«OPEN SPACE» ОҢ НӘТИЖЕГЕ ЖОЛ АШУДА

1  249 көрілім

Апта ішінде «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалында қалалық мәслихат депутаттары қоғамдық қабылдаулар өткізді. Атап айтсақ, Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев, «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Темірбаев Алмасбек Мейірбекұлы, қалалық мәслихат депутаттары Сүлеймен Арыстанов, Ержан Мұстафаев, Айбек Ибрагимов, Мәди Аманжолов қабылдауға келген өтініш иелерін тыңдап, тұрғындар мәселесіне кеңестер беріп, бірқатары оң шешімін тапты. Дәл осындай қабылдауды қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, «Салауат» БПҰ төрағасы Бахыт Стамқұловта жүргізді.


Қабылдауда бірнеше мәселелер қаралды. Оның ішінде, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыссыздық, несие алу төңірегіндегі мәселелер көтерілді. Бұл ретте халық қалаулылары келіп түскен әрбір өтінішті мұқият зерделеп, тұрғындарға қолайлы жағдай туындатудың тиімді тұстарын табуға ықпал жасады.


Бұл ретте «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы алдағы уақытта да мемлекеттік мекемелер, бизнес-қауымдастықтары, үкіметтік емес ұйымдармен, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мекемелерімен бірлесіп азаматтардың мұқтаждықтарын шешуге дайын екендігін айта кеткен жөн.


Сонымен бірге, бұл шаралар «Open Spаce» форматында ашылған қоғамдық қабылдау кеңсесі бастамасы аясында іске асырылып жатыр. Оң нәтижеге қол жеткізіп келе жатқан «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының жұмысы тұрғындар арасында жаңа жобаның беделі арта түскенін байқатады. Оның дәлелі жаңадан ашылған орталыққа келушілер саны көбейді. Осы уақыт ішінде «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына 93 қала тұрғындар қабылданып, 19 жазбаша арыз түскен. Олардың көпшілігі әлеуметтік көмек ала алмай жүрген көпбалалы аналар.
М.ЖҰМАХАНҰЛЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы