30 қазан күні Түркістан қаласында «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасы Ішкі Іштер Министрлігі мен Полиция Департаментінің бастығының тапсырмасына сәйкес бекітілген жобалар мен жоспарларды жүзеге асыру.
Осы бағытта рейдке Түркістан қалалық Полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрам қызметкерлері шықты. Аталмыш түркістандық тәртіп сақшылары орталық көшелерде жол қозғалысы ережесінің сақталуын қамтамасыз етті.
Полицейлер назарына көлігінің терезесін күңгірттеген, сондай-ақ, қауіпсіздік белдігін тақпаған, көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданған құқық бұзушылар ілінді. Аталған құқық бұзушыларға тиісті заңды шарасы көрілді. Мысалы полицейлер қауіпсіздік белдігін тақпаған «Опель Вектра» автокөлігінің жүргізушісін анықтап, тоқтатты.
Оның құжаттарын тексеру кезінде, жүргізушінің көлік басқаруға арналған куәлігінің жоқ екені белгілі болды. Осыған орай жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы «Жол жүру ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» мен 612-бабы «Құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бойынша заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция қызметкерлері күнделікті тұрғындар тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, жол қозғалысын бақылау, жол апаттарының алдын алу мақсатында сан алуан жұмыстар атқарады. Осы тұрғыда Түркістан қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік шараларды жиі ұйымдастырып, тыныштық сақтауда белсенді қызметтер атқаруда.
Айта кетсек, «Қауіпсіз қала» іс-шарасы барысында жол ережесін бұзған 20-ға жуық азамат жауапқа тартылды. Сонымен қатар, өз кезегінде Түркістандық тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындар мен көшелерде жүргенде тәртіп сақтауға, қоғамдық эстетиканы ұстануға шақырады. Қаланың қауіпсіз болуы – сіздердің қолдарыңызда. Полиция қызметкерлері сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін күндіз-түні қызмет етуге дайын.
Жол жағдайларымен байланысқан оқиғаларды болдырмау тәсілдері. Қозғалыс жылдамдықтары күрт өзгеретін жерлердегі жол-көлік оқиғаларының шоғырлануы оларды болдырмау үшін жол бойындағы көлік ағындарының біркелкі биік орта жылдамдықпен қозғалысын қамтамасыз ететін және олардағы ішкі кедергілердің пайда болуының себептерін болдырмауды қамтамасыз ететін шаралар қажет екендігін куәләндіреді. Ашық сағалардағы сұйықтықтың қозғалысымен ұқсастығы бойынша көлік ағынында пайда болатын турбуленттілікті (жиі басып озуды), тұрып қалушылықты (тоқтауды) және тірелуді (жылдамдықты төмендету процесіндегі автомобильдер аралықтарындағы қашықтықтың күрт қысқаруын) болдырмайтындай етіп жол тораптарының барлық бөлшектерін есептеп шығару керек. Бұл мақсат үшін мыналар қарастырылуы мүмкін:жол ұзындығы бойынша жылдамдықтар эпюрлерін бірдейлестіру – жылдамдықтар айтарлықтай төмендейтін жерлерді жаңартып жасау жолымен жылдамдықтарды арттыру және қауіпті бөліктердегі жылдамдықтарды шектеу; автомобильдердің маневлері (әрекеттері) үшін және жол бойымен сенімді қозғалысы үшін қажетті кеңістікпен қамтамасыз ету: пландағы, бойлық профильдегі және жол алқаптары шектеріндегі көрінушілік, жүріс бөлігін кеңейту,жүргізушілер үшін жолдың жалпы бағытын және сондай-ақ сәйкес қозғалыс алқаптарын белгілеу. Жергілікті жағдайларға байланысты бұл міндеттерді шешу үшін келесідей шаралар қарастырылады:планның және бойлық профильдің элементтерін өзгерту (пландағы қисықтардың радиустарын ұлғайта отырып қайта жасау, көрушілікті ұлғайту үшін жолдағы алқаптарды тазарту, бойлық еңістіктерді азайту, тор көпірлерді қайта салу);қозғалысты пассивтік реттеу шараларын қолдану – жүріс бөлігін белгілеу, бағыттағыш аралшықты бір деңгейдегі қиылыстарда жасау;жүріс бөлігінің әртүрлі алқаптары бойынша жүріп келе жатқан жылдамдықтағы (тұрғылықты жерлердегі жергілікті және транзиттік қозғалыстар) көлік ағынын топтарға бөлу немесе көлік ағынының бір бөлігіндегі қозғалыс жылдамдығын біркелкі төмендету және ұлғайту қажет болған уақыт жағдайларында (жолдар қиылыстарына жақындаулардағы өтпелі-жылдамдықтық алқаптар) немесе әртүрлі түрдегі (типтегі) автомобильдердің динамикалық сапасында күрт айырмашылықтар пайда болған жерлерде (көтерілулерде) көлік ағынын топтарға бөлу;қауіпті бөліктерге жақындайтын жерлерде автомобильдер қозғалысының жылдамдықтарын жасанды төмендету, мысалы, жүріс бөлігінде ірі тасты жазықтықтық беттік өңдеулерден «дірілдемелі (секірмелі) алқаптар» жасау.
Автомобилдер ағыны қозғалысының біркелкілігін қамтамасыз ету бойынша шараларды жоспарлау қозғалыс тәртібін бақылаудан және автомобильмен тасымалдауларды іске асыратын ұйымдардың тәжірибесінің есебінен шығуы керек. Қайта жасауды қажет ететін бөліктер туралы жүргізушілердің пікірлерін есепке алу, сондай-ақ қоғамдық көлік құралдары қозғалыстарының және маршруттық (бағыттық) жүк тасымалдаулардың графиктерін құрастырған кезде жүргізушілердің пікірлерін есепке алу үлкен пайда келтіре алады. Жолдың қауіпті бөліктерін табудың әдістері.
Әрбір автомобиль жолы планда және бойлық профильде қисықтардың радиустары мен қамтамасыз етілген көрінушіліктері, бойлық еңістіктері бойынша және трассаның басқадай сипаттамалары бойынша айырмашылықтары бар жекелеген бөліктердің үйлесуінен тұрады. Бұл көрсеткіштердің қозғалыс жағдайларына әсер етулері өзара байланып, жол-көлік оқиғалары санының әртүрлі бөліктерінде бірдей емес екендігіне ала келеді.
Автомобиль жолы планының және бойлық профилінің әрбір элементінің әсер етуі жекелеген әсер етуші факторларды сипаттайтын коэффициенттерді қолдану негізінде бағалануы мүмкін.
Барлық ұзындығы бойынша қауіпсіз жолда оқиғалардың пайда болуы сирек кездейсоқ жағдай болып табылады. Оқиғалардың жекелеген жол бөліктерінің арасында бөлініп таратылуы ықтималдылық теориясының заңдарына бағынуы тиіс, егер жүргізушілердің қажып-болдыруларының өсуінің әсер етуін маршрут және қозғалыс шарасы бойынша ескермесе. Бұл кезде жол-көлік оқиғалары туралы деректерді талдау көрсеткендей, жолдың әртүрлі километрлерінде жүріп өткен 1 млн. автомобильге шаққандағы олардың саны Пуассонның бөліп таратылу заңына бағынады. Қайсібір жол учаскесінде «К» оқиғалар болуының ықтималдылығы мына тәуелділікпен өрнектеледі:мұндағы — 1 километрге шаққандағы оқиғалардың орта саны;бөліп тарату көрсеткіші (параметрі).Математикалық негізделуіне қарамастан көрсетілген әдістің бірқатар кемшіліктері бар:оны жаңадан (қайтадан) салынып жатқан жолдардың жобаларын талдауға пайдалануға болмайды;қозғалыс қауіпсіздігін талдау жол-көлік оқиғаларының орта санына негізделген, яғни қауіпті бөліктердің тобына тек қана апаттылықтың орта деңгейінен жоғары оқиғалар санының көрсеткіштері бойынша бөлініп көрінетіндері жатқызылған. Бірақ осы маршрут үшін деректерді пайдаланған кезде бұл рұқсат етілетін шама ретінде қабылдануы мүмкін, орта деңгей барлық жолдардағы қанағаттанғысыз жол жағдайларымен анықталуы мүмкін. Демек, олардың нашар бөліктерінен аса нашар бөліктері бөлініп алынатын болады; уақытқа байланысты жол бөліктері бойынша оқиғаларды бөліп тарату біркелкі жүрмейді. Өте қауіпті жолдарда бірқатар жылдар бойы оқиғалар пайда болмайды, ал олар (оқиғалар) анық азырақ қауіпті жолдарда болады. Сондықтан бөліктердің қауіптілігін бағалаудың сенімділігі үшін бақылап-байқаудың уақыттың ұзақ мерзімі ішіндегі нәтижелері бар болуы керек;аса қауіпті бөліктерді сенімділіктің қайсыбір дәрежесімен бөліп көрсете отырып, бұл әдіс қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату бойынша белгіленген шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндіктер бермейді.
Көлік ағыны қозғалысының схемасы бойынша жетілдірілген дұрыс жобаланған әртүрлі деңгейдегі жол қиылысында көліктік ағынның қиылысулары болуы мүмкін келіспеушілік нүктелері болмайды. Одан шығарылып тасталатындары болып тармақтану нүктелері және өтпелі -жылдамдықтық алқаптарына кіре берістегі және олардан шыға берістегі бұрылатын автомобиль ағындарының келіп қосылу нүктелері табылады.
Қиылыстың қауіптілігін бағалау қажеттігі негізгі (басты) емес бағыттағы көлік құралдары ағындарының қиылысуын жіберетін толық емес типтегі (түрдегі) әртүрлі деңгейдегі түйіндерді жобалаған кезде пайда болады. Осындай қиылыстардың варианттарын бағалаудың неғұрлым қарапайым әдісі жол-көлік оқиғаларының ықтималдылығы қиылысатын ағындардың сомалық (қосынды) қарқындылықтарына пропорционал болады деген алғы шарттардан шығады.
Шығу жолдарын немесе бұрылыс жолдарын орналастырудың әртүрлі жағдайлары үшін (аралшықтармен бөлінетін) қозғалыс бағыттарының диаграммасын салады, онда тілдермен бағыттарды, олардың қалыңдығымен көрсетеді. Қозғалыс ағындары қиылысқан нүктелер саны белгілі бір дәрежеде қиылыстардың көліктік-пайдаланымдық қасиеттерін және қозғалыс қауіпсіздігін сипаттайды.
Әрбір қиылыстағы өзара бөгеттердің және жол-көлік оқиғаларының ықтималдылықтарын қиылысатын ағындардың қарқындылықтарының көбейтіндісімен немесе сомасымен (қосындысымен) бағалайды.Салыстырмалы есептеулер осы екі әдістің де қиылыстың ең жақсы типіне қатысты бірдей нәтижеге алып келеді. Есептеудің жазылып өткен әдісі келіп қосылатын, тармақталатын және қиылысатын қозғалыс ағындарын есепке алу жолымен өзара жақын варианттардың ішінен ең жақсысын таңдап алу үшін жетілдірілуі мүмкін.