1 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ӘКЕЛІНГЕН ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІКТЕР ҮШ МЕКЕНЖАЙДА ЗАҢДАСТЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

660 көрілім

Түркістан облыстық полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, 2023 жылдың 4-5 қаңтар күндері Түркістан қалалық полиция ғимаратында “Жолда қабылдау ” акциясы өтуде.

Шараның басты мақсаты – шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру тәртібін түсіндіру.

Айта кетейік, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру қаңтар айынан шілде айына дейін жүргізіледі.

Тіркеу барысында автокөліктердің шыққан жылы мен экологиялық санаты бойынша талаптар қойылмайды. Сонымен қатар, басқару рулі оң жақта орналасқан көліктерді де заңдастыра аласыздар.

Сондай-ақ, көлік жүргізушілері өз көліктерін Түркістан және Сарыағаш қаласында, Сайрам ауданындағы Ақсукент елдімекеніндегі ХҚКО-да заңдастыра алады.

Ескерту: іздеуде жүрген немесе кедендік тазартудан өтпеген және 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін алынған автокөліктер бұл санатқа кірмейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы