Түркістан қаласының халқының назарына Адам құқығын қорғаудың жаңа үлгісі үш буынды модель – адам құқын қорғаудың заманауи үлгісі екендігін жеткіземіз.
«Қылмыстық істегі қателік адам тағдырын өзгертетінін естен шығармау керек». Бұл – заңдылық пен әділеттілікті толық қамтамасыз етуді тапсырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында басымдық берген мәселенің бірі. Президент адам құқығын қорғауға бірден-бір жауапты – полиция, прокуратура мен сот өкілеттіліктерінің аражігін нақты ажыратып беретін үш буынды модель құруды тапсырды. «Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек», деп негізгі бағыт-бағдарды да айқындап берді. Президент тапсырмасынан кейін елімізде қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді. Өткен жылдың соңынан бастап ІІМ мен прокуратура осы модель аясында айыптау ұстанымын азайтып, қылмыстық процеске заңсыз араласуды болдырмайтын қанатқақты жобаларын да іске қосты.
Үш буынды модельде полицияның міндеті не? Прокурор немен айналысуы қажет? Сот органдарының мақсаты қандай? Әуелден полиция қызметкерлері қылмысты анықтап, күдіктілерді тауып, айғақ жинаумен айналысады. Ал прокурордың міндеті – осы айғақ-дәлелдемелерге тәуелсіз баға беру, тергеу, анықтау іс-шаралары кезінде азаматтар құқықтарының бұзылуына жол бермеу. Яғни кінәсіз адамның сотталып кетпеуіне, сотта айыптау жағын қолдауға міндетті. Ал судья полиция мен прокурор ұсынған мәліметтерді сараптай келе, соңғы шешім шығарады. Ақты ақ, қараны қара деп үкім кесуі тиіс. Бұл үш органда бұрыннан келе жатқан «жұмыс істеу тәсілі». Мұндай тәсіл Жолдауда да «тепе-теңдік жүйесін нығайтып, әр кезеңде тиімді саралау жүргізіп отыруға мүмкіндік береді» деп бағаланған.
Адам құқығын қорғауға бірден-бір жауапты – полиция, прокуратура мен сот өкілеттіліктерінің ара жігін нақты ажыратып беретін үш буынды модель құруды тапсырды. «Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек», деп негізгі бағыт-бағдарды да айқындап берді.
Президент тапсырмасынан кейін елімізде қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді. Өткен жылдың соңынан бастап ІІМ мен прокуратура осы модель аясында айыптау ұстанымын азайтып, қылмыстық процеске заңсыз араласуды болдырмайтын қанатқақты жобаларын да іске қосты.
Үш буынды модельде полицияның міндеті не? Прокурор немен айналысуы қажет? Сот органдарының мақсаты қандай? Әуелден полиция қызметкерлері қылмысты анықтап, күдіктілерді тауып, айғақ жинаумен айналысады. Ал прокурордың міндеті – осы айғақ-дәлелдемелерге тәуелсіз баға беру, тергеу, анықтау іс-шаралары кезінде азаматтар құқықтарының бұзылуына жол бермеу. Яғни кінәсіз адамның сотталып кетпеуіне, сотта айыптау жағын қолдауға міндетті. Ал судья полиция мен прокурор ұсынған мәліметтерді сараптай келе, соңғы шешім шығарады. Ақты ақ, қараны қара деп үкім кесуі тиіс. Бұл үш органда бұрыннан келе жатқан «жұмыс істеу тәсілі». Мұндай тәсіл Жолдауда да «тепе-теңдік жүйесін нығайтып, әр кезеңде тиімді саралау жүргізіп отыруға мүмкіндік береді» деп бағаланған.
Үш буынды модель – адам құқын қорғаудың заманауи үлгісі. Басқаша айтқанда бұл – полиция, прокуратура мен соттың алдына қойылған жаңа талап. Әрі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сүйенген халықаралық талап. Біз сөзге тартқан үш тараптың өкілі де қылмыстық процестің жаңа форматы құқық қорғау органдарының жұмысындағы айыптау бағытын жоюға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Ал қарапайым халыққа ең қажеті – механизмнің нақты жұмыс істегені.
