- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Басқосуда 9 лауазымды тұлғаның тәртіптік ісі қаралып, кеңес төрағасы Болат Исақов тиісті лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілігін қарауды ұсынды.

Ал, Сайрам ауданының Қарасу ауылдық округінің әкімі Е.Бекбердиевке, Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары М.Омаровқа, Түлкібас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Желдибаевқа қатысты қозғалған тәртіптік істері тоқтатылды.

Сонымен қатар, облыстық жергілікті атқарушы органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің мемлекеттік органдағы қызмет тәртібін нығайту, қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды іске асыру жөнінде есептері тыңдалды.

Бұған қоса, Түркістан облысы жергілікті атқарушы органдардың, Кентау қаласы және Жетісай ауданы әкімдіктерінің Әдеп жөніндегі уәкілдің есептері тыңдалып, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп құқық бұзушылықтарын алдын алу профилактикалық іс-шараларын күшейтуге қатысты ұсыныстар берілді.
«Түркістан-ақпарат».