Түркістандағы NIS-те «Жас ұстаз: Табысқа апарар жол» атты республикалық аймақтық жас ұстаздар форумы өтті. Жаңа буын мұғалімдері бас қосқан аталған форум рухани шаһарда алғаш рет өткізіліп отыр. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент және Түркістан қаласындағы филиалдарының ұйымдастыруымен өткен басқосуға облысқа қарасты барлық аудан және қалалардан 140-қа жуық мұғалім қатысты.
Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан: №32 Қ.Аманжолов атындағы ж.о.м. №5 С.Ысмайылов атындағы ж.о.м. №69 жалпы орта мектебінің мұғалімдері аталған форумға қатысты.
Жас педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін берген форум барысы мұғалімдер бойына ұстаздық рух сыйлай білген мотивациялық спикерлердің баяндамаларынан бастау алды.