НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ САҚТАЛУЫ КЕРЕК

339 көрілім

Осы жылдың басында, яғни қаңтар айында елімізде болған келеңсіз оқиғалар барша қазақстандықтар сияқты Түркістан қаласы тұрғындарының қабырғасына қатты батқаны жасырын емес. Билік басында отырған ел ағаларының шұғыл шешім қабылдаулары арқасында бұл оқиғаның беті қайтарылды. Аталмыш күрделі мәселені саралау, сараптау, сондай-ақ бұл оқиғаға қатысты адамдарға жаза тағайындау бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзі тікелей тапсырма берген болатын.     

Шындығын айтқанда, бұрынғы қылмыстық іс жүргізу тәртібі әлдеқайда түсінікті және тиімді болатын. «Жаңа» кодификацияланған актілердің мәтін­деріне істер бойынша сот-тергеу прак­ти­касын едәуір жақсартатын және қо­ғам­ның игілігі үшін қызмет ететін өзге­рістер енгізілмеген. Оны келіп Ұлы реформа деп атаймыз. Мұндай ре­фор­малардың соңы неге әкеліп соқ­ты? Кешегі «Қасіретті қаңтар» оқиға­сына түрткі болған себептердің бірі осын­да жатыр. Жұмыс істемейтін консти­туциялық әділеттілік қағидасы – қаңтар трагедиясының триггерлерінің бірі. Ал ал­дағы уақытта осындай қанды оқиға­лар­дың қайталануына жол бермеу біздің ортақ азаматтық міндетіміз болып табылады.

Азаматтық қоғамның сот, құқық қор­­ғау органдарының жұмысына қояр үлкен талаптары бар екені түсінікті. Лауа­зымды тұлғалар мен азаматтарды заңсыз жауапкершілікке тарту, аза­маттық істер бойынша шешімдерді тап­сы­рыс­пен шығару фактілері сияқты келең­сіздіктерге жол бермейтін тетіктер қажет.

Адамдардың ерікті тобын қыл­мыс­тық процеске тартып, кейіннен олар­ды соттап, қылмыстық істерді қоз­ғай­тын сәт­сіз тәжірибені тоқтату керек. Ал қыл­мыс­тық қудалаудың бар­лық са­ты­сына қатысқан лауазымды адам­дар жауапқа тартылуы тиіс. Мұн­дай тәжірибе кеңестік кезеңде бол­ған. Ол кезде кінәсіз адамдарды қыл­мыстық жауапкершілікке тартқан адамдар, кем дегенде, қызметтерінен босатыла­тын. Ал қазіргі жүйе «әйдік істің әттеген-айлары болмай тұрмайды» деген қағи­дат бойынша жұмыс істеп келді. Осы­ның барлығы талай мансапты бұзып, тәл­кекке түскен тағдырлардың санын арттырып, осы салаларда жүрген маман­дардың беделіне нұқсан келтірді.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы