ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ӨТТІ

532 көрілім

Бүгін Оқушылар сарайында ҚР Президенті атынан өткізілетін балалардың жаңа жылдық шыршасы өтті.

Аталған мерекелік кешке қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев және қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров қатысып, балаларға ізгі тілектерін жеткізді.

– Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бұл өмірде сіздердің жүздеріңізден нұр шашып, бар ықыластарыңызбен риза болғандарыңызды көруден асқан бақыт жоқ. Бүгін байтақ еліміздің барлық өңірлерінде өздеріңіздей өнегелі балалар Жаңа жылдық шыршаның айналасына жиналып, мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуда. Сондықтан да, осынау шырша тойы естеріңде қалатын ерекше кеш болады деп сенемін.

Ендеше, келер жылда ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын. Балалық шақтарың базарлы, өмірлерің ажарлы болсын!»,– деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев.

Арнайы ұйымдастырылған жиынға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер жиналды.

Қызықты кешке жиналған балалар Жаңа жылдық шыршаның басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп, керемет сыйлықтарға ие болды. Ертегілік кейіпкерлер, жаңа жылдық көріністер мерекенің көркін ашып, қатысушыларды ерекше әсерге бөледі.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шара соңында барлық бүлдіршіндерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хаты мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы