Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен “Толыбай батыр” атындағы №66 жалпы орта білім беретін мектебінде “Өнерлі ұстаз – 2022” білім беру ұйымдарының ұстаздары арасында 26.10.2022 жылы аудандық байқау болып өтті.
Байқаудың мақсаты: ұстаздардың тарихи танымдығын, педагогикалық-психологиялық сауаттылығын, шығармашылық талантын анықтау.
Жалпы білім беру ұйымдарындағы ұстаздары арасында өткен аудандық байқауға 14 білім беру ұйымдарының ұстаздары қатысты. Жүлделі ІІІ орын №71 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Қылышбаева Назымға,ІІ орын №61 жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі Темірхан Мадинаға бұйырды. Байқауда бас жүлдені №75 Ж.Жабаев жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Полат Нұрзада иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. Жеңіс құтты болсын!