ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

506 көрілім

 Білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «USTAZ CUP-I» Түркістан облысы қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен облыстық пікірсайыс турнирі болып өтті.

 Турнирдің мақсаты: оқушылар арасында пікірсайыс қозғалысын қарқынды дамыту, сөйлеу, ойлау арқылы жастардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдау.

Шара барысында аудандағы аймақтардан іріктелген 14 команда сынға түсті. Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар болған, кім мықтының ішінен кім мықты болып топ ішінен суырылып шыққан командалар жеңімпаз атанып «USTAZ CUP-I» пікір-сайыс турнирінің облыстық кезеңіне жолдама алған оқушыларымыз 15.10.2022 ж болып өткен турнирде:

 Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты “№68 Т.Оспанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі” оқушылары жүлделі  ІІІ орынға ие болды. 10-сынып оқушысы Бердібек Салтанат Жәнібекқызы. 18 команданың ішінен ең үздігі атанды.

 «USTAZ CUP-I» облыстық пікірсайыс турнирінде төрешілік ете отырып өзінің әділ де дара шешімдерімен көзге түсіп, көрермен көзайымы болғаны үшін Ағабек Атабек алғыс хатпен мараппатталды.

 Кәсіби біліктілігімен көзге түсіп, турнирдің “Ең үздік төреші” номинациясына Уәлихан Унгарбаев ие болды. Жеңіс құтты болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы