Түркістан қаласында кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері жауапты органдардың назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Кәсібін одан әрі жандандыру үшін құжат рәсімдеу барысында мемлекеттік органдар тарапынан орын алатын кедергілер, орынды-орынсыз құжаттар талап ету тұрғысындағы әрекеттері өз кәсібін дамытамын деген азаматтар үшін едәуір мәселелер туындататыны сөзсіз. Осындай жағдайларды назарға алған Түркістан қаласының прокуроры Ж.Ахметбек бастаған сала өкілдері Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және оларға мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері бойынша кезекті бірлескен кездесу ұйымдастырды. Сонымен бірге, кездесуге уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларымен қатар қаланың бизнес өкілдері шақырылып, 15 жуық кәсіпкер қатысты. Кездесуде жауапты лауазымды тұлғалардың осыған дейінгі жиналыстарда көтерілген кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалары бойынша есептері тыңдалып, жергілікті атқарушы органдардың бизнеске қолдау көрсетудегі өзекті сұрақтары талқыланды.
Атап айтқанда Түркістан қаласының индустриялық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және қала аумағында стационарлық емес сауданы ұйымдастыру мәселелері бойынша қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары есеп берді.
Сонымен қатар кездесу барысында мектеп асханаларында балаларды тамақтандырумен айналсатын кәсіпкерлердің проблемалары талқыланды.
Қала прокуроры Ж.Ахметбек өз сөзінде: «Мемлекет басшысы атап өткендей мемлекетіміздің негізгі қозғаушы күні шағын және орта бизнес саласын одан әрі ілгерілету тұрғысында кәсіпкерлерге заң аясында қолайлы жағдай ұсынуымыз қажет. Мұндай мүмкіндіктерді әрбір кәсіпкер талап етуге толықтай құқылы. Қазіргі таңда кәсіпкерлік құқықтың мынадай принциптерін атауға болады. Соның ішінде кәсіпкерлік-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық мәртебесінің теңдігі, меншікке қол сұғылмайтындығы, кәсіпкерлік-құқықтық шарттың еркіндігі, мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы, кәсіпкерлік-құқықтық қатынастардың субъектілері — кәсіпкерлер мен тұтынушынарды қорғау, несие берушілердің құқықтары мен занды мүдделерін қорғау, кәсіпкерлік құқықтардың қорғалуы барлық кәсіпкерлік-құқықтық нормативтік актілерге сай келеді»,-деді. Оған қоса жиынды қорытындылай келіп, барлық көтерілген мәселелер бойынша лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
ӘРБІР КӘСІПКЕР ӨЗ ҚҰҚЫҒЫН ТАЛАП ЕТУГЕ ҚҰҚЫЛЫ
408 көрілім