БАЛАЛАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ОСАЛ ТОПТАРҒА ЖАТАТЫН АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МАҢЫЗДЫ

1  522 көрілім

Қазақстан әу бастан-ақ өзінің негізгі бағыттарын айқындап алған елдердің бірі. Ал еліміздің даму стратегиясында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қорғау басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылған. Ал әлеуметтік сала қоғам өмірінде басты рөл атқарады. Сол себепті еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап қоғаммының әлсіз тұсына баса көңіл бөліп келеді.

Осы ретте Caravan.kz медиа-порталы әлеуметтік жағынан нашар қорғалған жандарға биліктің қалай назар аударып отырғанын саралап көрді.

Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарының санаты кімдер жатады?

Ең әуелі халықтың әлеуметтік жағынан қорғауға жататын топтарды анықтап алсақ. Бекітілген ереже бойынша олар мыналар екен:

 1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар;

2. I және ІІ топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);

3. мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;

4. заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

5. жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

6. кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетім балалар жатады.

7. оралмандар;

8. экологиялық зілзалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

9. көп балалы отбасылары;

10. мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттірін, әскери қызметін
орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
 11. Толық емес отбасылары.

Ел конституциясына сәйкес Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Ал оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Оның ішінде халықты әлеуметтік қорғау негізгі бағыттардың бірі  болып табылады.

Еліміз тәуелсіздік жылдары жүр­гізген реформаларының нәтижесі, негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін құру болды. Осылайша халықтың қорғалмаған бөлігін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жылдан жылға ауқымды шаралар атқарыла басталды.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев соңғы жылдары өз бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар аясында прокурордың адам құқығы мен бостандығын қорғау саласындағы рөліне ерекше мән беруде. Соның ішінде бала құқығын қорғаудың маңызы мен мәне ерекше. Осы жолда Түркістан қалалық прокурорлары өнімді еңбек етіп, сөзден гөрі істің көп болғанын көрсетуде.

Кәмелетке толмаған балалар мен әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын адамдардың құқықтарын қорғау әрқашан ерекше назарда. Кейбір мысалдарға тоқтала кетсек, прокурорлық қадағалау актілері негізінде қамқорлықсыз қалған 18 бала тұрғын үй кезегіне қойылды (кезегі қорғаншылық пен қамқоршылыққа алынған кезінен бастап белгіленген); мектептерде заңсыз сақталған адам денсаулығына қауіпті 2 мыңнан астам люминесценттік шамдар жойылып, 29 мың оқушы мен мектеп жұмыскерлерінің құқықтары қорғалды; «Түркістан Су» кәсіпорны мүгедектер санаттағы 88 тұтынушыға 1 380 000 теңге мөлшерде комуналдық қызметінің шығындарын өтеп бермегені анықталып, құқықтары қалпына келтірілді; тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылғанәлеуметтік осал топтағы 14 отбасы анықталып, қайтадан кезекке қойылды; халықты жұмыспен қамту орталығы “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасымен жұмысқа орналастырылған азаматтардың міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны анықталып, 1684 жұмысшының құқықтары қалпына келтірілді.
Бұл мысалдар осы салада Түркістан қалалық прокуратура қызметкерлері атқарған ауқымды жұмыстар мен қол жеткізген нәтижелердің тек бір бөлігі.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы