ПЕРЗЕНТІҢІЗ ОҚУ ГРАНТЫН ЖЕҢЕ АЛМАСА, ӨЗГЕНІҢ УӘДЕСІНЕ СЕНІМ АРТПАҢЫЗ

666 көрілім

Дәл осындай оқиғалар көптеп кездеседі. Ұлы немесе қызы мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түсу үшін білім грантын жеңіп алуға тырысатыны анық. Осы кезде сізге жәрдем ететін жандар табыла кететіні анық. «Маған теңге берсең, балаңның оқу грантын жеңуіне көмектесемін», «менің жоғарыда танысым бар. Баланы әурелемей ақшамен өткіз» деген сыңайлы сөздерді алға тартып, жеңіл олжаға жетелейтін адамдардың сөзіне сену еш қисынға келмейді. Себебі, қазіргі таңда оқу орнына түсу барысында мұндай жеңіл жолға мүмкіндік берілмейді. Десе де аталмыш мәселе төңірегінде жапа шеккен жандар бар екенін ескертеді Түркістан қалалық полиция басқармасы.
Түркістан ҚПБ-на арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни танысы 2021 жылдың ақпан айында “оқу орнына грантқа түсіріп беремін” деп сеніміне кіріп, 1 500 000 теңгесін алған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық ” бойынша тіркеді. Түркістандық тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз әйел, Кентау қаласының тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, сезікті әйел алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде. Сондықтан полицейлер мүмкіндігінше сақ болып, кез келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін айтады.
Алаяқтық – бұл қылмыскерге заңсыз пайда табуға немесе жәбірленушіге құқығынан бас тартуға бағытталған қасақана алдау әрекеті. Алаяқтықтың түрлеріне салықтық алаяқтық, несиелік карта бойынша алаяқтық, банктік алаяқтық, бағалы қағаздар бойынша алаяқтық және банкроттық бойынша алаяқтық жатады. Алаяқтық әрекетті бір жеке тұлға, бірнеше жеке тұлға немесе тұтасымен іскери фирма жүзеге асыра алады. Алаяқтық басқа біреудің есебінен заңсыз немесе әдепсіз жолмен пайда табу мақсатында алдауды білдіреді. Қаржы саласында алаяқтық әртүрлі нысандарда болуы мүмкін, соның ішінде жалған сақтандыру талаптарын жасау, кітаптарды дайындау, сорғыту және демпингтік схемалар, сондай-ақ жеке тұлғаны ұрлау рұқсатсыз сатып алуға әкеледі. Алаяқтық экономикаға жыл сайын миллиардтаған доллар шығын әкеледі, ал ұсталғандар айыппұл төлейді және түрмеде отырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы