ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

391 көрілім

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының”Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.

 Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математика бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резерв құру.

 Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары қатысты.

Жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегері Сарыағаш ауданы №4 “Ю.Гагарин” жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Абдиев Ерсінбек III дәрежелі дипломмен, №36 “Қ.Тоқмұхамедов” жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Тахиржанова Азиза III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңіс құтты болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы