Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол берме

481 көрілім

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Дегенмен тәрбиесі мол. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.  Қылмыстың алдын  алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.

Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады.  Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Түркістан қалалық Полиция басқармасына жүйелі жұмыстар атқаруда. Түркістан қаласындағы киім сататын дүкендердің бірінен арыз түсіп, онда белгісіз біреу ұрлық жасап, 60 000 теңгеден астам шығын келтіргені көрсетілген. Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтау мақсатында куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде күдікті жергілікті азаматша анықталып, тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Анықталғандай, күдікті әйел дүкенге сатып алушы ретінде келіп, өзіне ұнаған бірнеше жаңа киімдерді, сөмкені ешкімге білдіртпей салып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Полицейлер ұрланған заттарды күдіктіден айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне және әрбір адам өзінің тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден бір себеп болатын еді. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру – құқықтық сананың негізгі  белгілері болып табылады. Аталған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу – отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Осы мақсатта Түркістан қаласының мектептетерінде құқықтық кеңесте қарастырлатын  ата – аналар жиналыстары, дәрістер, заң қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, ұстаздар тәжірибесімен ой бөлісулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер сияқты ата – аналармен тығыз байланыстағы жұмыс жолдары жоспарға сәйкес өткізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы