Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жаңа автокөліктермен толықтырылды

279 көрілім

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында «Ұлт саулығы жақсы болса ғана қоғам орнықты дамиды. Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала, оған дұрыс жағдай жасау қажет» делінген болатын.

Осы мақсатта ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің қолдауымен бүгін Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне су жаңа «Chevrolet Cobalt» маркалы қызметтік автокөліктер жеткізілді. Автокөліктер облыстағы жұқпалы эпидемиялық індеттердің алдын-алу бойынша мамандардың ауру ошақтарын аралап, облыстағы қоғамдық денсаулықты одан әрі жақсартуға, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды тұрақтандыруға қызмет ететін болады.

Жаңа автокөліктер аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына таратылды. Айтып өтейік, COVID-19 пандемияcы кезеңінде де департамент Нива маркалы автокөліктерімен қамтамасыз етілген болатын.

Түркістан облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы