Жақында қабылданған «Прокуратура туралы» Конституциялық заң бойынша бүгінде Түркістан қалалық прокуратурасы қызметкерлері арасында да жан-жақты талқыланып, оны пәрменді жүзеге асыруға күш жұмылдырылуда.
Президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты жолдауында жарияланған конституциялық реформа аясында да прокуратураға қатысты маңызды бастамалар айтылды.
Заң тәртібін күшейту және құқық қорғау қызметін ұдайы жетілдіру үшін «Прокуратура туралы» конституциялық заң қабылдау қажет екені атап өтілді.Тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды институционалды түрде нығайту мақсатында Бас Прокурорды азаматтар және Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге Конституциялық сотқа өтініш субъектілері қатарына қосу ұсынылды. Азаптауға байланысты қылмыстарды тергеу ісінде жүйелі ұстаным болуының маңыздылығын ескере мұндай істер бойынша прокуратура органдарының айрықша тергеулігін белгілеу көзделді. Бұл тергеудің бейтарап жүргізілуін қамтамасыз етіп, құқық қорғау саласындағы бассыздықты жазасыз қалдырмауға бағытталған.
Өткен республикалық референдумда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар мақұлданды. Енді тиісті заң жобалары жыл соңына дейін қабылдануы тиіс.
Қазіргі заманғы сын-қатерлер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуді және жоғары қадағалау функциясын жаңғыртуды, прокурорлар қызметінің кепілдіктерін нығайтуды талап етеді.
Сондықтан «Прокуратура туралы» конституциялық заңда заңдылықты сақтауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін пәрменді құралдар мен тетіктерді бекіту жоспарланып жатыр.
Қол қойылған Конституциялық Заң жоғары қадағалау құралдарын нығайту, заңдылықты арттыру және прокуратура органдарының құқық қорғау қызметін жүйелі күшейту мақсатында әзірленді. Бұдан басқа, заң мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың қызметінде заңдылықтың бұзылуын анықтау, заңсыз актілерді анықтау, заңдылықтың бұзылуын жою және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді орындайды. Прокуратура органдарының алдында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқық қорғау және өзге де органдарды үйлестіру міндеті тұр. Сондықтан, жоғары қадағалау заңдылықты сақтаудың тиімді құралы ретінде конституциялық мәртебесі бар заңмен қамтамасыз етілуі тиіс.
