ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙТЫП МОБИЛЬДІ ТОПТАР ЖҰМЫС АТҚАРУДА

546 көрілім

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау-бұл кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын (мүдделерін) қалпына келтіруге бағытталған нормативтік тәртіппен белгіленген тетіктер кешені. Түркістан қаласында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар заңнамалық деңгейде әртүрлі қорғау тәсілдерін пайдалана отырып, белгілі бір нысандарда жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта мемлекеттік, оның ішінде прокуратура органдары жүйелі негізде бизнесті қорғау жөніндегі функцияларды іске асыру үшін барлық қажетті құралдар мен тетіктерді құрды.

Осыған байланысты Түркістан қалалық прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылу фактілеріне шұғыл әрекет ету бойынша мобильді топ жұмыс атқаруда.

Мобильдік топтардың міндеті кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы туралы кез келген сигналдарға жедел әрекет ету, оның орналасқан жеріне жедел шығу, кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу жағдайларын болдырмау болып табылады.
Байланыс үшін қызметтік және ұялы телефондардың нөмерлері: 8702 845 5424

Жыл басынан бері облыс прокуратурасы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 11 іскер жанның құқығын қорғаған. Нәтижесінде 9 қадағалау актісі енгізіліп, 2 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, жергілікті прокуратура қызметкерлері бизнес субъектілеріне жүргізілген 5 тексерістің негізсіз екенін анықтап, заңсыз әрекет еткен қызметкерлерді жауапқа тартты. Ал өткен жылдың 12 айында мобильдік топтарға кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу туралы 79 шағым келіп түскен екен. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында 24 қадағалау актісі енгізілді. 15 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 6 заңсыз тексерудің күші жойылды, жоспарланған тағы 7 тексеріс заңсыз деп танылды. Нәтижесінде 3 мың 600-ден астам бизнес өкілінің құқығы қорғалды.

Қазыбек Ғалымжан, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры

– 2021 жылы 12 қоғамдық кеңес өткізілді. 16 проблемалық мәселе қаралды, олардың барлығы шешілді. Облыс прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейді. Олар өңірлік кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимыл жасайды және бизнес субъектілерінен келіп түскен сигналдарға жедел ден қояды.

Кәсіпкерлік азаматтық-құқықтық реттеу объектісі болып табылады. Азаматтық құқықтың нормалары кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана реттемейді, онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін сыбайлас-жемқорлықтан қорғауға бағытталған бірқатар нормалар бар. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жадталған жүйе құратын заң болып табылады, ол мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастың барлық ауқымын реттейтін құқықтық негіз болып қызмет етеді, нарықтық экономика жағдайында дамиды.

Азаматтық заңнамамен реттелетін қатынас саласында кәсіпкерлер заңмен тыйым салынғаннан басқа кез-келген іс-әрекет жасауға құқылы. Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау – бұл құқыққа қол сұқпауды қамтамасыз етуге, бұзған жағдайда және бұзу салдарын жойған кезде оны жүзеге асыруға, жандандыруға бағытталған заңмен қарастырылған іс-шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 9-бабы құқықты қорғайтын органдарды, қорғау құралдарын (тәсілдерін) және қорғау тәртібін белгілейді – сот, арбитраж немесе аралық сот. Кәсіпкерге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-бабымен танысу қажет, онда азаматтық кодекстің негізгі қағидаларының біреуі бекітілген – кім болса да жеке істерге араласпауы. Бұл қағиданың мағнасының бірі – билік және басқару органдарына кәсіпкерлер өз мүлкіне қалай билік жүргізіп, өз пайдасын бөліп, кірісін пайдаланып жүргеніне ықпал жасауға тыйым салынуы. Осы қағидаға сәйкес сондай-ақ ешкімнің рұқсатын, келісімін алу, ақпарат беру қажет емес, егер осыған ұқсас талаптар тікелей заңмен бекітілмесе.

Біріншіден, кәсіпкерлік түсініктің мағынасын түсіну қажет. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10-бабы келесідей анықтама береді: «Кәсіпкерлік – ол меншік формасына қарамастан, тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсету) сұранымды қанағатандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу (мемлекеттік кәсіпкерлік) құқығына негізделген азаматтардың және заңды тұлғалардың бастамалы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асырылады».

Кәсіпкерлік қызмет анықтамасынан шаруашылық қызмет келесі қажетті белгілермен сипатталады: нарықта өнім, қызмет көрсету, жұмыстар өндіру және сату арқылы кіріс (пайда) алуға бағытталған; бастама болып табылады, яғни кәсіпкердің тек өз ықтияры бойынша оның мүддесіне сәйкес және оның өз қарауы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Небір жетекші органның немесе тұлғалардың бұйрығы немесе тікелей нұсқауы бойынша іс-әрекетті жүзеге асыруды кәсіпкерлік деп есептеуге болмайды; кәсіпкердің толық мүліктік дербестігі базасында жүзеге асырылады. Кәсіпкер мүліктік базаның меншігі болып табылады, ол кәсіпкерлік барысында болуы мүмкін мүліктік шығын мен шығыстың толық қаупін көтереді; кәсіпкер азаматтық айналымда өз атынан сөйлейді. Екіншіден, кәсіпкер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10-бабының 3-тармағын зерттеуі керек, онда кәсіпкерлерді қорғау және қолдау тәсілдері қаралады: кәсіпкерлік қызметті, қызметтің лицензияланатын түрлерінен басқа, ешкімнің рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкіншілігі.

Конституцияның 10-бабы Қазақстан Республикасының әр азаматының, арнайы рұқсат талап етілетін қызмет түрлерінен басқа(лицензия), ешбір шектеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығын бекітеді. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың негізгі міндеті не өз- өзінен немесе оны ойдағыдай емес жағдайда жүзеге асырған кезде мемлекеттік немесе азаматтар мүддесін бұзуы мүмкін түрлерін шектеу болып табылады.

Кәсіпкерлікті лицензиялауға заңнамалық негіз болып «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы қызмет атқарады. Лицензияны беру шарттары бұзылған жағдайда ол заңсыз деп мойындалуы мүмкін. Лицензияны мерзімінен бұрын тоқтату, кері қайтарып алу, оның іс-әрекетін тоқтата тұру немесе оны заңсыз деп мойындау заңнамалық актілермен бұлтартпай белгіленген және сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу үшін оған қатаң сәйкес болуға тиіс. Кәсіпкерліктің барлық түрлерін экономиканың барлық саласында бір тіркеу органда шамасынша жеңіл тіркеу тәртібі.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді есепке ала тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңымен заңды тұлғаларды тіркеудің жалпы тәртібі белгіленген, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарды да. Тіркеу кезінде кәсіпкерлік қызметпен айналысу заңдылығы тексеріледі.

Қазіргі жағдайда мағынасыз деген желеумен тіркеуден бас тартуға тыйым салынады (тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныс жоқ, зор бәсекелестік,т.б.). Тіркелу үшін кәсіпкер-өтініш беруші тек қана бір тіркеуші органға жүгінуге тиіс. Егер заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңмен талап етілетін құжаттар ойдағыдай құрастырылған болса, тіркеуші органның тіркеуден бас тартуға немесе өтініш берушіден небір қосымша бұрыштамалар, келісімдер, рұқсат және т.б. талап етуге құқығы жоқ. Осы заңның 6-бабы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібін қарайды.

Заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеуші органға ҚР Әділет министрлігі белгілеген форма бойынша өтініш беріледі және мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылған үш дана құрылтай құжаттары қосымша беріледі. Өтінішке Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілеген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарды қосымша берумен бірге құрылтайшы немесе өкілетті құрылтайшы қол қояды. Сол мезетте тіркеуші органға заңды тұлғаның орналасқан орнын куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу үшін жинақты бюджетке төлегенін куәландыратын түбіртек немесе құжат тапсырылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері олардың орналасқан орнын куәландыратын құжат тапсырмайды. Заң және басқа заңнамалық актілермен қарастырылғаннан басқа небір құжаттар мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады. Тіркеудің мағнасы жариялылық жағдайын жасайтынында, себебі тіркеуші орган арқылы кез келген мүдделі тұлға заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен танысуға құқылы, егер олар жабық немесе мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болып табылмаса.Коммерциялық құпияны сақтауды заңды қамтамасыз ету кәсіпкерлер мүддесін қорғаудың (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабы) маңызды шарасы болып қызмет етеді.

Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия заңмен қорғалады.Коммерциялық құпияны құрастыратын мәліметтерді белгілеу тәртібі, оны қорғау құралдары, сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына кіруге тиіс емес мәліметтер тізілімі заңнамамен белгіленеді. Коммерциялық құпияға мемлекеттік бақылау функцияларын, тергеу немесе сот іс-әрекеттерін орындау арқылы, қызмет жағдайымен және т.б. қол жеткізе алатын тұлғалар оны басқа тұлғаларға жарияламауға міндетті. Мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметті тексеруді заңнамалық актілермен шектеу.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің көптеген саны қабылданған. Оларға «Жеке меншік кәсіпкерлік туралы» және «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Бас прокурордың 2004 жылғы 1 наурыздағы бұйрығымен бекітілген шаруашылық субъектілер қызметін тексерудің барлығын есепке алу бойынша нұсқау. Кәсіпкер оларға оның қызметін тексерумен байланысты сұрақтар пайда болған жағдайда жүгіне алады. Тексеріс тағайындалғаны туралы акті негізінде тек қана бір тексеріс жүргізіледі. Тексеріс тек қана тексеріс тағайындалған актіде көрсетілген лауазымды тұлғамен (тұлғалармен) жасалады. Кәсәпкерлік қызметті заңнамалық актімен қарастырылған негіз бойынша шығарылған сот шешімі бойынша мәжбүрлікпен тоқтату.

Кәсіпкерлік қызмет кез-келген негіз бойынша тоқтатылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы заңды тұлғаның сот шешімі бойынша таратылу жағдайларын қарайды: банкрот болған жағдайда; заңды тұлғаны оны құрғанда заңнамалық бұзушылық жіберілген кезде тіркелгенін заңсыз деп мойындаған кезде; заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы қызметті әрдайым жүзеге асырғанда; қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті, немесе бірнеше дүркін немесе дөрекі заңнамалық бұзушылықпен, оның ішінде декларация бермеумен жүзеге асырылса; заңнама қарастырған басқа жағдайларда.

Заңнамалық актілермен жеке меншік кәсіпкерлік үшін тыйым салынған жұмыстар, тауарлар және қызмет көрсету түрлерін, экспортқа немесе импортқа тыйым салынған немесе шектелген тізілімдерін белгілеу. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабының 2-тармағымен заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті жүзеге асырған кезде заңды тұлғаны сот тәртібінде таратуын қарастырады. Мұндай актілермен жеке меншік кәсіпкерлік үшін тыйым салынған жұмыстар, тауарлар және қызмет көрсету түрлерін, экспортқа немесе импортқа тыйым салынған немесе шектелген тізілімдер қарастырылуы мүмкін.

Мемлекеттік заңды тұлғалар үшін шектеу олардың құрылтай құжаттарымен және олардың құқықтық мәртебесі туралы нормативтік актілермен, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық келісімдерімен қарастырылған. Мемлекеттік органдарды, лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ басқа тұлғаларды және ұйымдарды кәсіпкерлер алдында олардың қызметіне заңсыз кедергі жасағаны үшін заңнама белгілеген мүліктік жауапкершілікке тарту.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 922-бабы мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарымен келтірілген зиян үшін жауапкершілік қарастырылады. Мемлекеттік органдардың заңнамалық актілерге сәйкес емес актілер шығарғаны нәтижесінде келтірілген зиян сот шешімі негізінде, акт шығарған органдардың, лауазымды адамдардың кінәсіне қарамастан, орнын толтыруға жатады.

Зиян орны мемлекеттік қазына есебінен толтырылады. Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың әкімшілік басқару саласындағы заңсыз іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген зиян орны осы органдардың билігінде тұрған ақша есебінен жалпы негізде толтырылады. Атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы органдарға кәсіпкерлік субъектілермен осы органдардың функциясына жататын міндеттерді орындауға келісім-шартқа тұруға тыйым салу.

Кәсіпкерлік субъектілерімен келісім қатынастарға түсу «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңымен қарастырылған сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына қайшы, оның 5-бабының 9 тармағы бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мемлекеттік реттеудің болмауы туралы жариялайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жолдауында заңды кәсіпкерлікке кедергі жасау – мемлекеттің ауыр қылмысы деп атап, тиісті мекемелерге бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Президенттің тапсырмасына сайкес Түркістан қаласында және облыстың бірқатар  аудандарында кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында түрлі шаралар атқарылып келеді.  Мәселен ауран ауданы әкімінің орынбасары С.Садибаевтың және аудан прокурорының міндетін атқарушы М.Байтелиевтың, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының құқықтық қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Н. Каримбаевтың қатысуымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау және бизнестегі заң бұзушылықтардың алдын алу жөнінде аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткен. Ашық диалог барысында өткен кездесуде аудандағы кәсіпкерлік саласындағы мәселелер талқыланып, кәсіпкерлердің құқығын қорғау, кәсіпкерлер жобаларын сүйемелдеу және ауыл шаруашылығына қатысты кәсіпкерлердің мәселелері талданды.  Жиында сөз алған аудан прокурорының міндетін атқарушы М.Байтелиев кездесудің маңыздылығына тоқталып, кез келген уақытта азаматтарды қабылдауға дайын екендігін және кәсіпкерлермен жиі кездесіп, құқық бұзушылыққа жол бермеуге баса назар аударып, кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдарға тиісті жауап берді. Кездесу ашық әңгіме барысына ұласты. Кәсіпкерлер сұрақ қойып, сала мамандарынан қанағаттанарлық жауаптар алды. Жауапты мемлекеттік органдар тарапынан шешімін таппаған кәсіпкерлердің мәселесі қаралып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Қалада бұдан басқа, кәсіпкерлердің сигналдары, өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау және заңдылықты қамтамасыз ету үшін аудан прокуратурасында мобильдік топтар жұмыс істейді, онда кәсіпкерлер өздерінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін жүгіне алады. Мобильдік топтың міндеті-бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзу туралы және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасалған сигналдарына жедел ден қою. Мобильді топтар алдын ала ақпарат бойынша кәсіпкерлердің құқықтары бұзылатын оқиға орнына баруға, сондай-ақ қашықтықтан кеңес беруге қабілетті. Мобильді топтардың байланыс нөмірлері аудан прокуратурасының ресми сайтында, «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Айта кетсек, «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы – бұл коммерциялық емес ұйым. «Атамекен» ҰКП ҚР Үкіметімен және мемлекеттік органдарымен бизнестің келіссөздік күшін кеңейту үшін құрылған. Кәсіпкерлер палатасы өз қызметімен кәсіпкерліктің, соның ішінде ішкі және сыртқы сауданың барлық салаларын қамти отырып, шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін ұсынады. «Атамекен» ҰКП басты міндеті – бизнестің заңнамалық және өзге нормативтік ережелерін қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлердің қатыстырылу және кең ауқымды қамтамасыз ету және бизнес мүдделерін және құқықтарын қорғау болып табылады. Ұлттық палатаның қызметі елдегі ұлттық, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін бизнесті жүргізу шарттарын дамыту, тұрақтылық, инвестициялық, ресми климатты жақсартуға бағытталған.

ҰКП негізгі функциялары: кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және өкілдік; аймақтардағы кәсіпкерлік қызмет талаптарын, кәсіпкерлік белсенділіктің қоғамдық мониторингін өткізу; кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу;ұйымдардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру және отандық өндірісті қолдау; техникалық және кәсіби білімді дамыту, кадрларды аттестаттау және сертификаттау, біліктілігін арттыру кадрларды сертификаттау және аттестаттау, техникалық және кәсіби білімді дамыту; кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру; инвестицияларды тарту және экономиканы  диверсификациялау.

Сонымен қатар, ҰКП мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруда қазақстандық бизнесті белсенді тарту үшін шығады. Мемлекеттік билік органдарында және жергілікті өзін өзі басқару органдарындағы ресми топтардың мүдделерін қорғайды. ҰКП шетелдік елдер қауымдастығының бизнеспен байланысын нығайтады және кеңейтеді.

Түркістан қаласында құқықтық саясаттың іске асырылу барысын, бейінді ведомстволардың құқықтық қамтамасыз ету, халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, заң жобалары мен мемлекеттік органдар … Түркістан қаласында тұМемлекет басшысының (оның ішінде Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы, мақалалары және сұхбаттары), Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметін және қаланың әлеуметтік -экономикалық жетістіктерін түсіндіру барысында түрлі қызметтер көрсетіліп, іс шаралар өз жалғасын табуда. Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы. Олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы.
Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады.
ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, кез келген адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқылы. ҚР Азаматтық кодексі айқын бекіткендей, меншік құқымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады. Cондықтан оқшау мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға тиісінше кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп танылмауына себеп болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы