Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет

303 көрілім

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Түркістан қаласының сақшылары балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, қаладағы жастарға байланысты құқық бұзушылықтарға куә болуда. Түркістан қаласының прокуратурасы «Loto club» ойынханасын тонаған бір топ жасөспірімге қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.

Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр.Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубта отыруға және 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.

Тергеу барысында екі жасөспірім аталған ойынханаға баса-көктеп кіріп, біреуі қолындағы ойыншық тапаншаны келушілер мен жұмысшыларға қарай бағыттап, оларды айқайлап қорқытып, екіншісі кассадан жеке кәсіпкерге тиесілі 326 500 теңге ақшаны жымқырғаны анықталды. Осыдан кейін олар сыртта жағдайды бақылап күтіп тұрған қалған үш сыбайласымен бірге оқиға орнынан бой тасалап, қылмыстық жолмен табылған қаражатты өзара бөлісіп, жеке бастарына жаратқан.

Қалалық полиция басқармасы барлық күдіктілерді анықтап құрықтады, тергеу нәтижесімен олардың жоғарыда көрсетілген қылмысты жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтады. Аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Мұндай бұзықшылықтарды болдырмау үшін қоғамға құқықтық сауттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру керек. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, оларға құқықтық сана мен құқықтық мәдениет қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда маңызды  мәселелердің біріне айналып отыр. Жастарға құқықтық тәрбие беру – тәрбиенің маңызды бір саласы.

Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін. Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен  қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи  мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан. Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін. Құқықтық сана- сан қырлы феномен. Оның жеке адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты өз құрылымы бар. Құқықтық сананы негізгі екі элемент: құқықтық психология және құқықтық идеология құрайды.
Құқықтық психология болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардан қызбалықпен, тіпті есі кете терең әсер алуға қабілетті адамға тән психикамен байланысты. Ол құқықтық санада көбінесе стихиялы түрде, құқыққа және құқықтық шындыққа көзқарас бейнелетін сезім, көңіл-күйі, сүйкімділік пен сүйкімсіздік, реніш түрінде қалыптасады. Мәселен, бұл жасалған қылмыс  жөнінде ашынушылық және оның құрбанына жаны ашушылық, әділ сот үкіміне қанағаттану сезімі; қылмыстық жазадан қорқу немесе Конституцияны құрметтеу болуы мүмкін.
Құқықтық сезімдер, көңіл-күй көп жағдайда әлеуметтік ортаның, жеке адамның тікелей араласатын ортасының ықпалының әсерімен қалыптасатынын ескеру керек. Көптеген социологиялық зерттеулерде адамның белгілі бір ортада болғанда, өзі басқа адамдармен байланыс жасамаған кездегіге қарағанда, көбінесе мүлде өзгеше сезініп, ойлап, әрекет жасайтыны атап өтілген. Жеке адамның құқықтық сансының деңгейімен ерекшеліктерін анықтау ұшін оның отбасыыны, ұжымының, бейресми араласатын топтарының және тиісті әлеуметтік жіктерінің әлеуметтік-құнды бағдарын білу қажет болатыны сондықтан. Құқықтық сананың құбылмалы элементі көңіл-күйі болып табылады, өйткені ол өзгеріп отырады, құқықтық идеяларды таратудың көмегімен иландыру мен көтермелеуге сәйкес келетін саналы әсерге бейім болуы мүмкін.
Адамдардың дағдысына, олардың тұрмыс-салтына енетін нәрсе құқықтық сананың белгілі-бір әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтауға байланысты тұрақты элементтерін айқындайды. Қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік, сондай-ақ  азаматтық құқықта сол заңдарға қоғамдық құқықтық сана арқылы және оны мақұлдауымен адамдардың әдет-ғұрпымен сенгізілген кінәден арылу туралы, зиянды жуып-шаю туралы, моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы ережелер кездесетіні анық.
Құқықтық санадағы дәнекер элемент- жеке адамның өз әрекеттерінің заңдылығын өзінің бағалауы. Өздерінің ниетін, мотивтері мен қылықтарын сын көзбен және дер кезінде бағалай білу оның адам мінез-құлқындағы реттеуіштік, алдын алушылық, немесе, керісінше, белсендіруішілік рөлін айқындайды. Өзін-өзі бағалау өзінің заңды әрекеттеріне қанағаттану немесе істелген істері үшін ұялу, өкіну сезімінен көрінуі мүмкін. Адам ожданының көрінісі ретінде ұялу, опыну оның мінез-құлқындағы құқықтық ауытқуды тежей алады. Жеке адамның құқықтық психологиясында ішкі өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру- жеке адамды құқықтық тәрбиелеудің және жалпы әлеуметтендіру процесінің міндеті. Ал құқықтық идеология құқықтық сананың құқықты және өмір шындығының құбылыстарын тұғырнамалық түрде бейнелеп, бағалайтын заңдық ұғымдарды, принциптерді, теорияны құрайтын жоғарғы қабаты. Адамның күнделікті тәжірибесіне сыйып кететін құқықтық шындықтарды әдетте, сезімдік қабылдауға ұқсас құқықтық психологиядан айырмашылығы- құқықтық идеология бейне бір құқықтық бағалаудың рационалдық деңгейіне сәйкес келеді, құқық пен мемлекет құбылыстарын ой елегінен неғұрлым терең өткізуді бейнелейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы