Түркістан қаласының сақшылары түркістандық тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету барысында халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Еліміздің дамуында дамуында азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамытудың маңыздылығы ерекше. Біздің еліміз де азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды жүзеге асыруда. Азаматтардың құқықтық мәдениеті жоғары болған сайын құқықтық нормалардың сақталуы да жоғары болады. Халықтың құқықтық сауаты жоғары болса құқықбұзушылық та азаяды. Бүгінде мемлекет жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстарына, сондай-ақ оны жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін нормативтік-құқықтық актілерге ерекше назар аударып келеді. Құқық қорғау органдары қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, құқықтық үгіт-насихат көлемін және сапасын арттыру болып отыр. Халқымыздың құқықтық сауатын арттыру қоғамның талабы болып отыр.
Сонымен қатар, Түркістан қаласының прокуратурасы Ә.А-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сараланған қылмыстық істі сотқа жолдаған болатын.Ол «Фиркан» ЖШС-нің қойма меңгерушісі болып жұмыс атқарып жүріп, материалды жауапты тұлға бола тұра, өзіне сеніп тапсырылған 4,7 млн. теңге болатын компания мүлкін иемденіп, талан-таражға салған.Түркістан қалалық сотының 15.08.2022ж. үкімімен Ахатаев аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сотталушы компанияға келтірген залалды толық өтеді.
Бұдан бөлек, түркістандық тұрғындарға құқықтық сана – бұл адамдардың іс-әрекетке немесе мемлекет тарапынан қабылданған заңға қатынасын білдіретін идеялар жиынтығы екендігі де түсіндірілуде.Құрылымдық тұрғыдан құқықтық сана екі негізгі элементтен тұрады: құқықтық психология және құқықтық идеология. Құқықтық психологияның мазмұны – адамдарда қолданыстағы құқықтық нормаларға және оларды қолдану практикасына байланысты пайда болатын сезімдер, эмоциялар, тәжірибелер, көңіл-күйлер, әдеттер, стереотиптер. Құқықтық идеология – бұл құқықтық шындықты концептуалды, жүйеленген түрде көрсететін және бағалайтын құқықтық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы.