ТЕРМИНДЕР «ТЕКЕТІРЕСІ»: заңнамадағы қолданыстары, бекітілген нұсқалары және салалық терминологиялық сөздіктердегі аудармалары

464 көрілім

Терминдердің қолданылуындағы әртүрлі сәйкессіздіктер туралы ғылыми әдебиетте де, баспасөзде де аз айтылып жүрген жоқ. Біз бұл мақаламызда заң саласындағы кейбір терминдердің заңнамадағы қолданыстарын (ЗҚ), бекітілген нұсқаларын (БН) және салалық терминологиялық сөздіктердегі (СТС) аудармаларын талдай келе, төмендегідей жайттарды жіктеп көрсетіп отырмыз: 1. Орыс тіліндегі бір терминнің қазақ тілінде екі немесе одан да көп нұсқада қолданылуы Заң терминдері қоғамның кез келген саласында қолданылатындықтан, мақаланы осы салаға қатысты негізгі терминдердің заңнамадағы қолданыстарын, бекітілген нұсқаларын және салалық терминологиялық сөздіктердегі аудармаларын салыстырудан бастауды жөн көрдік. Мысалы, юридическая термині «заңдық», «заңды», «заңи» түрінде аударылады: юридическая обязанность – заңдық міндет; юридическая наука – заң ғылымы, құқықтану, заң ілімі, заңтану; юридический представитель – заңды өкіл және т.б. Сонымен қатар легитимный, законный, юридический сөздері де заңды, заңдық, заңи сөздерімен аударылады. Бірізділік қағидатын басшылыққа ала отырып, юридический сөзінің баламасы ретінде мүмкіндігінше (қалыптасып кеткен атау, сын есім және т.б. есепке алмағанда, мысалы, юридическое лицо – заңды тұлға және т.б.) «заңи» сөзін алуды ұсынамыз (юридическая консультация – заңи консультация және т.б.). Мұндай мысалдарды аталмыш салаға қатысты терминдерден көптеп келтіруге болатындықтан, біз олардың ішінен жиі қолданылатындарын көрсетумен шектеліп отырмыз. Мысалы: 1) ЗҚ: легализация – жария ету; БН: жария ету (1981; 07.12.2016), заңдастыру (28.06.2016, 08.12.2016); СТС: заңдастыру (заңтану); легализация – жария ету, заңдастыру (іс жүргізу). Сонымен қатар осы сөзбен бір түбірден тарайтын легальный сөзі мәнмәтінге байланысты жария, заңды сөздерімен де аударылып бекітілген (легальное толкование права – құқыққа жария түсінік беру (07.12.2016), легальный рецидив – заңды рецидив (07.12.2016)). Алайда мұндағы жария сөзі басқа сөздермен де бекітілген: публичное право – жария құқық (07.12.2016). СТС: легальный – заңды; толкование права легальное – құқыққа жария түсінік беру (заңтану); легальный – ашық, жария (іс жүргізу), алайда публичный договор – жария шарт; сочетания гласных методов – жария әдістерді ұштастыру (заңтану). 2) ЗҚ: неправомерное – заңсыз; БН: заңсыз (1981), құқыққа сыйымсыз (23.12.2010), неправомерное (поведение) – теріс (мінез-құлық) (07.12.2016). Алайда заңсыз сөзі незаконное (1981, 07.12.2016), ал теріс сөзі отрицательное (24.05.2014), негативный (07.12.2016) сөздерінің баламасы ретінде де бекітілген. СТС: неправомерное поведение – теріс мінез-құлық; неправомерность – құқыққа жаттық; неправомерные действия – заңсыз ісәрекет (заңтану); неправомерное действие – құқыққа сыйымсыз әрекет; предотвращение неправомерных действий – заңсыз іс-әрекеттерді болғызбау (іс жүргізу). 3) ЗҚ: ответственность – жауапкершілік, жауаптылық; БН: жауаптылық (07.12.2016); жауапкершілік (07.12.2016). СТС-де (заңтану, іс жүргізу) де осындай екі түрлі қолданысты байқаймыз. 4) ЗҚ: принуждение – мәжбүр ету; БН: күштеу (1981), мәжбүрлеу (06.09.2005; 07.12.2016). Ал мәжбүрлеу сөзі понуждение сөзіне де балама ретінде қолданылады (понуждение – мәжбүр ету, еріксіз көндіру, мәжбүрлеу (07.12.2016)). СТС: принуждение – мәжбүрлеу, мәжбүр ету, көндіру (заңтану); принуждение – мәжбүрлеу, мәжбүр ету (іс жүргізу). Осындай сәйкессіздіктерді ескере келе, принуждение сөзіне балама ретінде мәжбүрлеу сөзін алып, понуждение сөзін еріксіз көндіру сөз тіркесімен аударған дұрыс сияқты. 5) ЗҚ: обращение – өтiнiш, арыз, жолданым; БН: айналыс (экономика саласына қатысты), өтініш (22.04.2008; 07.12.2016), жүгіну (23.12.2010). Мұндағы өтініш, арыз сөздері заявление сөзінің баламасы ретінде бекітілген және заявление сөзінің мәлімдеме деген бекітілген нұсқасы да бар (07.12.2016). Заңнамаға сүйене отырып, заң саласындағы обращение сөзінің баламасы ретінде жолданым сөзін ұсынамыз. 6) ЗҚ: бюрократия – бюрократия; БН: бюрократизм – төрешілдік (15.12.2015), бюрократ – бюрократ, төрешіл (28.12.2016); СТС: бюрократ – бюрократ, бюрократизм – бюрократизм; бюрократ – төрешіл, бюрократизм – төрешілдік (іс жүргізу). Біздің ойымызша, бюрократия сөзінің семантикалық ауқымы төрешілдік сөзінің жұмсалымдық семасына қарағанда кеңірек тәрізді. 7) ЗҚ: вердикт – шешім, ұйғарым; БН: кесім (27.05.2014); СТС: шешім, ұйғарым. Мұндағы шешім сөзі решение (07.12.2016) сөзінің, ұйғарым сөзі определение (25.01.2000; 08.12.2016), предписание (07.12.2016) сөздерінің баламасы болғандықтан, вердикт терминіне балама ретінде кесім сөзін ұсынамыз. 8) ЗҚ: иск – талап, қуыным; БН: қуыным (2013), талап қою, талап (07.12.2016); СТС: икс – талап (заңтану), қуыным (іс жүргізу). Алайда талап сөзі притязание (2013), требование (08.12.2016) сөздерінің баламасы болғандықтан, қуыным сөзінің қолданылғаны дұрыс деп санаймыз. 9) ЗҚ: вымогательство – қорқытып алушылық; БН: құнерезлік (25.01.2000), бопсалау (22.04.2008); СТС: вымогательство – бопсалаушылық (заңтану), бопсалап мәжбүрлеу, қорқытып алушылық (іс жүргізу), ал шантаж – бопса (заңтану), шантаж – бопса, шантажирование – бопсалау (іс жүргізу). «Қазақ сөздігінде» құнерезлік сөзі реестр ретінде берілмеген, құнерез сөзі бар: «Неден болса да қайтпайтын даукес, дауқұмар» (ҚС, 845). Ал бопсалау сөзі «Қоқан-лоқылап, сес көрсету» деген мағына береді (ҚС, 247). Сонымен қатар бопса сөзі шантаж сөзіне де балама ретінде бекітілген (25.01.2000). Сондықтан вымогательство сөзіне балама ретінде қорқытып алушылық сөз тіркесін қолданған дұрыс тәрізді. 10) ЗҚ: подлог – жалғандық жасау, жасандылық, ауыстыру, жалғандық; БН: қасақылық (22.04.2008), жалғандық, жалғандық жасау (07.12.2016), ауыстыру – замена (14.12.2015); СТС: подлог – жалғандық, жалғандау, ауыстыру (заңтану), подлог – жалған (іс жүргізу), қасақылық – саботаж (іс жүргізу), жасандылық – фальсификация (іс жүргізу), ауыстыру – замена, жалғандық – подделка (заңтану). 11) ЗҚ: злостный – кәнігі (злостный преступник – кәнігі қылмыскер); БН: қысастық, қаскөй (злостное хулиганство – қысастық бұзақылық (1981), злостный преступник – қаскөй қылмыскер (07.12.2016), злой умысел – қаскөйлік пиғыл (07.12.2016); СТС: злостное неповиновение – өрескел бағынбаушылық, злостное хулиганство – кәнігі бұзақылық (заңтану), злостный – қаскөй; неплательщик злостный – қасақана төлемеушi (іс жүргізу), қысастық – злопыхательство (іс жүргізу). «Қазақ сөздігінде» кәнігі, қысастық, қаскөй сөздеріне төмендегіше анықтамалар беріледі: Кәнігі. І. Сын есім. 1. Машықтанған,  үйренген,  төселген. 2. Шебер, майталман. (ҚС, 610). Қысастық. І. Зат есім. 1. Қастық, өштік. (ҚС, 874). Қаскөй. І Зат есім. 1. Қаскүнем, зиянкес. (ҚС, 773). Терминологиялық бірізділік бойынша, злостный сөзіне қаскөй сөзі қолданылуға тиіс деп санаймыз. 12) ЗҚ, БН: именная – атаулы. Алайда атаулы сөзі номинальный, адресный, персональный сөздерінің де баламасы ретінде аударылады. Дегенмен бұл сөздердің бекітілген нұсқалары түрліше: лицевой счет – дербес есепшот (24.06.1998), самостоятельный – дербес (21.12.2005), корреляция частная – дербес корреляция (06.10.2015), персональные данные – дербес деректер (07.12.2016), автономное учреждение – дербес мекеме (08.12.2016). СТС: номинальный держатель – номинал ұстаушы (заңтану), номинальный – атаулы, номиналдық (іс жүргізу), адресная – атаулы, мекенжайлық (заңтану), адресная – атаулы (іс жүргізу), персональный – жеке (заңтану), жеке, дербес (іс жүргізу). Терминологиялық бірізділікті сақтау үшін номинальный сөзіне номинал, адресный сөзіне атаулы, именной сөзіне есімді, персональный сөзіне дербес сөздерін балама ретінде ұсынамыз. 13) ЗҚ: консенсус – консенсус, ымыра, пәтуа; БН: консенсус (28.06.2016), ымыра – компромисс (1992); СТС: консенсус – пәтуа (заңтану), консенсус – пәтуа, консенсус (іс жүргізу). Біздің ойымызша, консенсус терминіне балама ретінде пәтуа сөзін алған жөн сияқты. 14) ЗҚ: массовый сөзі: массовая информация – бұқаралық ақпарат; массовое правосознание – көпшіліктің құқықтық санасы; массовые беспорядки – жаппай тәртіпсіздіктер; БН: массовая библиотека – көпшілік кітапханасы (1981), массовое общество – бұқаралық қоғам (1981), безработица массовая – жаппай жұмыссыздық (14.07.2005), груз массовый – көп жүк (06.10.2015), массовая информация – бұқаралық ақпарат (07.12.2016). Алайда массовый сөзіне балама ретінде алынған көпшілік, жаппай сөздері орыс тіліндегі басқа сөздердің баламасы ретінде де бекітілген: публичная библиотека – көпшілік кітапханасы (1981), публика – көпшілік, халайық (06.10.1999), общая или частичная мобилизация – жаппай немесе ішінара мобилизация (2013), Договор о всеобъемлющем запрещении ядерных испытаний (ДВЗЯИ) – Ядролық сынаққа жаппай тыйым салу туралы шарт (ЯСТТШ) (2013). 15) ЗҚ: неподкупность сөзі: неподкупность судебной системы – сот жүйесінің қиянатқа бармайтындығы; неподкупность – сатылмайтындық, сатылмаушылық); БН, СТС: неподкупность – сатылмаушылық (07.12.2016). 16) ЗҚ: подстрекательство – арандату, айдап салу; БН: арандатушылық (07.12.2016); СТС: подстрекательство – арандатушылық (заңтану), провакация – арандату (заңтану, іс жүргізу). Көріп отырғанымыздай, провокация сөзі де арандату болып аударылып, бекітілген (провокационный акт – арандатушылық акт (28.06.2016). 17) ЗҚ: показание – айғақ; заведомо ложные показания – көрiнеу жалған жауаптар; свидетельское показание – куәгерлік көрсетпе; БН: показание – жауап (1981), показание – айғақ (07.12.2016). Ал айғақ сөзі свидетельство (06.10.1999), показание (07.12.2016), улика (07.12.2016) сөздерімен бекітілген. СТС: показание – жауап, айғақ, көрсетпе (заңтану), айғақ (іс жүргізу); айғақ – показание, улика, доказательство (заңтану), айғақ – свидетельство, показание, улика (іс жүргізу). Сондықтан показание сөзіне көрсетім сөзін балама ретінде алуды ұсынамыз. 18) ЗҚ: понятой – куәгер, куә; БН: понятой – куәгер, айғақ адам (07.12.2016). Заңнамада айғақ сөзі улика сөзінің баламасы ретінде, сондай-ақ понятой сөзі айғақ адам сөз тіркесімен аударылып қолданылады. СТС: понятой – куә (заңтану), куәгер – свидетель (заңтану), свидетель – куә, куәгер (іс жүргізу). 19) ЗҚ: нигилизм – нигилизм; БН: көзқамандық (25.01.2000), нигилизм (07.12.2016); СТС: нигилизм (заңтану); көзқамандық (іс жүргізу). «Қазақ сөздігінде» нигилизм сөзіне былайша анықтама берілсе: «Эстетиканың, этиканың және т.б.  барлық  қағидаларын ешбір мойындамай  түгелдей жоққа шығару.» (ҚС, 997), көзқамандық сөзіне мынадай анықтама берілген: «1. Өз ұлтының мүддесіне жат көзбен қараушылық.». (ҚС, 668). Осы анықтамаларды негізге ала отырып, нигилизм сөзін сол қалпында қолдану дұрыс көрінеді. 20) ЗҚ: хищение – ұрлау; талан-таражға салу, жымқыру; БН: хищение – ұрлау (22.04.2008), жымқыру (08.12.2016); СТС: хищение – ұрлау, талантараж, жымқыру (заңтану); ұрлау (іс жүргізу), расхищение – талантаражға салу (іс жүргізу). Хищение сөзі жымқыру сөзімен аударылуға тиіс деп санаймыз (ұрлық – кража, талан-таражға салу – расхищение). 21) ЗҚ: ходатайство – өтініш, өтінішхат; БН: қолдаухат (22.04.2008; 23.12.2010), өтінішхат (07.12.2016); СТС: ходатайство – өтініш, өтінішхат, қолдаухат (заңтану); ходатайство – өтінішхат, қолдаухат (іс жүргізу). Алайда кейінгі заңнамалық құжаттарда ходатайство терминінің баламасы ретінде өтінішхат термині жиі қолданылады. 22) ЗҚ, БН: умысел – пиғыл (16.10.2004, 07.12.2016), қасақаналық. Сонымен қатар умышленный, умышленно сөздері қасақана сөзімен аударылады: поджог умышленный – қасақана өртеу (09.03.1999), преступление, совершенное умышленно – қасақана жасалған қылмыс (07.12.2016); СТС: умысел – қасақаналық, ниет, ой (заңтану); умысел – қасақаналық, ниет (іс жүргізу); пиғыл – побуждение (заңтану); пиғыл – побуждение, намерение (іс жүргізу). Сондықтан умысел сөзінің баламасы ретінде қасақаналық сөзін қолдану керек сияқты. 23) ЗҚ: преступность – қылмыс, қылмыстылық, қылмыскерлік; БН: экологическая преступность – экологиялық қылмыстылық (07.12.2016); преступность – қылмыскерлік (23.12.2010); борьба с преступностью – қылмыспен күрес (07.12.2016); СТС: преступность – қылмыс, қылмыстылық (заңтану), қылмыстылық, қылмыскерлік іс жүргізу). «Қазақ сөздігінде» қылмыстылық сөзі реестр ретінде берілмеген, ал қылмыскерлік сөзіне төмендегіше анықтама берілген. І. Зат есім: 1. Қастандық істеп, айыпты болушылық. Соның  ішінде  буржуазиялық  өнердегі өріссіздік, оспадарсыздық пен ойсыздықты қияңқылық пен қылмыск ерлікті эстетизациялау бағыты соңғы кезде бұрынғысынан да бетер бел  ала  бастауы содан («Қазақ әдебиеті»). (ҚС, 865). 24) ЗҚ, БН: легитимация – заңдастыру (07.12.2016), легитимация (07.12.2016). 25) ЗҚ, БН: проступок – теріс қылық (1981); врачебный проступок – дәрігер кінәсі, дәрігерлік кінә (27.10.2006), гражданский проступок – азаматтық теріс қылық (07.12.2016). 26) ЗҚ: конфликт – жанжал, тартыс, дау-жанжал; БН: жанжал, тартыс (24.12.2003), қақтығыс, жанжал (28.06.2016), конфликтология – конфликтология (28.06.2016); СТС: конфликт – қақтығыс, дау (заңтану), жанжал, қақтығыс (іс жүргізу). 27) ЗҚ: конспирация – астыртын әрекет ету, құпиялылық; БН: астыртын әрекет ету (07.12.2016). Алайда астыртын сөзі негласный сөзінің баламасы ретінде де (негласная проверка – астыртын тексеріс (22.04.2008), ал негласное сөзі жасырын (негласное следственное действие – жасырын тергеу әрекеті (07.12.2016)) сөзімен бекітілген. СТС: конспирация – астыртын әрекет ету (заңтану), тасалану (іс жүргізу). Алайда конспиратор сөзін астыртын әрекет етуші деп аударсақ, подпольщик, нелегаль сөздерінің баламасы туралы ойлануға тура келеді. 2. Қазақ тіліндегі бір терминнің орыс тіліндегі екі немесе одан да көп терминнің баламасы ретінде қолданылуы 1) ЗҚ: заңдылық – легитимность, законность, закономерность; заңсыз – незаконнный, нелегальный, неправомерный; БН: легитимационные знаки – заңдастырылған белгілер (07.12.2016), легитимная власть – заңды өкімет (25.01.2000), социалистическая законность – социалистік заңдылық (1981); обеспечение законности – заңдылықты қамтамасыз ету (07.12.2016); закономерность – заңдылық (28.06.2016), законность – заңдылық (07.12.2016), действие неправомерное – заңсыз әрекет (1981); незаконное распоряжение – заңсыз жарлық (1981); незаконное лишение свободы – заңсыз бас бостандығынан айыру (07.12.2016); нелегальная миграция – заңсыз миграция (07.12.2016); СТС: заңдылық – законность, закономерность (заңтану, іс жүргізу); легитимный – заңды (іс жүргізу); заңсыз – незаконнный, нелегальный (заңтану), заңсыз – незаконнный, нелегальный, неправомерный (іс жүргізу). 2) ЗҚ: бедел – авторитет; БН: бедел – репутация (06.01.1999; 27.10.2006; 07.12.2016); СТС: бедел – авторитет, репутация (заңтану, іс жүргізу). 3) ЗҚ, БН: тергеу – следственная, расследование; доследственная проверка – тергеуге дейінгі тексеріс (22.04.2008), акт расследования – тергеу актісі (11.12.2015), негласное следственное действие – жасырын тергеу әрекеті (07.12.2016), расследование служебное – қызметтік тексеру (08.12.2016); СТС: тергеу – следственная, следствие, расследование, допрос (заңтану); тергеу – следственная, расследование, допрос іс жүргізу). Осыған орай, мысалы, следственное расследование сөз тіркесі тергеулік тергептексеру сөз тіркесімен аударылуға тиіс деп санаймыз. 4) ЗҚ: жалған – ложный, подложный, мнимый, фиктивный, фальшивый, подделка, лже: фальшивый документ – жалған құжат; БН: подложный документ – жалған құжат (1981), заведомо ложный – көрінеу жалған (04.03.2003); фальсификация ценных бумаг – жалған бағалы қағаздар жасау (27.10.2006); фиктивная сделка – жалған мәміле (2013); мнимая оборона – жалған қорғаныс (07.12.2016); фальшивый документ – жалған құжат (07.12.2016); фиктивный брак – жалған неке (07.12.2016); лжесвидетель – жалған куәгер (07.12.2016); СТС: жалған – ложный, мнимый, фиктивный, фальшивый, подделка, лже (заңтану, іс жүргізу). 5) ЗҚ: жаза – наказание, взыскание, кара; БН: взыскание – жаза (14.07.2005); административное наказание – әкімшілік жазалау (07.12.2016); кара – жазалау, жаза (07.12.2016), смертная казнь – өлім жазасы (07.12.2016); взыскание административное – әкімшілік жаза (08.12.2016). Сонымен қатар взыскание сөзі экономика саласы мәтіндерінде өндіру сөзімен, өндіріп алу сөз тіркесімен аударылады: взыскание убытков – шығындарды өндіріп алу (06.10.1999); взыскание алиментов – алимент өндіру (2013); взыскание имущественное – мүліктік өндіріп алу (08.12.2016). СТС: жаза – наказание, кара (заңтану); взыскание, кара (іс жүргізу). 6) ЗҚ: тәртіп – дисциплина; БН: дисциплина – 1. тәртіп; 2. пән (1981); порядок – тәртіп, рет (1981); процедура – рәсім, тәртіп (06.10.1999), режим – режим, тәртіп (1981); порядок – тәртіп, реттілік (23.12.2010); дисциплинарная комиссия – тәртіптік комиссия (07.12.2016); СТС: тәртіп – дисциплина, порядок, правила (заңтану); порядок, распорядок (іс жүргізу). 7) ЗҚ: жасырын – латетный, негласный, скрытый; БН: скрытая буква – жасырынба әріп (02.07.2003), латентная – жасырын (1995); негласное следственное действие – жасырын тергеу әрекеті (07.12.2016). Алайда мұндағы скрытый, негласный сөздерінің басқа баламалары да белгілі: безработица скрытая – беймәлім жұмыссыздық (14.07.2005); негласная проверка – астыртын тексеріс (22.04.2008). СТС: жасырын – латентный, анонимный, негласный, скрытый, тайный (заңтану), секрет, скрытый, тайный, конфиденциально по умолчанию (іс жүргізу). 8) БН: бүлікші – бунтовщик, мятежник (21.12.2005), «бүлік» – бунт (07.12.2016); вооруженный мятеж – қарулы бүлік (07.12.2016). Сондықтан «мятеж» сөзінің баламасы ретінде «лаң» сөзін ұсынамыз: вооруженный мятеж – қарулы лаң. СТС: бүлік – бунт, мятеж (заңтану). 9) БН: теріс қылық – проступок (1995), превратно (25.01.2000). СТС: теріс қылық – проступок (заңтану), порочащий проступок (іс жүргізу). 10) БН: айып – начет, вина, штраф (денежный начет – ақшалай айып (1981); денежный начет – ақшалай айып; начет удержание – ұстап қалу; начет денежный – мойнына ақша салу (экономика саласына қатысты)); начет – шығынды мойынға салу (іс жүргізу); штраф – айып (25.01.2000), айып – вина (07.12.2016). Алайда мұндағы штраф сөзінің баламасы – айыппұл, вина сөзінің баламасы кінә сөздерімен бекітілген: социальная сущность вины – кінәнің әлеуметтік мәні (заңнама); административные штрафы – әкімшілік айыппұлдар (14.07.2005); штраф – айыппұл (15.02.2017), вина страхователя – сақтанушының кінәсі (06.10.1999), объективная вина – объективтік кінә (07.12.2016). Сонымен қатар кінә, айып сөздері төмендегі терминдік атаулардың құрамында да кездеседі: упрек – кінә тағу (11.12.2014), обвинение – айыптау (07.12.2016), объективное вменение – объективті айып тағу (07.12.2016). 11) БН: хабарлама: заведомо ложное сообщение – көрінеу жалған хабарлама (04.03.2003), авизо – хабарлама (27.10.2006), специальное сообщение – арнайы хабарлама (07.12.2016), уведомление – хабардар ету, хабарлама (08.12.2016); письмо-извещение – хабарлама хат (08.12.2016). СТС: хабарлама – уведомление (заңтану), уведомление, извещение, сообщение (іс жүргізу). 3. Орыс тіліндегі бір түбірлі немесе бір түбірден тараған терминдердің қазақ тілінде әртүрлі нұсқада қолданылуы Орыс тіліндегі бір түбірлі немесе бір түбірден тараған сөздер қазақ тіліне заңнамада түрліше аударылып, бекітілген. Мысалы, наркотик – есірткі (1981); наркобизнес – есірткі бизнесі (07.12.2016); наркомания – нашақорлық (07.12.2016); наркоторговля – есірткі саудасы (07.12.2016), алайда нарколог, наркология (07.12.2016) сөздері аударылмай алынады. СТС: наркомания – нашақорлық, наркобизнес – есірткі бизнесі, наркотик – есірткі, нарколог, наркология (заңтану), наркологическая помощь – наркологиялық көмек, наркотик – есірткі (іс жүргізу); ЗҚ: конфликт – жанжал, тартыс, дау-жанжал, конфликт – жанжал, тартыс (24.12.2003), қақтығыс, жанжал (28.06.2016), алайда конфликтология – конфликтология (28.06.2016). Келтірілген сәйкессіздіктерге қатысты мысалдарды тағы да тізбектей беруге болады. Алайда бір мақаланың көлемінде оларды түгендеп шығу мүмкін емес. Дегенмен мына мысалға тоқталмауға болмады. Қазіргі кезде жалпы қоғамда кеңінен қолданылатын миграция, иммиграция, эмиграция сөздерінің заңнамадағы қолданысына, бекітілген нұсқаларына және СТС-тегі аудармасына көңіл аударайық. ЗҚ: внутренняя миграция – ішкі көші-қон; иммиграционная обсерватория – көшіп келу обсерваториясы; иммиграция – көшіп келу; мигранты – көшіп-қонушылар; миграционная политика – көші-қон саясаты; незаконные иммигранты – заңсыз көшіп келушілер; нелегальная миграция – заңсыз көші-қон; эмигранты – көшіп кетушілер; эмиграция – көшіп кету. БН: миграция – көші-қон (14.07.2005); миграция денег – ақшаның көшуі (27.10.2006), нелегальная миграция – заңсыз миграция (07.12.2016), трудовая миграция – еңбек көші-қоны (08.12.2016), миграция населения – халықтың көші-қоны (08.12.2016); иммиграционная квота – көші-қон квотасы (07.12.2016), мигрант – көшіп-қонушы (07.12.2016); незаконные иммигранты – заңсыз көшіп келушілер (08.12.2016). СТС: внутренняя миграция – ішкі көші-қон; иммиграция – иммиграция; квота иммиграции – көшіп келу квотасы; мигранты – көшіп-қонушылар; миграционная политика – миграциялық саясат; миграция – миграция; миграция населения – халықтың көші-қоны; незаконные иммигранты – заңсыз көшіп келушілер; эмигранты – көшіп кетушілер; эмиграция – көшіп кету (заңтану); закон иммиграционный – иммиграциялық заң; иммигрант – көшіп келуші, иммиграционный земельный фонд – иммиграциялық жер қоры; иммиграция – көшіп келушілік; мигрант – мигрант, көшіп-қонушы; миграция – көші-қон, миграционная служба – көші-қон қызметі; реэмигран – реэмигран; эмигрант – көшіп кетуші, эмигрант, эмиграция – эмиграция, көшіп кету (іс жүргізу). Сонымен қатар бір ғана сөздің әртүрлі қосымшалар жалғанып немесе жалғанбай аударылып жүрген жайттары да бар. Мысалы, срок гарантийный – кепiлдiк мерзiм (27.12.2006); гарантийный срок – кепілдікті мерзім (07.12.2016); гарантийное письмо – кепіл хат (08.12.2016); гарантийное письмо – кепіл хат (экономика); письмо гарантийное – кепiлхат (08.12.2016), договор гарантийный – кепілді шарт (08.12.2016). Сонымен қатар закладной лист – кепілдік қағаз (1981), закладная – кепілхат, закладные листы – кепіл парақтар (27.10.2006), заклад – қардарлық (11.12.2002), закладные листы – кепіл парақтар (27.10.2006), закладная – кепілхат (27.10.2006), ; закладная – кепілдеме (экономика); закладная – закладная, кепілхат (заңнама); закладные ценные бумаги – кепілхаттық бағалы қағаздар (экономика); гарантийное – кепілді, кепілдік, кепілдікті (заңтану), кепілді, кепілдік іс жүргізу); закладной – кепілхат (іс жүргізу). Заң саласы терминдерін қарастыра келе, мынадай жалпы жайттарды бөліп көрсеттік: 1) орыс тіліндегі бір терминнің қазақ тілінде екі немесе одан да көп нұсқада қолданылуы (мұнда қазақ тіліндегі осы нұсқалар орыс тіліндегі басқа терминнің баламасы ретінде де қолданылуы да кездеседі); 2) қазақ тіліндегі бір терминнің орыс тіліндегі екі немесе одан да көп терминнің баламасы ретінде қолданылуы (мұнда орыс тіліндегі осы нұсқалар қазақ тіліндегі басқа терминнің баламасы ретінде де қолданылуы да кездеседі); 3) орыс тіліндегі бір түбірлі немесе бір түбірден тараған терминдердің қазақ тілінде әртүрлі нұсқада қолданылуы (сонымен қатар бір ғана сөздің әртүрлі қосымшалар жалғанып немесе жалғанбай аударылуы да кездеседі). Сонымен қатар орыс тіліндегі бір терминнің қазақ тілінде екі немесе одан да көп нұсқасы бекітілген; орыс тіліндегі бір термин заңнамада да, салалық терминологиялық сөздікте де қазақ тілінде екі немесе одан да көп терминмен аударылып қолданылады. Мақаланы оқып отырған кісіге біздің жасаған тұжырымымыз әу дегенде түсініксіз немесе шытырман сияқты көрінуі мүмкін. Расында да, терминдерді салыстыра отырып, құдды бір ұшы қиыры жоқ шытырманға тап болатыныңыз да жасырын емес. Сондықтан мақаланы осы жерден тоқтата тұруға тура келеді. Жоқ! Бұл тоқтата тұратын немесе тоқтатып тастайтын шаруа емес! Ары қарай қазбалайтын, тапжылмай шұқшиып, терминдерді салғастыра, салыстыра отырып, жүйелеу, біріздендіру қажет. Бұл да жеткіліксіз. Қазіргі қазақ терминологиясының алдында тұрған басты да қажетті міндеттің негізгісі – терминдерді СТАНДАРТТАУ. Терминдер стандартталмайынша, олардың баламаларын заңдық тұрғыдан бекітпейінше, осындай шытырманнан арылмасымыз ақиқат…

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 1. ҚС – «Қазақ сөздігі» (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі) / Құраст.: Н.Уәли, Ш.Құрманбайұлы, М.Малбақов, Р.Шойбеков және т.б. – Алматы: «Дәуір» баспасы, 2013. – 1488 бет. 2. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (заңтану). 29-том. –Алматы: «Қазақпарат» баспасы, 2014. 3. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (іс жүргізу және мұрағат ісі). 28-том. –Алматы: «Қазақпарат» баспасы, 2014. 4. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (экономика және қаржы). 27-том. –Алматы: «Қазақпарат» баспасы, 2014. 5. http://adilet.zan.kz/rus 6. https://kk.wikipedia.org/wiki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы