ЕСІРТКІГЕ ӘУЕС БОЛУДЫҢ СОҢЫ ЖАЗА

583 көрілім

Қазақстан Республикасының Ата Заңында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Қазақстан зиялы, демократиялық жəне тəуелсіз құқықтық мемлекет ретінде, дүниежүзілік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі бола тұрып, есірткі заттардың заңсыз айналымына қарсы белсенді түрде күрес жүргізуде. Есірткіге тәуелділік не оны табыс көзіне айналдыруға жол берілмейді. Оған байланысты заңда қатаң жаза қарастырылған. Сондықтан Түркістан қалалық полиция басқармасы бұл қылмыс түрі түбінде түрлі құқық бұзушылыққа әкеліп соқтыратынын ескертеді.
Түркістан қаласында «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы жүйелі іске асып жатыр. Бұл ретте, шаһарда түрлі қылмыстар жедел ашылуда. Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғынның үйінде заңсыз есірткі сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді.
Ал Түркістан қаласындағы тәртіп сақшылары хабар алысымен аталған мекен-жайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сезіктінің үйіндегі диванның қуысына жасырылған газет орамасын тапты. Оның ішінен есірткі затына ұқсас зат тәркіленіп, тиісті сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес ол «кептірілген марихуана» болып шықты.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты ҚК-нің 296-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқа да қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Түркістандық полиция қызметкерлері азаматтарға есірткі заттарын сақтау мен заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Егеменді еліміздің ертеңгі күнінің ескегін есетін өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына сай тəрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мəселесіне айналып отыр. Өмір сүріп отырған ортаны жақсартып, жастардың теріс құбылысқа бой алдырмауы үшін жан-жақты тəрбие жұмыстарын жүргізіп отыруы қажет. Соңғы жылдары жастар арасында тəртіп бұзушылықтың сан алуан түрі, əсіресе нашақорлыққа қатысты қылмыс қарқын алып барады.
Дана халқымыз салауатты өмір сүруді «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген мақалымен нақтылаған. Ал жан тазалығының негізі – салауатты өмір сүру. Нашақорлыққа салыну тек жеке адамның денсаулығына ғана зиян келтірмейді, ол қылмысқа апарар бірден бір жол. Ең қауіптісі сол– ұлттың рухани азғындауына əкеліп соқтырады. Сондай-ақ нашақорлық пен есірткі бизнесінің одан əрі таралуына тиімді мемлекеттік жəне қоғамдық қарсы əрекет жасау жүйесін құру мақсатында, Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизесіне қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы іске асырылады. Жеке пайдамен жəне кəсіпкерлік əрекетпен байланысты коммерция, сауда жасау ісі деп түсініледі. Қазіргі таңда түрлі авторлардың есірткі бизнесіне берілген түсініктеріне едəуір пікірталастар болып жатыр.
Нашақорлықтың еліміздің кеңістігінде кеңінен таралуын нақты түсіну үшін, белгілі бір уақыттағы жалпы есірткіге байланысты қылмыстардың динамикасын жəне оның негізгі құрылымлық көрсеткіштерін, осыған жол беретін себептері мен жағдайларын анықтау ке рек. Нашақорлықтың жайкүйіне есірткіге байланысты қылмыстардың жоғары латенттілігінің деңгейі мен есірткі топтарының ұйымшылдығы əсер етіп отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы