Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық

354 көрілім

Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау  маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып  жатыр.     Түркістан жоғары медицина колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Сұхбат кешіне қалалық ІІБ полиция аға учаскелік инспекторы, майор И.Шадманов, полиция учаскелік инспекторы, капитан М.Оралов, жасөспірімдер инспекторы Т.Құрман, ТЖМК жалпы білім беру бөлімінің меңгерушісі Д.Кусембаева, жастар ісі маманы Б.Сейтжанов және ЖБББ студенттері қатысты.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жайында және бөтеннің мүлкін ұрлау, қарақшылық, алаяқтық туралы баяндап, одан сақ болудың жолдарын түсіндірді. Түнгі уақытта жүрудің жасөспірімнің өміріне қауіпті екенін ескертті. Сонымен қатар бүгінгі таңда оқу орындарында да, қоғамдық орындарда және сауда- саттық орындарында да бейнебақылау камералары өте көп екендігін, сондықтан қылмысқа барудың соңы жақсылыққа алып келмейтіндігін нақты мысалдар келтіре отырып жеткізді. Студенттер өз тараптарынан сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.

Іс-шара соңында Түркістан қаласы бойынша полиция қызметкерлерінің атсалысуымен «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» тақырып аясында жүргізілген рейдтер туралы бейнеролик көрсетілді.

Кәмелетке толмағандар  арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы кызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтын қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тулғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің кезделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда түрған және ерекше қорғау мен колдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тэрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор.

Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның  ішінде кеңейтілген отбасының түтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету эрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.Баланың келешегіне кері эсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз қү-былыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жагдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дэл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады. Оқу орындары, кәмелетке толмағандарға медициналық, кеңестемелік және басқа да көмек көрсететін, атап айтқанда осындай жэрдемге мұқтаж немесе катыгездік күрбаны болған, ата-анасының мейірімін көрмеген және қудалау мен қанауға душар болған жасөспірімдерге қолұліын беретін базалық және аныктама орталықтарына айналуы тиіс. Нормативтік құжаттарда мектепке бару ережесін сақтау қиынға соғатын, сондай-ақ мектепті тастап кететін кәмелетке толмағандарға арнайы көмек көрсетілетіні көзделіп, жастар арасындагы қылмыстың және кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімді жолдарын табуға қатысты, ғылыми-зерттеу жүргізуде білім беру жүйесінің барлық буындарының арасында ынтамақтастық болуын ынталандыруға, сондай-ақ осындай зерттеулердің кең таралуы чөзделуге тиіс. Осындай зерттеу нәтижелерінің негізінде білім басқармалары кәмелетке толмағандарға, заңға сәйкес мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелік құралдар әзірлеп, білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне енгізу керек. Жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алудың неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез-құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, эсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының лидерлерін дер кезінде анықтауға және олардың  айналадағы адамдарға теріс ықпал  жасауына жол бермеу болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болғанда бұл жүмыстың пэрменділігі артады. Осының өзі кұқық бұзушылықтың қайталануын болдырмауға, сондай-ақ оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден оқшаулауға мүмкіндік береді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағытты әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады, себебі кәмелетке толмағандар құкық бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытын да ұйымдастырылатын эр түрлі қызметтердің жұ_мыс сапасына байланысты.Мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарлама болуы тиіс.

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бүқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымвізға белгілі. Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанқұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағанадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар мұның өзі келешек Ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда, жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді БАҚ-ы арқылы тарату қажеттігі туралы норма императивті түрде баяндалу керек. Заңда бұқаралық ақпарат құралдарын есірткімен, зорлықпен байланысты материалдар көрсетуді мейлінше азайтуға, сондай-ақ зорлық пен қанауды жағымсыз жағынан көрсетуге мүдделі ететін, осыған ынталандыратын нормалар көзделуі тиіс. БАҚ-ы өз бағдарламаларын дер кезінде түзетуі  аса қажет, олардағы ақпарат балалар  мен жасөспірімдердің ақылын кемітпей, қатыгез етпей, дүрыс бағдар беруі тиіс. Сонымен қатар есірткі мен алкогольді пайдаланудың алдын алудағы, бұл заттардың зияны туралы ақпаратты барлық деңгейде таратудағы рөлі мен жауапкершілігі заң жүзінде анықталғаны жөн. Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарынын қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекеттік басқару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мэселелерімен айналысатын жастар және қоғамдык ұйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды эзірлеу қажет. Осы мақсатта үйлестіруші орган, балалар мен жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алу іс шараларын жүзеге асыру кезінде жинақталатын ақпарат, тәжірибе, білім мен мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде алмасуды жандандыруға тиіс. Осы орайда айта кететін бір жағдай, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар, білім басқару мекемелері, ішкі істер органдары, балалар мен жасөспірімдердің жалпы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сай келмейтін мінез-құлқы, көп жағдайда есею процесімен байланысты болатындығын және есейген сайын олардың мінез-құлқы өзгеретіадігін, ал жасөспірімдерді тәртіп, құқық бұзушы немесе бастап келе жаткан құқық бұзушы деп анықтау көп жағдайда жастардың бойында түрақты жағымсыз мінез-құлык қалыптасуына әкеліп согатындығын да терең ескерілуі қажет деп ойлаймын.

Жалпы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы мэн-жайлар Қазақстан Републикасының Қылмыстық кодексінің VI бөлімінде кеңінен қарастырылған. Аталған заңның 78 бабында сэйкес, кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезде 14-ке толған, бірақ 18-ге толмаған адамдар танылады, яғни қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады.

Сонымен қатар  айта кететін болсақ жасалған қылмыс санатына байланысты (аса ауыр, ауыр, орташа, кішігірім) қылмыс жасаған кәмелетке  толмағандарға қылмыстық жаза тағайындауы  мүмкін немесе оларға тәрбиелік әсері  бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Кәмелетке толмағандарға төмендегіше жаза түрлері тағайындалады: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан шектеу және бас бостандығынан айыру. Айыппұл түріндегі жаза кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл 10/500 (оннан бесжүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады. Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылғы дейінгі мерзімге тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза 40 сағаттан 160 сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады және кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін жршсты жасауға ғана тартылады. Қоғамдық жұмыс оқудан немесе негізгі жүмыстан бос уақытта атқарылады. 16 жасқа толмаған адамдардың жаза түрін орындауының үзақтығы күніне 2 сағаттан, ал 16-дан 18 жасқа цейінгі адамдар үшін күніне 3 сағаттан аспауы керек. Түзеу жүмыстары түріндегі жаза сот үкімі шығарған кезде 16 жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға ғана және бір жылғы дейінгі мерзімге тағайындалады. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын айыру жазасы 10 жылдан аспайтын, ал, ауырлататын мән-жайларды кісі өлтіргені үшін немесе-қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың біреуі ауырлататын мэән-жайларда кісі өлтіргені үщін 12 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Кішігірім ауырлықтағы қылмысты бірнеше рет жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдедетін және ауырлататын мән-жайлар толық ескерілуі тиіс. Мысалы, жеңілдетін мән-жай ретінде жасы кәметке толмаган сотталушының жеке басы, жанұясы, тұрмыс жағдайы, оның өмірі мен тэрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ, оған жасы үлкен адамдардың ықпалы, іс бойынша жәбірленушімен қарым-қатынасы, жэбірленушіге көмек көрсетуі, қылмыспен келтірген залалдың өтеуі, жәрбірленушінің соттағы позициясы, сотталушының жасының кәмелетке толмағандығы, тағы басқа да мэн-жайлар ескеріледі. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ҚК-ның 54 бабында көрсетілген және қүрамы шектеулі болып табылады. Мысалы, қылмыстың бірнеше рет жасалуы, қайталануы, кылмыспен ауыр зардаптар келтіруі, адамдар тобы боп жасау, қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару, алкогольдік, есірткілік еліту жағдайында қылмыс жасау, тағы басқалар. Әрине, қылмыстық заңда жасы кәмелетке толмаған сотталушының жас ерекшелігін ескере отырып кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылуы мүмкін. Кішігірм ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылықққа тартпай-ақ түзеуге болады деп тапса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұндай жағдайда оған Қылмыстык кодекстың 82 бабында көзделген тэрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкін. Адамның қайтыс болуымен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке тодмаған баланы сот осы қылмыстық кодекстің 67 бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жаупкершілігі осындай. Оны білген дұрыс және ондай жағымсыз іс-әрекеттерден кашық болған жөн, себебі, заңға қайшы әр іс әрекеттердің сүрауы және өтемі бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы