АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙ БОЛМАСЫН ҚОРҒАЛУЫ КЕРЕК

388 көрілім


Адам құқығы туралы әңгіме қозғалса толассыз сұрақтар туындайтыны сөзсіз. Бұл жөнінде Түркістан қалалық сотының өкілдері тілшілерімізге берген сұхбатында іс барысында көптеп кездесетін жағдай екенін айтады. Оны алдын алу үшін қарапайым ғана әрекет жасалатыны сөзсіз. Атап айтқанда үгіт-насихат шараларын арттыру. Реформаларды тұрғындарға кеңінен насихат ету.
Құқығы бұзылған азаматтарды қорғау мақсатында құрылған бірнеше топтың түрлері бар. Егер қоғамдық өрескел құқық бұзушылық, тұрмыстық құқық бұзушылықтар орын алатын болса, бұл іс әкімшілік сотта қаралады. Әрі қарай теріс қылық немесе қылмыс орын алса, оны қылмыстық істер жөніндегі соттар қарастырады. Ал материалдық-моральдық шығындар, заңды мүдделерге зиян келіп жатса, бұл істерді азаматтық істер жөніндегі сот өз бақылауына алады. Биыл «ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» өз күшіне енеді. Біздің заңда «материалдық және процессуалдық» деген ұғым бар. Бұл жерде сотқа дейінгі тергеу, сот процесі кезінде іс қалай қаралады, қалай шешімін табады деген мәселер қарастырылады. Егер бірінші инстанция сотында мәселе шешімін таппаса, апелляциялық сотта қайта қарастырылып, бұзылған құқық тиісті деңгейде қорғалады. Ал тіпті бұл жағдайда өзгеріс болмаса, кассациялық сот деген бар. Дегенмен біздің сот жүйесінде кассациялық сотта қаралатын істердің саны шектеулі. Заң бойынша тізім жасалған. Тізімде жоқ жағдайларды біз Жоғарғы сотта қарастыра алмаймыз. Бірақ заңгерлер кассациялық соттағы шектеулерге қарсы шыққан. Себебі Конституцияда жазылғандай адам құқығы қандай жағдай болмасын қорғалуы керек.
Сот жүйеcіндегі реформалар дегеніміз – өзгерістер. Реформалардың мазмұны құқықтық мемлекетті қалыптастыруға бағытталған. Біздің мемлекеттік биліктің үш тармағы бар: атқару, заң шығару, сот. 1995 жылы Конституция қабылданғалы аталған үш тармақ өз саласында тепе-теңдік және тежемелік қағидасын басшылыққа ала отырып, өздеріне жүктелген міндеттерді орындап келеді. Соның ішінде сот жүйесінде реформалардың мазмұны – халықты сотқа, сот көмегіне жүгінген кезде әділ шешімнің шығатынына сендіру және осыны жүзеге асыратын судья деген тұлғаның мәртебесін арттыру.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы