ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ

322 көрілім

Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық , зайырлы , құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Осы ретте Түркістан қаласы азаматтарының  құқықтық сауаттылығы арттыру мақсатында  «Керек кеңес» айдары аясында бірнеше ақпаратты назарларыңызға ұсынбақпыз.

Сондай-ақ , Қазақстан Республикасының  Конституциясының   1-бабында : «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам  және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» — деп  баян етілген. Азаматтық  қоғам мен  құқықтық мемлекеттің  қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың  құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам  құқығының  мәдениеті . Адам құқықтары  туралы  ақпаратпен  жүйелі  қамтамассыз  етудің  қажеттілігі  маңызды  екенін  ескерсек , онда бұл салада  адам  құқығы  мәдениетін  қалыптастырудамаңызды  құралдардың  бірі – білім  беру  ұжымдары  десек  қателеспейміз. Қоғамның  ең  өзекті  мәселелерінің  бірі  — қылмыстың , құқық  бұзушылықтың алдын алу. Бұны  бүгінгі  таңда  барлық  деңгейдегі  шенеуніктерден  бастап , құқық  қорғау  органдары  қызметкерлері , ұстаздар мен  ата- аналар , азаматтарда  түсінуде .

Құқық  бұзушылық  жөнінде  «Құқық бұзушылық  дегеніміз – адамның  қоғамға , мемлекетке  немесе  жеке  тұлғаға  зиян  келтіретін , соңы  заң  алдындағы  жауаптылыққа  апаратын  құқыққа  қайшы  әрекеті  немесе  әрекетсіздігі» , — деп көрсетілген . Қоғамда  тәртіп  орнамаса , ол  құлдырайды , яғни  келешегі  болмайды . Бұл  бәрімізге  белгілі  және  оны  жақсы  түсінеміз. Дегенмен,  қоғамда  қоғамдық  тәртіпті  бұзуға  бейім  азаматтар  да  кездеседі  және  бұл – құқық  бұзушылықтың  орын  алуына  әкеп  соқтырады , сондықтан  құқық  бұзушылық  — қоғам өміріне  тән  қауіпті  дерт . Құқық  бұзушылықтың  себептеріне  қатысты  ерте  заманнан  осы  күнге  дейін  әр  түрлі  пікірлер  айтылып  келеді .Солардың  ішінде  құқықтық  нормаларды  бұзуына  ең  алдымен  әлеуметтік  және  биологиялық  жағдайлар  әсер  ететінін  байқауға  болады . Жастар  арасында  құқық  бұзушылықтың  алдын  алуға , қоғамдық  тәртіпті  сақтауға , заңды  жауапкершілікті   сезінуге  өз  үлесін  қосатын , атсалысатын  суъектілердің  бірі – оқу  орындары  болып  табылады . Оқу  орнында  жасөспірімнің  азаматтық , патриоттық , адамгершілік , салауаттық  , құқықтық, мәдени , шығармашылық  т.б.  қасиеттерін  дамыту  және  қалыптастыру  процесі  жүзеге  асырылады . Бұл  ұжым  мүшелеріне  үлкен  жауапкершілік  пен  міндет  жүктейді . Құқық  бұзушылық  пен  келеңсіз  жағдайларды  барынша  болдырмау  және  алдын  алу ,  оның  зияндылығы  мен  қауіптілігін  түсіндіруде – өскелең   ұрпаққа  құқықтық  тәрбие  беру,  оның   мақсат – міндеттерін дұрыс  түсіндірудің  маңызы  ерекше .

Құқықтың тәрбие негізгі отбасынан басталады. Білімгерлердің тәртіп бұзудың бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы:маскүнемдікпен күн өткізген,ұрыс-керістен көз ашпайтын,басқалардың, мемлекеттің есебінен теріс жолға барып қалғысы келетін отбасылар бар. Осындай отбасында өскен балалардың оқуға,еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тәрбиеленген бала өзімшіл болады, қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады.

Жастарды құқықтық  салауаттылыққа  тәрбиелеу – олардың  қылмысқа  ұрынбауына , өздігінен  өмірдегі  мәселелерді  шешуде  дұрыс  шешім  қабылдауына  , келеңсіз , жағымсыз  жағдайлардан  тартынуына , қоғамға  пайдалы  іспен  шұғылдануларына  жәрдемдеседі .Көп  ұлтты  тәуелсіз  мемлекетті  нығайту , өскелең  ұрпаққа  адамгершілік , патриоттық , азаматтық  тәрбие  беру  біздің  баршамызға  міндет  екенін  өмірдің  өзі  дәлелдеп  отыр . Құқықтық  тәрбиені  ұстаздар  қауымы  ата- аналармен , құқық қорғау  органдары  қызметкерлерімен , салауаттылық  және  денсаулық  сақтау  мекемелерімен , спорттық  ұйымдармен , қоғамдық  бірлестіктермен  бірлесіп , тәрбиенің  өзге  түрлерімен  байланыстырып  жүйелі  жүргізер  болса, нәтижелі  болмақ . Оқу  орны  мен  отбасында балалар  әлеуметтік  іс – әрекеттің  алғашқы  дағдыларын  қалыптастырып  адамгершілік , әдеп , заңды  мінез – құлық, орынды  әрекет – қылық , құқықтық  нормаларды  меңгере  бастайды. Құқықтық  тәрбие  беру  баланың  жеке  тұлғасын  қалыптастырып , олардың  бойына  жоғары  идеялық  пен  қоғамдық  меншікке  қатынасты  көзқарасты  дарытудың  асыл  міндеттерін  атқарады . Мемлекетіміз  жастарға  құқықтың  тәрбие  беру  ісіне  үнемі  маңыз  беріп  келеді . Қазақстан  заңдарына  терең  құрмет  сезімін  қалыптастыру , оларды  сөзсіз  сақтау  және  орындау – ұзақ уақыт  тәрбие  жұмысын  жүргізудің  жемісі . Көбіне  құқықтық  сананың  төмендегі , материалдық  және  рухани  игіліктердің  не  екенін  жөнді  түсінбеушілік  қоғамға  жат  қылықтарды  туғызады. Сондықтан  да  әр оқушының  санасына  құқықтық  нормаларды  жеткізу, жеткізіп  қана  қоймай  оның  күнделікті  мінез – құлық  нормасына  айналдыру  үшін  күресу  құқықтық  тәрбиенің  міндеті  болып  табылады.                                                     Заңды білмеу-құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу,оны бұзу жауапкершіліктен құткармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек.Құқықтық мәдениет білімгерден  жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.Адамның құқықтық мәдениеті-күрделі психологиялық құбылыс.Бұл құбылыс қоғамның ,мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді.Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі –орынды тәртіп пен мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.

Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз— орынды тәртіп пен мінез-құлқы, жан-жақты құқықтық білімдері мен заңды құрметтеу, құқықтық қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.

Құқықтық құрметтеу, әділдікті,борышты,жауапкершілікті,заңдылықты,сезіну-адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.

Бауыржан Момышұлы атамыз «Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды» деп айтқандай қаншада Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға,өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып,бүгінгі тәрбие сағатымды аяқтаймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы