Автомобиль сатып алу бұл да инвестицияның бір түрі болып табылады және де жылжымайтын мүлік сатып алу кезіндегідей салым салуды талап етеді. Бірақ автомобильдің бағасы жыл сайын түсе беруі мүмкін. Өз бюджетіңізді есептеп және Сіз оған жыл сайын қанша ақша салуға және жұмсауға дайын екеніңізді ескеру қажет. Ұсталған автомобильді сатып аларда автомобильдің қай жерден сатып алынғаны туралы білу қажет. Жиі тарихы белгісіз ұрланған автомобильді сатып жатқан алаяқтарды кездестіруге болады.
Статистика бойынша Қазақтсан халқының басым бөлігі ұсталған автомобильдерді сатып алады. Егер сіз өз бюджетіңізді есептеп өзіңізге автомобиль сатып алуға дайын болсаңыз және осы бюджет жаңа немесе ұсталған автомобильге жететін болса, онда осы мақалада сіз жаңа немесе ұсталған автомобильді сатып алған кезде туатын тәуекелдер мен шектеулер туралы біле аласыз.
Автомомбиль таңдаймыз
Жаңа автомобиль алған кезде барлығы әлдеқайда оңай. Жаңа машинаны сатып алған дұрыс болады, өйткені сіз оның 100%-ға боялмағаны және соғылмағаны туралы сенімді боласыз. Автосалондарда толығымен кеңесшілердің сөзіне толығымен сүйенуге болмайды. Сіз автомобильді сыртынан да, ішінен де мұқият қарап шығып барлық құжаттар мен сертификаттарды тексеруіңіз қажет. Міндетті түрде қажетті тест-драйв өткізіңіз. Егер автомобильге тапсырыс берсеңіз, осындай жағдайларда адамдар тәжірибенің жоқ болуының құрбаны болады. Көбісі тапсырыс беріп әкелінген автомомбиль ақаулы болуы мүмкін екендігін білмейді. Егер тасымалдауды ұқыпсыз жасайтын болса, автомомбиль нашар күйде келуі мүмкін, жиі бұзылған болуы мүмкін. Тапсырыс берген кезде төлемді алдын-ала 100% мөлшерде жасау керек екендігін ескеру керек.
Ұсталған автомобильді сатып алған кезде асықпай таңдаған жөн. Алдымен автомобильдің маркасын таңдап, оның нарықтағы бағасын ескеру қажет. Ұсталған автомобильдердің бағаларын көптеген автомомбильдер базарларында білуге болады, сондай-ақ осыған қатысты әртүрлі сайттар бар, онда фильтрлер арқылы қажетті модель мен шығарылған жылын тауып бағасын білуге болады. Ұсталған автомобильді жақсылап іздесеңіз өз бюджетініздің 10-15 %-ын жақсы үнемдеуге болады.
Ұсталған автомомбильдерді сатып алатын адамдар автомобильден өздеріне не қажет екендігін анық біледі: автомобильдің жүріп өткен жолы, былғары салон, кең салон, қозғалтқыш көлемі және басқа да параметрлері. Мұндай параметрлер бойынша бірнеше модель келуі мүмкін, тіпті бір өндірушінікі болуы мүмкін. Ең дұрысы арасынан таңдап алу үшін сіздің барлық талаптарыңызға сай келетін екі-үш модельді таңдап алыңыз. Модельді таңдағаннан кейін, барлық функцияларын, сынған жерлерін қарап шығып қызмет көрсету құнын анықтаңыз. Егер нақты модельді таңдаған болсаңыз, интернетте осы марканы сатып аларда ол туралы пікірлерді оқып қандай жайттарға көңіл аудару қажеттігі туралы оқи аласыз. Толық түсініктемесі, сипаттамасы мен фотосы жоқ хабарландырулардан бірден бас тартыңыз: көбінесе, оларды алыпсатарлар мен алаяқтар орналастырады. Тіпті егер сіздің таңдауыңыз бір модельге ғана түсетін болса да, басқа да жақсы нұсқаларды іздеуді тоқтатудың қажеті жоқ.
Қарау және таңдау
Ең алдымен сізге автомобильдің сыртқы көрінісі ұнау керек. Автомомбильді мұқият қарап келесі егжей-тегжейлерге көңіл бөлу қажет: машина өзінің жүріп өткен жолына сай келеді ме, лак және бояу жабынында кемшіліктер бар ма, корпусында тот басқан жерлер бар ма, машинаның ішкі жай-күйі, тепкілері қай дәрежеге дейін қажалған, машинанаың қысқы шиналары бар ма және т.б. Кілемшелердің астында, атап айтқанда, жүксалғышында тот басқан жерлердің бар болуына көңіл аударыңыз. Тест-драйв кезінде бөгде дыбыстардың естілуіне көңіл аударыңыз, қозғалтқыш қалай жұмыс істейтініне құлақ салыңыз. Міндетті түрде жақсылап жылдамдықты үдетіп аспасы мен тежегіштерінің жұмысын бағалау үшін қашық жерге барыңыз. Тексеріп қараудың тағы да бір маңызды бөлігі ол машинаның соғылмағанын тексеру. Егер машина қайта боялған болса оның соғылған соғылмағанын анықтау қиын. Егер сіз маман болмасаңыз онда сарапшыларға жолығу қажет.
Егер лайықты модельді таңдап автомомбильдің жалпы жай-күйін білетін болсаңыз, бұдан кейін өзіңізді қызықтыратын модель үшін орта есеппен қанша сұрайтынын білу керек. Сонан соң, сатушымен бағасы жайында шешімге келген соң келісіп автомобильді компьютерлік диагностикадан өткізу қажет. Кешенді тексеруден өткен соң машинаның барлық құжаттарын мұқият тексеру керек.
Сондай-ақ, міндетті түрде автомобильдің тарихын тексеріңіз. Адамдар өліміне немесе жарақаттануына алып келген ЖКО-ға көлік құралының қатысуы туралы ақпаратты ҚС және АЕА Комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы тексере аласыз.
Айыппұлдар туралы Электрондық үкімет сайтында “Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдары іздеу және төлеу” қызметі арқылы біле аласыз.
Техникалық байқаудың бар болуын Техникалық бақылаудың бірегей ақпараттық жүйесі сайтынан тексере аласыз. Егер техникалық байқау өтілмеген болса, онда “Жол жүрісі туралы” Заңының 88-бабының 1-тармағына сәйкес Шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлiк құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрiсiне қатысатын және уәкiлеттi органда тiркелген механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерi мiндеттi техникалық қарап-тексеруге жатады. Техникалық байқаудан кез келген рұқсаты бар Қазақстан Республикасының ТБО-да өтуге болады.
Жаңа немесе ұсталған автомобильдің құжаттарын ресімдеу
Автомобильді тіркеу үшін ұсынуға қажетті құжаттардың тізімі:
Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын тіркеу:
Иесінің (өкілінің) жеке куәлігі;
Техникалық құжат;
КҚ иесінің өкіліне сенімхат;
НБМТ, КҚТК үшін мемлекеттік бажды төлеу және жергілікті бюджетке тіркеу үшін алым.
Меншік құқығын растайтын құжат (кедендік декларация, сот шешімі, мәміле келісім-шарт, мұраға және т. б.)
Заңды тұлғалар үшін – ұйымның өкіліне басшының бұйрығы.
Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеу кезінде (көлік құралын өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы ресми дилерінен (өкілінен) сатып алынған көлік құралдарын қоспағанда) көрсетілген құжаттардағы және/немесе БАЖ-дағы есепке алу деректерiне сәйкестігін салыстырып тексеру мақсатында көлiк құралын ТЕП-ке әкеледі.
Ескертпе: Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет тіркелетін автомашиналар үшін өндіруші елге байланысты қосымша ілеспе құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экологиялық және Салық кодекстерінің белгіленген тарифтеріне сәйкес бастапқы тіркеу үшін мемелкеттік бажды және кәдеге жарату алымын қосымша төлеу талап етіледі.
Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын есептен шығару:
Иесінің (өкілінің) жеке куәлігі;
Техникалық құжат;
Бұрынғы мемлекеттік нөмірлер тапсыруға жатады;
Салықтың төленгенін тексеру мүмкін болмаған кезде салық төленгені туралы немесе КҚ салығын төлеуден босату туралы құжат;
КҚ иесінің өкіліне иелену (билеу) құқығы құжаты.
Мәлімет үшін: Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен ІІО тіркеу – емтихан қабылдау бөлімшелері (облыстық маңызы бар) аумақтан тыс қағидат бойынша жеке тұлғаның тұрғылықты жері және заңды тұлғаның тіркелген мекен-жайы бойынша көрсетілген аймақтың мемлекеттік нөмірін бере отырып жеке тұлғаның тұрғылықты тіркеу орны және заңды тұлғаның мекен-жайы орналасқан жеріне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын тіркейді.
Сонымен қатар, кез-келген Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында және ІІО тіркеу – емтихан қабылдау бөлімшесінде көлік құралынның иесі (өкілі) өзінің көлік құралын есептен шығара алады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының аумағында бұрын тіркелген көлік құралдарын, сондай-ақ, Қазақстандық дилерлер сатқан жаңа автомашиналарды тіркеу, қайта тіркеу және есептен шығару кезінде көліктің нөмірлі тораптарын салыстыру талап етілмейді.
