Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері республикалық «Пробациялық бақылау» шарасында төрт сотталғанға ескерту беріп, бір сотталған азаматқа айыппұл салды.
Әр тоқсан сайын пробация қызметкерлері күнделікті тексеру шарасынан бөлек, бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалған сотталғандардың үйіне барып, тексеру шарасын жүргізіп және отбасымен сөйлесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Сотталғандарға бір апталық рейдттік шара жүріп жатқаны ескертілгеніне қарамастан, заңды қасақана бұзатындар кездеседі. Кешкі уақытта сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру шарасының аясында 4 сотталған азамат үйінде болмай шықты.
Ал, бір сотталған жанға ешқайда тіркеуде болмағыны үшін айыппұл салынды.
Сотталғандардың мекен-жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері жиі жасап тұрады.
Есепте тұратын сотталғандардың құқық бұзушылық жасауының алдын алатын шараның бірі. Осындай шараның күнделікті өткізілетінін білсе де, білмеген кейіп танытып, кешкі уақытта белгіленген уақытта үйінде болмай, ауылдан шығып кететіндер де кездеседі.
Пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалынатын қайталама қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша түнгі уақыттарда тексеріп, профилактикалық әңгімелер жүргізеді.
«Жұмыс уақтысынан кейін тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, отбасындағы туыстарымен сөйлесіп, түсіндірме жұмыс жүргіземіз. Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Сонымен қатар, бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, ҚР ІІМ іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырамыз. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекен-жайында болмаса онда ол адамға тиісті құжат толтырылып ескерту беріледі. Екі рет ескерту алған адамға, үшіншіде ескерту қарастырылмайды. Сөйтіп, қалалық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, не болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде «Ескерту» жарияланады. Ал, ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабы 3 бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады. Ал, жазаны сот тағайындайды. Осындай профилактикалық шара барысында сот жүктеген міндетті орындамаған 5 азамат анықталды. Оған қатаң ескерту жасалды. Енді оның тарапынан осындай қателік орын алатын болса, онда іс сотқа жолданатын болады», — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет лейтанаты Мадина Асқарқызы.
