ЕЛІМІЗДІҢ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

373 көрілім

Керек кеңес

Әдетте көпшілік прокуратураны «қудалаушы» орган деп түсінеді. Қарапайым халық заңмен бетпе-бет жиі келе бермейтін болғандықтан сырттай долбар жасайтыны анық. Мұндай түсініктің аясынан ел халқымен қатар түркістандықтарды да кезіктіру ғажап емес. Осыған орай Түркістан қаласы тұрғындарына заң органдарының бағыты жөнінде аз-кем түсінік берсек дейміз.

Нақты айтсақ, еліміздің прокуратурасының қызметі туралы біреу білсе, енді біреу білуге ұмтылмайды. Осы тұрғыдан прокуратура және прокурор қызметі жайында тоқтала кетуді жөн санадық.

Прокуратура–заңдылықтың сақталуын қадағалаушы Президентке ғана есеп беретін құқық қорғау органы.
Дәлірек айтсақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Прокуратура өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады.
Прокуратураның нақты міндеттері «Прокуратура туралы» Заңның 4-бабында айқындалған. Олар – адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру; заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың зардабын анықтау және жою; құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру; заңда және ҚР Президентінің актілерінде айқындалған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары «Прокуратура туралы» Заңның 5-бабына сәйкес:
1) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің;
2) заңды күшіне енген сот актілерінің;
3) атқарушылық іс жүргізудің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің;
4) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел іздестіру және қарсы барлау қызметі; қылмыстық жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану; халықаралық шарттарды сақтау салаларындағы қызметінің;
5) мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың заңдылығын;
6) заңда айқындалатын өзге де бағыттар бойынша заңдылықты жоғары қадағалауды жүзеге асыру.
Прокурорлық қадағалау тексерістер және заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу, сондай-ақ күшіне енген актілерді бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы