«Балаңды есіңе ал – алимент төле!»

338 көрілім

Бұл акция бұрыннан өткізіліп тұрды. Аумақтық сот орындаушылар бөлімі-филиалында сол жылдары алимент өндіру туралы мыңдаған атқару құжаттары тіркеген.

Қала прокуратурасымен аумақтық сот орындаушылар бөлімінде көптеген тексерістер жүргізіліп, нәтижесімен жүзге тарта заң бұзушылықтар анықталған. Сондай-ақ, 1 тәртіптік іс өндірісі қозғалып, 1 сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Түркістан қалалық прокуратурасы ұйымдастырған «Балаңды есіңе ал – алимент төле!» шарасы аясында арнайы бильбордтарға алимент өндіру туралы баннерлер ілініп тұр. Одан бөлек, алимент жөнінде бейнеролик түсіріліп телеарнадан күніне 5 рет көрсетілуде. Түркістан қаласында орналасқан «Қуаныш» орталық базарындағы хабарландыру тақталарына сот ұйғарымымен алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің суреттері ілініп, оларды іздеу шаралары жүргізілуде.

Түркістан аумақтық сот орындаушыларымен 86 борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеулер қойылған болатын. Сондай-ақ, қала прокуратурасы Түркістан аумақтық сот орындаушылар бөліміне Түркістан қалалық сотына Заңның 34-бабы 1-бөлімінің 3-тармағына сәйкес алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы ұсыныс жолданып, Түркістан қалалық сотының ұйғарымымен қалалық салық басқармасына, Түркістан қалалық әділет басқармасына, Түркістан ауданаралық емтихан қабылдау және тіркеу жұмысы бөліміне және басқа да тиісті мекемелерге жолданды. Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерге қатысты қала прокуратурасының бастамасымен бейнеролик түсіріліп, жергілікті телеарнадан көрсетілді. Бұдан бөлек, алимент өндіру мақсатында рейдттік шаралар жүргізіліп, нәтижесінде 2 борышкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы