ТАҒЫ БІРНЕШЕ РЕТ АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН АДАМҒА ҚАТЫСТЫ ІС СОТҚА КЕТТІ

299 көрілім

Қазіргі таңда ел аумағында алаяқтардың құрбаны болып жатқан жандардың саны көбеймесе аз болып жатқан жоқ. Бұл жөнінде Түркістан қалалық прокуратурасы және жалпы құқыққорғау органдары тарапынан ақпарат құралдарының бетінде алдын алу шаралары бойынша жарияланымдар жасап келеді. Дегенмен қылмыстың бұл түрі әзірге тиылмай тұр.
Мысалы аталмыш мәселенің дәлелі ретінде тағы бір оқиғаны назарларыңызға ұсынбақпыз. Атап айтсақ, Түркістан қаласының прокуратурасы бірнеше рет атаулы әлеуметтік көмек пен жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатында берілетін мемлекеттік грант шығарып беру арқылы алаяқтық жасады деген айыппен қала тұрғыны 1977ж.т. М.Л. қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ол халық арасында атаулы әлеуметтік көмек пен жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатында берілетін мемлекеттік грант қаражатын алу үшін сұраныстың көп екенін біліп, алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін сенімді теріс пайдалану арқылы 3 жәбірленушіден жалпы 480 000 теңге қаражатын жымқырған.
Тергеу нәтижесімен қалалық полиция басқармасы М.Л. жоғарыда аталған қылмысты жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен оның іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен (үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген) саралаған.
Жәбірленушілерге келтірілген залал тергеу барысында толық өтелді.
Осы орайда атап өтер жайт, құқық қорғау органдарының өкілдері ұсынған азаматтарға ескерту және кеңес ретіндегі құқықтық дәйектерді де ұсынғанды жөн деп таптық. Аталған қылмыс түрін жасаған адамдарға заңда кешірім жоқ. Оның мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер аса ірі мөлшерде жасаған болса, мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сондықтан бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену секілді ойдан аулақ болыңыз немесе сондай жағдайға куә болсаңыз не тап болсаңыз аталған жағдай әр кез есіңізде жүрсін, қадірлі оқырман!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы