ӘКІМШІЛІК ІСТЕР БОЙЫНША СОТ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

357 көрілім

Мемлекетіміздің заңдық базасын дамыту қашан да маңызды. Яғни, қоғам дамыған сайын заңдар да заман талабына сай жетілдіріледі, өзгертіліп, толықтырылады, сонымен қатар, жаңалары қабылданады. Жаңа Қазақстанның жаңа дәуірге қадам басуында дәл осындай жаңалыққа бет бұру маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Дәл осы бағытта әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері жария-құқықтық қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, т.б. тиімді қорғап, істерді әділ, бейтарап, уақтылы шешуді қамтиды. Атап айтсақ, Түркістан қаласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды саралап өтсек.

Әкімшілік істер бойынша сотта мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету саласында прокурордың қатысуымен (кәмелетке толмағанға қатысты, әкімшілік қамаққа алуға, ҚР шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуге әкеп соғатын) мамандандырылған әкімшілік сотта 2784 іс (2019ж.-1289, 2020ж.- 920, 2021ж.-445, 2022ж. 5 айында -130) қаралған. Прокурордың апелляциялық өтінішхаттары негізінде 85 сот актісі өзгертілген. Қадағалау актілері бойынша 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
Түркістан қаласы прокуратурасының қызметкерлері қалалық сотта азаматтық істер бойынша мемлекеттің мүддесіне өкілдік ете отырып, прокурордың қатысуы міндетті (мемлекет мүдделерін қозғайтын, қоғамдық мүдделерді немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ прокурордың қатысу қажеттігін сот танығанда) 1169 істің (2019ж. – 293, 2020ж. – 401, 2021ж. – 324, 2022ж. 5 айында-151) қаралуына қатысқан. Прокурордың апелляциялық өтініш хаттары негізінде 17 сот актісі өзгертілді.
Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау барысында прокурорлық қадағалау актілер бойынша мемлекет пайдасына 11 204 (2019ж. – 3549, 2020ж. – 2661, 2021ж. – 2397, 2022ж. 5 айы – 2597) атқарушылық іс жүргізу орындалып, 228 110 077 теңге (2019ж. – 62 347 410 тг., 2020ж. – 65 688 648 тг., 2021ж. –58 363 215 тг., 2022ж. 5 айы – 41 710 804 тг.) өндірілген.
Алимент бойынша 48 (2019ж. – 0, 2020ж. – 3, 2021ж. – 6, 2022ж. 5 айы – 39) атқарушылық іс жүргізу орындалып, өндіріп алушылардың пайдасына 17 497 102 теңге (2019ж. – 0, 2020ж. – 6 642 150 тг., 2021ж. –6 168 784 тг., 2022ж. 5 айы – 4 686 168тг.) өндірілген. 13 борышкер әкімшілік жауаптылыққа, 78 сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, 1 сот орындаушының лицензиясы тоқтатылған.
Үкімдердің орындалу заңдылығын қадағалау барысында Түркістан қаласы прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар мен қалалық пробация қызметі бөлімінің пробациялық бақылауда тұрған адамдарды жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету арқылы түзеу және жаңадан қылмыс жасауының алдын алу бағытындағы жұмыстарына ерекше мән береді. Осы салада анықталған заң бұзушылықтар бойынша 12 қадағалау актісі енгізіліп, 30 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
Қадағалау және үйлестіру шараларының арқасында пробациялық бақылаудағы жұмыссыздар (2019ж. – 21, 2020ж. – 15, 2021ж. – 15, 2022ж. 5 айы – 6) мен қайта қылмыс жасағандар (2019ж. -19 , 2020ж. – 8, 2021ж. – 10, 2022ж. 5 айы – 7) саны азаюда. Есепте тұрған адамдарға арналған жұмыс квотасының саны (2019ж. бөлінбеген, 2020ж. – 13, 2021ж. – 25, 2022ж. 5 айы – 16) ұлғаюда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы