Мас күйде автокөлік басқару өзіңнен бұрын өзгеге залалы көп

496 көрілім


Мұндай жағдайлар заң талаптарының қатаңдай түскеніне қарамастан әлі де кездесуде дейді Түркістан қалалық прокуратурасы. Сонымен бірге, келеңсіз жайлардың алдын алу барысында жүргізушілерге былайша кеңес береді.
Көлікті алкоголь, есірткі, уытқа мас күйінде басқарса, жүргізуші куәлігінен 3 жылға айырылады. Дәл сол әрекет апатқа себеп болса, жүргізуші куәлігінен 4 жылға айырылады. Дәл сол әрекет жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жаза белгілері жоқ зиян келтірсе немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге себеп болса, жүргізуші куәлігінен 5 жылға айырылады. 1,2,3 бөлімдегі әрекет әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталанса, жүргізуші куәлігінен 6 жылға айырылады және 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынады. Осы баптың төртінші бөлігіндегі әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталанса, жүргізуші куәлігінен 10 жылға айырылады және 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынады. Осы баптың 1,2,3 бөліміндегі әрекетті көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаса, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынады. Осы баптың алтыншы бөлігіндегі әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталанса, 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынады. Осы баптың 6,7 бөлімдеріндегі әрекетті әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылмайтын адамдар жасаса, 200 АЕК айыппұл салынады. Әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылмайтын адамдар: жүкті әйел; 14 жасқа жетпеген бала тәрбиелеп отырған ана; 1,2 топ мүгедектері; кәмелетке толмағандар; 58 жастан асқан әйелдер және 63 жастан асқан еркектер.
Әрине, мұндай жаза түрлері кім-кімге болса да оңай тимесі анық. Десе де келеңсіз жағдайлардың орын алып жатқанын төмендегі жағдай тағы да растай түседі.
Түркістан қаласының тұрғыны 1992 ж.т. Д.Розбаев 2020 жылы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылған.
Осыған қарамастан ол ағымдағы жылы спирттік ішімдік ішіп алып, мас халде қайтадан автокөлік басқарып жүрген және осы кезде оны полиция қызметкерлері тоқтатып ұстаған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Д.Розбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) айыпталып сотқа берілген.
Түркістан қалалық сотының үкімімен Д.Розбаевқа өмір бойына көлiк құралын басқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы