Адамзат баласы өмірге келген соң барлық қиыншылықтарды, ауырпалықтарды бастан өткерері анық. Әсіресе, заң аясында өз құқықтарын қорғай алмай жататын жағдайларды кездестіруге болады. Түркістан қаласы тұрғындары арасында осындай жағдайлар кездесіп жатады.
Бүгінгі таңда соттар «Төрелік» ақпараттық жүйесімен жұмыс атқаруда. Сот төрелігін іске асыру, сот ісін жүргізудің барынша ашықтығына қол жеткізудің басты тетігі – ақпараттық технологияларды қолдану тәсілі. Қазірде сот ісін жүргізудің барлық бағыттары бойынша электронды түрде 50-ден астам қызмет түрлері ұсынылатын «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі жұмыс істейді.
«Сот кабинеті» – сот органдарының сервисіне электронды түрде қолжетімді біртұтас терезе. Сонымен қатар, СМС-хабарлама мен гибридтік пошта жүйесі енгізілді. Бұл сот шығындарын едәуір қысқарта отырып, процеске қатысушыларды хабарландыруды жеделдетуге мүмкіндік берді. «Сот кабинеті» сервисіне тіркелу үшін алдымен, халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлық қолтаңба алу қажет. Сервиске тіркелген әрбір тұлға электронды құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы болып саналады.
Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съездінде, Елбасымен берілген тапсырмалардың бірі — сот құрылысын жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу болатын. Бүгінгі таңда, заман талабына сәйкес сот жүйесі электронды құжат айналымға көшіп отыр, оның бір белгісі ретінде 2015 жылы іске қосылған «Төрелік» ақпараттық жүйесін атауға болады. Сот жүйесінде күнделікті жүргізілетін жұмыстар осы жүйе арқылы өтеді. Осы жүйенің артықшылығы, басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуға қолайлы, жүйені пайдаланушыларға тіркеу рәсімі жеңілдетілген, ақпарат алу жүйесі жеделдетілген, сондай-ақ сот қызметкерлерін қағазбастылықтан босатады.
Қазақстан Республикасының барлық соттарына «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинет» сервисі, «Электронды шақыру қағаз», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS–хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар қызмет, Соттардың ахуалдық орталығы, мобильді «Сот кабинеті» енгізілді.
«Сот кабинеті» арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келгені сотқа келіп әуре-сарсаңға түспей, ыңғайлы уақытта үйде немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн режимде электронды түрде арыздарды, талап арыздырды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бейнеконференцбайланысы арқылы сот төрелігін жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды. Яғни, процесске қатысушылар сот отырысы болып жатқан жерден қашықтықта ұялы телефон арқылы қатысуға мүмкіндігі бар.
Сот жүйесінде заманауи технологияларды, оның ішінде жоғарыда айтылған функцияларды пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, төрешілдік кедергілерді қысқартады, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізеді, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді, еліміздің халқы үшін сот жүйесінің максималды ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді.М.Зайдуллаұлы,Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы
