Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу

581 көрілім

Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау  маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жыл басынан бері Түркістан қаласындағы мекемелерге және мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орнының студенттеріне құқықтық білім беру мақсатында жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізіліп жатыр. Соған орай құқықтық оқыту барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер (заңдар) бойынша сабақтар, дөңгелек үстел және пікір талас өткізілуде. Жалпы, мұндағы мақсат жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру болып табылады.

Құқықтық сауаттылықтылық пен мәдениетті арттыруда құқықтық тәрбиенің маңызы зор. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері болып табылады. Құқықтық тәрбие – бұл құқықтық нигилизмге қарсы тұру және жеке тұлғаны қалыптастыру процесін қамтамасыз ету үшін мемлекет пен қоғамның құқықтық сананы және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен жетілдірудің мақсатты және жүйелі қызметін көздейтін іс-әрекеттің күрделі және көп қырлы жүйесі.  Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Құқықтық тәрбие заңның рөлін күшейтуге, қоғамның объективті шындықтың тәуелсіз факторы ретіндегі маңыздылығын түсінуіне және демократияны жетілдірудің, заңның үстемдігі мен құқықтық тәртіпті нығайтудың өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне жауап беруімен түсіндіріледі.

Бүгінгі таңда мемлекет жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстарына, сондай-ақ оны жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін нормативтік-құқықтық актілерге ерекше назар аударады. Жоғарыда айтылғандай, әділет органдары қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі азаматтардың құқықтық санасын арттыру, құқықтық үгіт-насихат көлемін және сапасын арттыру болып табылады.  Осыған байланысты, конституциялық, азаматтық және өзге де адам және азаматтық құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақстан облыстарының барлық аймақтарындағы әділет департаменті бөлімшелері бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер және т.б. ҚР Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен және облыстың мемлекеттік мекемелерімен өзара іс-қимыл тұрақты негізде жүзеге асырып жатыр. Әділет департаменті жанындағы мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің тоқсан сайынғы отырыстарын өткізеді, онда азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру, нормативтік құқықтық актілерді жариялау және т.б. мәселелер талқыланады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы