Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында жастарға жеңілдікпен микрокредит беру жүйесін бекітті.
Жүйеде кәсіпкерлікті қолға алғысы келген жастарға немесе кәсіпкерлікпен айналысып жүрген 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурс аясында микрокредит беру көзделген.

Микрокредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін алайда, ол үшін кепілдің болуы басты міндет.
Микрокредиттерді кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, сонымен қатар мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады. Сондай-ақ борышкерге негізгі берешегін өтеу бойынша жеңілдік кезеңі қарастылған, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.
Қазіргі таңда Еңбек минстрлігі:
– жергілікті атқарушы органдармен кредиттік шарт жасасу;
– «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын жасасу;
– бизнес-жобаларды қарау, өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Айта кетсек, микрокредит алуға өтінім қабылдау уақыты және өтініш беретін кеңселердің мекенжайы туралы ақпарат қосымша хабарланады.
