселені қолға алатындарын айтты. Сонымен қатар Бірлік сектор ақсақалы газдың төлемінен қарағанда көмір алып жаққаным артық деп айтып қалды. Каз Транс Газ мамандары бұл мәселені базадан қарау керек деп жауап берді.

Бұқаралық спортты дамыту, халық денсаулығын шыңдау бағытындағы жұмыстар депутаттар тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Атап айтқанда, танымал тұлғаларды еске алуға арналған республикалық, облыстық жарыстардың өткізіуіне үлкен демеушіліктер танынтты. Қалалық мәслихат депутатары қоғамдық іс-шаралардан бөлек қайрымдылық шараларына да қатысып келді. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Түркістан филиалының «Зекет» қорына да депутаттар үлкен үлес қосып тұрғын үйге мұқтаж жандарға қолдау көрсетті. «Құрбан айт», Ораза айт мерекелерінде депутаттар көптеген демеушілерді тарта отырып мұқтаж жандарға азық-түліктей, заттай, қаржылай қолдау білдірді.