Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі

438 көрілім

Түркістан қаласының сақшылары құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті жоғарылату бойынша тұрғындарға өз кеңестерін беріп, олардың құқығын қорғау жолында жүйелі қызметтер атқаруда. Түркістандық полицейлер тұрғындарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырады. Сондай-ақ қылмыстық әрекеттер заң алдында қатаң қаралып, жауапты жаза жүктелетінін ескертеді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе, бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекетіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.

Түркістан қаласының сақшылары құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мынадай қылмыстық жәйтті мәләм етті. Түркістан қаласында досын мерт қылған 35 жастағы жігіт анықталып, 9 жылға қамауға алынды Нақтырақ айтар болсақ, 2022 жылдың мамыр айында Түркістан қалалық Полиция басқармасына қала тұрғындарының бірінен хабарлама келіп түсті. Онда көршісінің  үйінде  жанжал болып жатқаны бойынша айтылған болатын. Ақпарат алысымен Түркістан қаласының қырағы тәртіп сақшылары оқиға болған жерге жедел барып, жағдайды анықтады. Полицейлер жанжал болған үйге кіргенде жерде жатқан 35 жастағы жігіттің өлі денесін тапқан. Тиянақты тексеру барысында тәртіп сақшылары кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен орта жастағы азаматты анықтады. Оны басқармаға жеткізіп, тергеу жұмыстарын бастады. Күдіктіден жауап алу барысында оның досымен бірге ішімдік ішкені және арасында дау орын алғаны белгілі болды. Яғни 2 дос бас қосу кезінде  4 шөлмек араққа сылқия тойып алып, жанжалдаса бастаған. Нәтижесінде, бірі екіншісінің маңдай тұсынан бірнеше рет соққы беріп, ауыр жарақат салады. Содан  ауыр жарақат алған азамат ес-түссіз еденге құлап, оқиға орнында тіл тартпай кеткен.  Күдікті ретінде ұсталған жігітке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, қылмысы толық дәлелденді.Ал жинақталған құжаттардың барлығы сотқа жолданды.Сонымен қатар, сот 35 жастағы жігітті кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыруға туралы үкім шығарды. 

Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды саралау және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын, ниетінің түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын, келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында өз тұжырымдарын жол берілетін анық дәлелдемелерді келтіре отырып негіздеулері тиіс.Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар көбіне сотталушылармен негізінен спирттік ішімдік ішкен күйде, маскүнемдікке шалдыққан адамдармен және бұрын жазасын өтеп шыққан адамдармен, қылмыстың қауіпті қайталануымен жасалатыны анықталды. Сонымен қатар бұндай аса ауыр құқық бұзушылыққа әйел адамдардың да баратыны және құқық бұзушылықты спирттік ішімдік ішкен жағдайда жасайтыны көрінеді.Осы орайда сот үкімдерінде сотталушыларға жаза тағайындау кезінде олардың жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларға, жасаған қылмыстарының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескеріп және не себепті бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалғаны көрсетіледі.Сонымен қатар, қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселенің бірі бұл сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен айыпталушының іс-әрекетінің дұрыс сараланбауы болып табылады.

Адамның өміріне қарсы аяқталған қылмыс тікелей де, жанама қасақаналықпен де жасалуы мүмкін, ал оларды жасауға оқталғандық субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналық болып сипатталады. Сондықтан қылмыс жасау сатысын айқындаумен қатар кінә нысанын да ескеру, кінәлінің ниеті неге бағытталғанын, қылмыс нәтижесінде қандай зардап туындағанын және нақ осындай нәтиженің туындауына кінәлінің субъективті қатысын анықтау және белгілеу керек. Егер қылмыс оны аяқтағанға дейін үзілген болса, онда кінәлі өз әрекеттерін не себепті тоқтатқанын, бұл оның еркіне тәуелді болған-болмағанын, бұл ретте қылмысты жалғастыруға оның нақты мүмкіндігі болған-болмағанын, қоғамға қауіпті зардаптың туындауына қандай мән-жайлардан кедергі болғанын анықтау қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы