Жастар арасындағы құқық тәртіп бұзу әрекеттерінің алдын алу

709 көрілім

Түркістан қаласының тұрғындарына ашық, демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі – егіз ұғымдар екенін, бірінсіз бірінің өмір сүре алматынын естен шығармауымыз керек екендігін түсіндіру үшін жастар арасындағы құқықтық тақырыптар аясында мақала жариялап отырмыз. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет. Біріншіден, құқық қорғау мен мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қаматассыз ету саласындағы ұйымдық және заңнамалық шараларын жетілдіру жөніндегі іс – қимылдарын үйлестіруді күшейту керек. Екіншіден, өз назарымызды жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсу проблемасына аударып, мұны кеміту шараларын қолдану міндет. Үшіншіден, өзіміздің құқық қорғау органдарымызға есірткі қылмысы мен ұлтаралық қылымыс секілді қателіктерге қарсы күресу үшін қосымша ресурстар мен құралдар беруіміз қажет. Төртіншіден, елімізде құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жасақталып, жұмыс істеуін қамтассыз ету, бұл іске жұртшылық пен халықты кеңінен тарту керек.

Жастар арасындағы құқық бұзушылық, әлеуметтік жұмыстағы көкейкесті мәселелер
Девианттық мінез – құлықтың өткір формасына заңды тұрғысынан жауапкершілік қарастырылған құқық бұзушылықтар, яғни мемлекеттік немес қоғамдық не жеке меншікке, азаматтардың құқығы мен бостандығына, басқарудың бекітілген тәртібіне қол сұғатын құқыққа қарсы әрекеттер жатады.
Барлық құқықты бұзушылық қылмыс пен теріс қылықққа бөлінеді. Юристік тұрғыда бір жағдайда – құқық нормаларын бұзуға қатысты болғанымен, бұлар әртүрлі түсініктер. Олардың айырмашылығы қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты. Егер жеке тұлғаның әрекеті қоғамдық қауіпті деп қылмыстық құқыққа тиым салынса, онда қылмыс болып табылады. Теріс қылық – қылмысқа қарағанда, қоғамдық қауіпті сипаты жоқ, қылымыстық заңда қарастырылмаған, қоғамдық зиянды әрекет. Теріс қылықтар қылмыстан басқа, азаматтық, әкімшілік, еңбек және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі. ТМД елдерінің қазіргі даму кезеңі құқық бұзушылықтың, соның ішінде қылымыстың барынша өсуімен сипатталады. Бұл процестің ерекшелігіне жастар қылмысының, соның ішінде жасөспірімдер қылмысының «ерсектерге» қарағанда жылдам қарқынды өсуі жатады. Статистика мәліметтері бойынша, Қазақстандық қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың көпшілігінің жасы 18 – 29 жаста екен, ал әрбір оныншы 18 жасқа толмаған.Мамандар жастар ортасындағы криминализацияның мынандай алаңдаушылық туғызатын үдерістерін көрсетеді: қазіргі уақытта жастар мен жасөспірімдердің қылмыс белсенді түрде өршіп келеді. Ол жастардың негізігі әлеуметтік – демографиялық, аймақтық және кәсіптік – білім беретін аспектіліріндегі топтарын қамтиды. Жастар жұмыссыздығының өсуіне қарай жастардың ештеңеге тартылмаған топтарының арасынан криминалдық әсерге бейім топтар қалыптасып келеді. Жастар қылымыс «жасырып» келеді: криминогендік әсерге бейім «қауіпті» жасқа жеке бас дамуындағы маңызды кезең 15 – 16 жас аралығы жатады; жасөспірімдер арасындағы қылмыс өсіп келеді, олардың істері Қылмыстық кодексте қаралғанымен, оларға 14 жас толмағандықтын қылмыстық іс қозғалмайды немесе тоқтатылады.Жастардың әйелдер бөлігінің қылмысы, әсіресе нашақорлық пен жезөкшелекке байланысты қылмыстар үлесі өсіп келеді.Жастар қылмысының құрамында ауыр қылмыстар: қасақана кісі өлтіру, тонау, қарақшылар, үлесі өсіп келеді. Жастар қылмысының топпен жасалатынын саны өсіп отыр, жастардың асоциалдық сипатындағы бейресми бірлестіктерінің құқыққа қарсы жағына қатысты әрекеттері өз шеңберін кеңейтіп келеді. Бақылаусыз қалаған жасөспірімдер қылмыстық әлемді өздеріне сіңірген жартылай криминалдық топтарға бірігеді.
14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар ересектердің құқық бұзушылықтары сияқты қасақана, зорлық жасау арқылы жасайтын құқыққа қарсы мінез-құлықтарға барады. Кейбір криминологтардың пікірлерінше, көрсетілген жастағы жас адамдардың арасында кеңінен тараған “типтік” қасақана құқық бұзушылықтарына-жастар арасында сәнді болып есептелетін заттарды (радиоаппаратура, “дүңгіршіктерден” шарап, темекі заттарын және т.б.) ұрлау, автокөліктерді ұрлау; зорлық арқылы жасалытын құқық бұзушылықтарға – денеге жарақат жасау арқылы жасалатын жастар арасындағы “талқылаулар”, сексуалдық зорлау. Сонымен қатар, жасөспірімдердің қылмыстарының сапалық құрамы кеңейіп келеді, оларға дәстүрлі қарақшылықтар мен тонаулардан басқа бопсалау мен қорқытып ақша талап етулер жатады. Кәмелетке толмағандардың қылмысы мыналардан тұрады. Жоғарғы жасырындылығы (қылмыстардың толықтай анықталмауы), себебі:жасөспірімдерден зардап шеккен ересектер көбіне ол туралы құқық қорғау органдарына хабарламайды;қылмыстың басты бөлігі ” жариялылық”, “сатып кету” сияқты түсініктер қоштала бермейтін, арнаулы қарым-қатынас орнаған орталарда жасалады;құқық қорғау органдарының аса жұмыс бастылығының кесірінен одан гөрі жеңілдеу деп есептелетін жасөспірімдер жасаған қылмыстар әдетте тіркелмей, қарастырылмай қалады;
Олармен күрес жүргізудің (ересектер қылмысына қарағанда) “сезімталдығының”, оның отбасы,тәрбие мекемелері, әлеуметтік қызметтер тарапынан бақылау деңгейінің жоғары дәрежеде болуы.Осы қарастырылып отырған жастар девиациясы саласында жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагог жастар қылмысының жоғарыдадағы тенденцияларының себептерін білулері қажет.Жастар ортасындағы криминалдық процестердің күре тамыры посткеңестік елдердің қоғамдық өмірлерінің көптеген салаларына енген. ТМД елдерінің Мемлекет аралық статистика комитетінің бағалауынша жалпы қылмыстың, соның ішінде жастардың қылмысының өсуіне барлық факторлардың ішінде негізгі рөлді жүргізілген реформаларға байланысты туындаған теріс факторлар орнайды екен. Сол факторлардың ішіндегі ең деструктивтісі, жалпы қоғамға да, криминалдық жағдайларға да, әсер ететін, капитал мен қаржының жеке тұлғалардың қолдарында жоғарғы деңгейде шоғырлану қарқыны болып табылады. Бұл халықтың жеке топтарының арасындағы әлеуметтік теңсіздік пен атногенезмді туғызып қана қойған жоқ, криминалдық тәжірбиесі бар және қылмыс әлемімен байланысы орныққан жаңадан пайда болған бизнесмендердің арасындағы әсер ету салалары үшін күрестің өршуіне әкеп соқты.
Жастар қылмысның өсуіне жағдай жасайтын және өркендеуінің қолайлы ортасына көптеген азаматтардың, отбасылардың кедейшіліктің алдында тұруы, олардың материалдық қамтамасыздығы, жұмыссыздықтың, инфляцияның, тұрмыстық қажетті тауарлардың бағаларының өсуінің қайыршылық жағдайға әкелуі жатты. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстандағы бай мен кедейге экономикалық жағынан қабылданған шектен асып кетті. Мұндай бөліну қалыпты емес, ол қоғамның экономикалық тұрғысынан сауығанына кедерге болып, әлеуметтік ширығудың көзі болып табылады. Тонау мен ұрлық жасаудың себептерін атағанда жас қылмыскерлердің оны «байларды шешіндіру» деп атауы да тегін емес. Қазақстандағы қасақана және мүлікке жасаған қылмыстардың үлесі олар жасаған барлық қылымыстың 87 % – ын құрайды екен. Көптеген жас алдамдар құқықты бұзбай –ақ «криминалдық табалдырықтан» ойша өтіп те алды: олардың ішінде үштен екі бөлігі құқық бұзуға мүмкіндіктері барлығына сенсе, үштен аса бөлігі оны өздерінің болашақта жасауы мүмкін деп есептейді. Ақша табу жолында олардың көпшілігі заңды бұзып табуға болатынына төзімділікпен, немқұрайлылықпен қарайды, тіпті қолдау көрсететіндері де бар.


Жастар арасында болып жатқан құндылықтарды бағдарлау реформациясы заңдылықты ұстанудың, өз еркін, күштілігі мен қаталдығын бекітудің алғы шарты болып табылады, өйткені аморализация мен қылмыс арасының жігі алде қайда қозғалмалы. Оның үстіне, осы моральдық нормаларды теріске шығару жас адамдардың көптеген қылмыстарының негізіне жатады.
Қоғамдағы, соның ішінде жастар ортасындағы «қоғами адамгершіліктердің қатаңдану» процесі, құқықтық нигилизмнің күшейюімен заңға деген нем құрайлық, өмірілік проблемаларды шешуде күш қолдау мүмкіндігін ұстанудың қалыптасуы, құқықтық білім берумен қорғаудың тиімді жүйесінің жоқтығы, жастарға адамгершілік және құқықтық тәрбие беруде білім беру жүйесінің әсерінің әлсіздігі – осының барлығы жастар арасындағы криминогендік әсердің өсуіне барынша жағдай жасайды.Жастарды криминализациялаудың тағы бір салмақты факторына қоғамда көптеген маргиналдық жіктер мен топтардың пайда болуы жатады, бұл жағдай оларды қылмыстың әлеуеттік қорына айналдырады. Бұл – қараусыздар, «бомждар», жезөкшелер, қайыршылар, алқаштар, нашақорлар. Осы проблема миграциялық процеске жасалатын бақылаудың әлсіздігінен өрши түседі, ол процесс ауылдық жерлердегі әлеуметтік – экономикалық жағдайға байланысты туындаған ауыл жастарының қалаға қарай ағылуынан болып отыр. Мысалы, Алматының өзінде – ақ 1997 жылы 50 мыңнан астам адам тұрақты мекен жайсыз, өмір сүрудің тұрақты көзінсіз жүрді. Осыдан – ақ криминалдық ортаның қандай қорға сүйенетінін білуге болады.

Жастардың әлеуметтік қауіптік тобының әлеуметтік толысуы мен ересектер тобына енуі кезеңінде теріс қылықтарға бейімдеуі ерекше болады, өйткені бұл уақытта олардың психикасы тұрақсыз, әрі мінез –құлықтары қалыптаспаған болып келеді. Алқаштардың, нашақорлардың, рецидивистердің балалары өздерінің осы отбасында дүниеге келуімен – ақ қауіпті топтың аса ауыр тобына жатады, олардың болашақта қылмыскер болуы қалыпты отбасына балаларына қарағанда 3 – 4 есе жоғары. Қауіпті топтарға толық емес, отбасынан шыққан, жалғыз шешесі мен немесе әкесімен тұратын балаларды да жатқызуымызға болады. Әкесі болсын, шешесі болсын заңды жоғары ұстанатын және ішімдікті аузына азаматтар болса да, бұл балалар үшін, екі ата –анасымен де тұратын балаларға қарағанда, қылмыскер ортасына түсу мүмкіндігі 1,5 есе жоғары. Одан да басқа «… әл –ауқаты жоғары, толық огтбасыларынан шыққан балалардың өздері мінез –құлықтары мен психикасында, қолайсыз жағдайларда қайғыға ұшыратуға апаратын, ерекше белгілерге ие болғанда, қауіпті топқа жатқызылуы мүмкін» деген осындай пікірлер де орын алған. Бұл мынандай балалар: басқа дамға жаны ашымайтын, өзін оның орнына қоя білмейтін; еңбек ете білмейді, не оны жақсы көрмейді, оның күрделенген нұсқасы: олар сонымен қатар өмірдің деңгейіне жоғары талаптар қояды; қорқақ және дербес емес, өзінің қадір – қасиетін бағалай білмейтін, көсбасшылардың басқаруында қалатын; эмоцианалды дамымаған, беріліп жақсы көру мен тереңінен сезіне білу қасиеттері жоқ; өзінің қылықтарының саналы түрде бағалай алмайтын, түк құрымаса, алдыңғы күнін болжай алмайтын; рухани және мәдени қызығушылықтары жоқ, оның барлық қажеттіліктері түкке тұрғысыз нәрселердің маңайына шоғырланған: дәмді тамақ ішу, «видик» көру, керемет «прикид» кию, «клевый» дос немесе құрбы тауып алу;қызғаншақ өзгенің табысы мен қуанышына қуна алмайтын.
Қазақстандық заңгер М. Нарықбаевтың жастар қылымысына әсер ететін жас адамның әлеуметтік – психологиялық мінезіне қатысты пікіріне келер болсақ, жас адамдар жасамайтын зорлық жасап істеген қылмыстың өсуінің проблемасына талдау жасай отырып, ол ересектерге қарағанда жастар әдетте, еріктері төмен дамыған қабылдағыш, мінездері үлкен конформизмді болып келеді деген. Жастарды әлі де болса өзіндік қалыптасып қалған көзқарастары мен қағидалары жоқ, олар қоғамға қарсы элементтердің теріс әсерлеріне тез елігіп кетеді. Адамның жас кезінде мінезінің және темпираментінің тұрақсыздығы зор рөл атқарады. Жастар да қызулық пен қозғыштық басым болады да, өмірлік тәжірбие арқылы бекітілетін және құрылатын ұстамдылық сияқты салмақты дағдылар аздау. Бұл жастағы тұлғалардың өздеріне тән ерекшеліктеріне ауыр зорлау арқылы жасалатын қылмыстарды бұзықтықпен жасауы жатады. Мұндай бұзықтықпен жасаудың себебіне өзін көрсетуге деген гипертрофирленген ұмтылыс, көп жағдайда оның әрекетін өз қалауынша жұмсаған басқа адамдардың осы әрекетке деген бағасын, реакциясын жатқызуға болады.
Жас құқық бұзушылардың құқықа қарсы мінездерінің табиғатын, сипатын түсіну үшін қоғамға қарсы теріс қылықтың қалыптасу процесінің механизмін білу де маңызды. Адамның кез – келген мінезі, соның ішінде қоғамға қарсы мінездері орта мен жеке адамның өзара әрекеттестігінің формасы деп есптесек, онда оны мынадай кезеңдерге бөлуге болады: қоғамға қарсы бағытталған жеке адамның қалыптасуы;субъектіде қоғамға қарсы теріс қылық жасауға нақты шешім қабылдауының қалыптасуы; бұл теріс қылықты жасай отырып, осы шешімді жүзеге асыру және оның зиянды салдарының болуы.
Осы кезеңдердің әрбірінде жас адамның сыртқы ортамен өзара әрекеттестігі әртүрлі. Бірінші кезеңде орта жеке бастың ұстанымдары мен құндылықтарына әсер ете алады. Жас құқық бұзушылардың жеке басының қалыптасу процесін зерттегенде көбіне субъект осы тұста қолайсыз өмірлік жағдайларды бастан өткіздіктен, оның жеке басының қалыптасуы, соның ішінде өзін өзі тәрбиелеуі қарама- қайшы, көбіне теріс қалыптасатынын көруге болады. Екінші кезеңде – шешімдерді қабылдауды қоғамға қарсы теріс қылықтар шешеді – ортамен өзара әрекеттестігі субъектінің санасына орта анықтап берген мінездердің қалыптасумен көрінеді. Орта мен өзінің теріс қылықтары моделі құрылады да, оны бағалай отырып жас адам белгілі – бір шешімге келеді. Үшінші кезеңде – субъект белсенді теріс қылық жасаушы ретінде көрінеді, ол ортаға қоғам үшін теріс бағыттан әрекет етеді де, құқық бұзушылықтар, қылмыс жасайды.
Қоғамға қарсы теріс қылықтардың қалыптасуының бұл кезеңдері ұзақтығына қарай әртүрлі. Қылмыстық статистика көрсетіп отырғандай, жеке тұлғаның қоғамға қарсы бағыты ұзақ уақыт қалыптасады екен, әдетте ол жылдар бойы қалыптасады, ал кәмелетке толмағандардың қылмысын зерттегенде, бұл процестің орташа ұзақтығы шамамен екі жыл деп көрсеткен.
Шешім қабылдау одан аз уақытты алады. Бұл жағдайларда ол күндермен, тіпті минуттармен өлшенеді. Ол қабылдайын деп отырған шешімдерге де байланысты. Сондай –ақ, үшінші кезеңнің – теріс қылықты физикалық тұрғыда жүзеге асырудың да ұзақтығы әртүрлі. Ол көздеп атуды қажет ететін бірнеше секундтан бірнеше күнге дейін созылады.
Әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкердің әрекет етуінің негізінде ең алдымен, жоғарғы да аталған кезеңдердің біріншісі, яғни қоғамға қарсы теріс қылықтарының қалыптасу процесі болып табылатыны түсінікті де, сондықтан осы бағыттағы профилактикалық жұмыстардың тиімді жүргізілуі жеке тұлғаның дамуындағы кемшіліктері ерте анықтауға әсер етеді. Осыдан психологтар, педагогтар, криминологтар, әлеуметтік қызметкерлер құқық бұзушылар шығуы мүмкін деп балалық және өспірімдік шақтарға үлкен назар аударады. Құқық бұзушылықтардың алдын – алу бойынша жүргізетін әлеуметтік қызметкердің әрекетінің стратегиясы мен тактикасын жасауда негізгі айқындама ретінде психологтар мен криминологтардың кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды жіктеуді алу керек. Жастар қылмысы саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің әрекеттерінің келесі бір құрамдас бөлігіне – құқық бұзған, сол үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан жас адамдармен жұмыстар жүргізу жатады.
Д.И. Фельдштейн жасөспірім – құқық бұзушыларды, жеке бастарының қоғамға қарсы бағыттылығының дәрежесін есепке ала отырып, бес топқа бөледі.
Бірінші топтың өкілдері қара дүрсін, аморальдық қажеттіліктері бар, қоғамға қарсы көзқарастары мен түсініктері қалыптасқандар болып сипатталады. Оларда жолдастық, батылдық сияқты түсініктер теріс қалыптасқан, ұят сезімі жоқ. Олар өзімшіл, ызалы, агрессивті, басқалардың қайғысына немқұрайлы қарайды. Жасаған құқық бұзушылықтарын саналы түрде сезіну, еңбекқорлықтың жоқтығы және уақытты жақсылық өткізуге ұмтылыс, жалқаулық, пайдакүнемдік осы топтағы жасөспірім – құқық бұзушыларға тән ерекшеліктер болып табылады. Мұндай жасөспірімдерді түзету үшін қойған мақсаттарға жетуге деген жігерлерін, көзге түсуге деген ұмтылыстарын, жартылай өздерінің әлеуметтік толықтай қалыптаспағандарын саналы сезінулері пайдаланып қоғамдық – пайдалы еңбекке ұсынылады.
Екінші топты сұраныстары бұзылған, бірінші топтағыларға еліктеуге тырысатын жасөспірімдерді жатқызуға болады. Олар дарашылдар, бейімсіздер, әлсіздер мен кішілерге ғана әлдері келетіндер. Оларға импульстілік, тұрақсыздық, көңіл – күйдің тез ауысуы тән. Олар құқықты негізінен жағдайға қарай аяқ астынан туындай қалған жеке себептерінің бағыттылығына қарай бұзады. Бұл топтағы жасөспірімдерге өзін – өзі асыра бағалау сезімі, қулық, өтірік айту, шыжбалақтық, қырсықтық, адамдарға деген сенімнің болмауы тән. Қайтадан бұларды тәрбиелеу үшін қоршаған ортаны және ол үйренген мінез – құлық формаларын өзгерту маңызды, оларға деген сезімді білдіру керек, жетістіктерін қолдап, тек бағынуды ғана емес, басқара білу керектігін түсіндіріп, оған дағдыландыру қажет.
Үшінші топтың құқық бұзушы – жасөспірімдері үшін бұзылған және теріс қажеттіліктер мен көзқарастар арасындағы қарама – қайшылық тән, бірақ соңғысы олардың мінездерін реттемейді. Ләззат алуға деген өзімшіл ұмтылыстар мен жігерсіздік, жағдайға қарсы тұра аламаушылық оны ассоцияналдық қылықтар жасауға итермелейді. Оларды тәрбиелеуде қарқынды және ширыққан еңбек әрекеті, өзін көрсетуге мүмкіндік беретін жұмыс пайдалы болып табылады.
Төртініші топқа қажеттіліктері әлсіз бұзылған жасөспірімдер жатады. Оларға жігерсіздік, еліктегіштік, жеңілтектік, өз күшіне сенбеушілік, өзінен күштірек құрдастарына жарамсақтану тән.
Бесінші топтың өкілдері – құқық бұзушылық жолға кездейсоқ түскен жасөспірімдер. Олар еңбекқор, тыңғылықты, бірақ жігерсіз, микро ортаның әсеріне тез елігіп кететіндер. Соңғы екі топтың жасөспірімдердің қалыпты өмірге қызығушылықтарын оятып, болашығының жақсаруына жағдай жасап, пайдалы іске тарту маңызды. Оларға жүйелі бақылау жасап, әрекеттеріне баға беріп, жеке жауапкершіліктерін ояту керек.
Келтірілген құқық бұзушы – жасөспірімдерді жіктеуде негізгі белгі ретінде қажеттіліктердің бұзылуы мен оның дәрежесінің көрсетілуі тегін емес. Егер жас құқық бұзушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына талдау жасаса, онда көпшілігінің қарапайым қажеттіліктерінің шектеулі екенін көруге болады, олардың рухани байлықтар дамымаған, қызығушылықтары көп жағдайларда қарапайым, әрі бір жақты. Жас адамдардың қылмыстық мінез –құлқын зерттегенде бұрмаланған қажеттіліктеріне талдау жасау, басқаша айтқанда қажеттіліктерінің бұзылуына талдау жасау өте маңызды. Көптеген бұрмаланған қажеттіліктер заңды дәріптейтін адамға тән қажеттіліктер тобына ( материалдық, әлеуметтік қарым – қатынас, танымдық және т.б.) да тән, бірақ олар өзінің мазмұнына қарқындылығына байланысты ерекшеленеді.
Қазақстандағы Маңғыстау облысында жастардың, әсіресе, мектеп қабырғасында жүрген жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын қылмыстың арта түсуі жергілікті билікті алаңдатып отыр. Мысалы, Ақтау қаласы бойынша былтыр 92 қылмыс тіркелсе, биыл жыл басынан бері оқушылардың қолымен төрт қылмыс жасалған. Үстіміздегі жылдың көрсеткіші бойынша жасөспірімдер қолымен жасалатын ауыр қылмыс өткен жылмен салыстырғанда біршама көбейіпті.
Оның бір себебі, білім беру орындарындағы тәрбие жұмыстарының төмендігінде болса керек. Осыған орай, құқық қорғау органдарының, білім беру мекемелерінің қызметкерлері тағы да басқа жауапты орындар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда мектептер мен колледждердегі тәрбиелік жұмыстарды жетілдіру туралы ұсыныстар айтылды.
Қазіргі мәлімет бойынша, облыс халқының 29 пайызын жастар құрайды. Аймақта жастар саясатын қолдайтын көптеген ұйымдар ашылып, түрлі орталықтар жұмыс істеуде. «Соған қарамастан, жасөспірімдер қолымен жасалатын ауыр қылмыс түрлерінің көбеюі жастардың қоғамдық санасының өзгергенін көрсетеді» деді дөңгелек үстелге қатысқандар. Тәрбие басы – отбасынан басталатынын баса айтқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қылмыстық оқиғалар көбіне ата-ананың қадағалауынсыз, бақылауынсыз қалған жастардың қолымен жасалғанын жеткізді. Өткен жылғы мәлімет бойынша, 1200-ден астам ата-ана бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биылғы жылдың басында қаланы шулатқан қайғылы оқиғаға да туған күн кешін үлкендердің қатысуынсыз өткізуге рұқсат берген ата-аналар кінәлі. Себебі төбелеске қатысқан жасөспірімдердің тәртібі мен мінезі, үлгерімі мұғалімдер тарапынан «жақсы» деп бағаланып келген.
Жиын барысында «жастар арасындағы қылмысты азайту үшін білім беру мекемелеріндегі оқу бағдарламасына бірлік пен татулықты, достықты және ұлттық тәрбиені жастар бойына сіңіру туралы өзгерістер енгізу» деген ұсыныстар айтылды. Себебі соңғы кездері жастардың құқықтық білімін жетілдіру үшін жауапты мекеме өкілдерінің қатысуымен кәмелет жасына жетпеген жастар мен олардың ата-аналарымен кездесулер өткізуге мән беріле бастапты. Жақында сондай кездесулердің бірі №14 мектепте өтті. Мектеп оқушылары қалалық ішкі істер басқармасы мен жас кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесті. Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, облысымызда өткен жылы жасөспірімдердің қатысуымен жасалған ауыр қылмыс түрлері көбейіп отырғанымен, жалпы қылмыс саны 21,6 пайызға төмендепті. Былтыр 109 қылмыс жасалса, оның 60 пайызы ауыр қылмыстар. Қылмыстық оқиғалар көбіне қоғамдық жұмыспен айналыспайтын, бос жүрген жасөспірімдердің қатысуымен орын алады екен. Спорттық үйірмелерге қатысып жүрген жасөспірімдердің айтуынша, рухани әлсіз балалар, өз күштеріне сенбегендіктен, суық қару қолдануға бейім келетін көрінеді. «Тәрбиелік мәні зор мұндай кездесулер алдағы уақытта барлық оқу орындарында жалғасын табады».
Жастар қылмысы саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің әрекеттерінің келесі бір бір құрамдас бөлігіне – құқықты бұзған, сол үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан жас адамдармен жұмыстар жүргізу жатады. Бүгінде кеңінен таралған жазаның түріне кінәліні қоғамнан мәжбірлеп бөлектеп, құқықтық шектерден тұратын басбостандықтарынан айыру жатады. Басбостандығынан айырылуға сотталғандар жазаларын түзету және тәрбиелеу колониясында өтейді.
Жазаны өтеу орындарында жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар:олар жабық және бөлектенген мекемелерде жүзеге асырылады;оның обьектісіне әлеуметтік жағынан жағдайсыздығы жоғары индексті және стреске бейімдігі жоғары тұлғалар жатады;«түрме персоналы» және «түрме әлемі» деп аталатын менталитетке негізделген этико – құқықтық тұжырымдарға қарсы келу антогонизмінің жағдайында жүргізіледі;ол жазаны өтеп болғанннан кейін де тоқтатылмайды, себебі бұрынғы қамаудағы адам сыртқы ортаға бейімделуі қайта әлеуметтендіруді қажет етеді.
Бас бостандығыннан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін қалыпты әлеуметтік ортаға қалыпты жағдайларға қайта бейімделу процесі өте күрделі құбылыс, интеллекті, құқықты сезінуі, мораль, білімі, мамандығы, еңбек дағдылары т.б жатады. Басты рөлде мұнда отбасы ойнайды. Егер сотталған отбасының әл –ауқаты жақсы болса, ол әлеуметтік бейімделуі үшін оңай болады, ол жұмысқа орналасуға немесе оқуға көп септігін тигізеді. Егер отбасы қандай да бір себептермен жазасын өтеу орындарынан келген ұлына немесе қызына қатысты өз міндеттерін орындай алмаса, онда мұндай отбасыларымен шаралар кешенін қолданған дұрыс.
Теріс жолға түсіп кеткендерге қолдау көрсеткен әлеуметтік қызметкер оның отбасына әсер етіп, онымен дұрыс қарым – қатнас орнауына жағдай жасауы керек, ол әлеуметтік оқшаулануды жеңуге, жаңа әлеуметтік топтарға ықпал етуіне көмектеседі.


Қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс.
Жастар ортасындағы теріс мінез – құлық қалыптарының кеңінен тараған түрлеріне қараусыздық пен қаңғыбастық жатады. Бірінші түсінік жастар ортасындағы жасы кіші – балалар және жасөспірімдерге қолданылады, екіншісі олардан ересектегі жастар тобына қолданылады.
Қараусыздық, қараусыз өткен балалық – кең тараған, күрделі қоғамдық апат. Қараусыз қалғандар – педогогикалық бақылаумен қамқорлықтан шет қалған, қоғамдық өмірілері денсаулықтарына зиянды жағдайларда өмір сүретін жасөспірімдер. Қараусыз қалғандар деп ата – анасынан ( немесе қамқорлығынан ) және үйлерінен айырылғандарды ғана есептемеу керек. Егер ата – аналары ( қамқоршылары ) балаларына тамақ бермей, қатал ұстап, өзі үлгі көрсетіп қылмыс жасауға итермелесе, мұндай ата – аналардың балалары да қараусыз қалған болып есептеледі.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі қаңғыбастық жастардың өкілдерін ғана емес, олардан да ересек адамдарды қамтиды. Ол тұлғалардың белгілі бір тұрағынсыз еліміздің аймағында, болмаса жергілікті жерден, қаладан тыс жерлерде ұзақ уақыт бойы қаңғырып жүруімен сипатталады. Қаңғыбастық қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық әл –ауқатсыздықтың көрсеткіші болып табылады. Ұзақ уақыт бойы қаңғыбастық тәртіп жүзінде азаматтардың қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуы, паразиттік өмір салтын сүру, әлеуметтік жалқаулық белгілері ретінде қуаланған болатын. 1995 жылы Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 201 1 бабы бойынша қаңғыбастық өмір кешетін тұлғаларды еңбекпен түзету жұмыстарымен жазалау немесе бір – екі жылға бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға тарту да көрсетілген еңбек пен тұрақты орнын ауыстыруға бостандық беру кепілдігіне қайшы келді.
Қараусыздық пен қаңғыбастық – баланың, жасөспірімнің, жас адамның жеке драмасы емес, ол әлеуметтік апат, әлеуметтік қауіп, ол мыналардан көрінеді:алғашқы қоғамдық ырғақтан ( оқу, еңбек ) үлкен адамдар тобы қысқартылады, қоғамның еңбек және білім беру әлеуеті азаяды, себебі қараусыз қалғандар мүлдем оқымайды, көпшілігінің білімдері орта және арнаулы орта; қылмыс үшін және криминалдық факторға қолайлы орта қалыптасады: мамандардың ойынша, 85% қараусыз қалғандар мен 35 % «бомждар» суық қаруға ие, олар көптеген төбелес, ұрлық, тонау, ауыр қылмыстардың қатысушылары; әлеуметтік «түпте жатқан» өкілдердің антисанитарлық жағдайлада өмір сүруінен олар көбінесе әртүрлі аурулардың құрбандары, әрі тасушылары
болып келеді: мемлекет қаңғыбастықтың санитарлық – гигиеналық аспектілерімен айналысуға мәжбүр болып отыр.
Қараусыз қалған және «бомждарға» айналған жас адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырмастан бұрын, қараусыздықты болдырмау, қаңғыбастықты барынша шектеу үшін олардың пайда болуын макро және микросоциалдық деңгейде себептерін білу өте маңызды. Әлеуметтік – экономикалық себептерге ұзақ уақыт бойы еңбек салтын бұзатын және адамдардың бұзылуына әкеп соғатын мынандай факторлар жатады: экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, аштық, эпидемиялар, әскери жанжалдар әсерінен болатын үдемелі миграциялық процестер.
Әлеуметтік – экономикалық себептердің салдары болып есептелетін әлеуметтік – психологиялық себептер ең алдымен отбасындағы дағдарыспен, айырылысудың көбеюімен, ата – анасының бірінен айырылу, отбасындағы көңіл – күйдің ширығуы, балаларға қатал қарау, денесіне жарақат салардай жазалау, кейде ересектер тарапынан сексуалдық зорлаулармен байланысты. Сонымен қатар, жиі кездесетін факторларға маскүнемдік пен алқаштық, таксикомания, нашақорлық жатады.
Қараусыздықтың психологиялық себебіне жасөспірімдер арасында психофизикалық аномалияның, асоциалдық мінез –құлық белгілерінің, кері қылықтарға бейімділік, қылмыстық романтикаға қызығушылық сияқты құбылыстардың өсуін жатқызуға болады. Кейбір ғалымдар оларды генетикалық бейімделуден болған дейді. Болашақ ұрпақтың 3 – 4% осыларға жатады деген болжау бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы