Түркістан қаласы — облыс орталығы болғалы бері, киелі өңірде ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, соңғы үлгідегі бейнебақылау камералары қойылып, жол белгілері жаңалануда, тіпті кейбір көшелерге қажеттілігіне қарай жаңа жол белгілері қойылуда. Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері, жергілікті биліктің тікелей қолдауымен және мүдделі органдармен бірлесіп, жол қауіпсіздігін жақсарту, жол инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде жол жүрісін реттеудің және бақылаудың зияткерлік жүйелерін енгізу бойынша бірқатар профилактикалық іс-шаралар іске асырылуда.
Жол-көлік оқиғаларын алдын алудың негізгі факторларының бірі — жол белгілері мен сызықтардың (разметка) тиісті Ережелер мен стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету болып табылады. Осы бағытта Түркістан қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер зерделенді. Нәтижесінде ҚР 2014 жылғы «Жол жүрісі туралы» Заңының талаптарына сәйкес, Түркістан қаласы Ататүрік көшесіне 3,27 аялдауға тыйым салатын жол белгісін орнатып, жол таңбаларын сызу керектігі бойынша акт түзілді. Аталған кемшілікті жою мақсатында, Түркістан қаласының «жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» мекемесіне жазбаша түрде нұсқама беріліп, 1 тәулік ішінде жол белгісі сызылған. Яғни жолдың жүру бөлігіне жол таңбасын сызып, екі жақтама 4 дана жол белгілері орнатылды. Осылайша жол қозғалысына қауіп төндіретін кемшілік жойылды.
Бейбіт күнде жол бойында болатын апаттардың алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз іске асырыла бермек.
Сонымен қатар, Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ата-аналардан балалармен жол жүру ережелері туралы түсіндіру әңгімесін жүргізуді және балаларды көшеде тіпті бірнеше минутқа қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Балаларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеп, балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамытып отыру керек.
Көлік жүргізушілерін сақ болуға шақырамыз – жолда кез-келген уақытта балалар шығуы мүмкін! Қоғамдық көлік аялдамаларының, аулалар мен балалар алаңдарының, саябақтар мен скверлердің жанында қозғалыс жылдамдығын азайтуды ескеріңіз.
Велосипед-бұл көлік құралы. Бұл дегеніміз, көлік құралдарына қатысты жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптары, соның ішінде велосипедтерге де қатысты. Сонымен қатар, велосипедші жаяу жүргіншілер өткеліне жақындап, жаяу жүргінші ретінде жолды кесіп өтерде, велосипедті өзімен бірге алып жүруге міндетті.
Кейінгі жылдары еліміздің барлық қалаларында көліктің барлық түрлері көбейіп келеді. Бұл машина жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің, әсіресе мектеп оқушыларының жол жүру ережесін неғұрлым жетік біліп, қатаң сақтауын қажет етеді.
Жол – ең алдымен, балалар үшін аса қауіпті аймақ. Сырт көзге көлік жүргізу оңай болғанымен, жол ережелері өте көп. Оны біліп, сақтау әрбір жүргізуші үшін де, жаяу жүргінші үшін де – міндет!
Осы бағытта республика өңірінде «Назар аударыңыз, балалар!» атты кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы мен «Мен және менің полицейім!» атты республикалық акциялар өткізілуде.
Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаттарының бірі – жол ережелерін бұзу фактілерінің алдын алу, балаларды жол белгілерін ажырата білуге, жол ережесін қатаң сақтауға баулу болып табылады.
Түркістан қаласы полиция басқармасы білім беру мектебінің оқушылары арасында дәріс оқып, полицейлердің қызметтік автомашиналарын көрсетті. Өздерінің қызметтік міндеттерін түсіндіріп, балаларды қоғамдық орындар мен жолдарда құқық бұзбай, тәртіпті болуға шақырды. Іс-шараға белсене қатысқан оқушылардың басым бөлігі болашақта полиция қызметкерлері қатарында қызмет етеміз деген өз қызығушылықтары мен ниеттерін білдіріп жатты. Осыдан біз, полицияның жұмысы тек ересектер арасында ғана емес, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында да абырой мен беделге ие екенін көре аламыз. Кездесу кезінде оқушылар учаскелік инспекторларына жол жүру ережесі бойынша көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жол ережесіне қатысты пайдалы кеңестер алды.
Сонымен қатар, жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге қатысты хаттама толтырумен емес, жол жүру ережесін қатаң сақтау туралы жадынамалар мен кітапшалар таратумен ерекшеленді.
Бұл іс-шаралар балалардың жол ережесі туралы білімін кеңейтуге, жол белгілерін ажырата білуге, жол ережесін қатаң сақтауға үйрету, жүргізушілерге жол ережесін бұзбауды, балалардың өмірін сақтау.

