БАЛАЛАР ЖЫЛЫНДАҒЫ БАЗАРЛЫҚ

355 көрілім

2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы білім беруге, қосымша біліммен қамтуға, балалардың денсаулығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. БАЛАЛАР ЖЫЛЫ аясында Түркістан облысы Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры Дюсеналиева Бахыткуль Кадырбековнаның бастамасымен мектеп мұғалімдері мен “Қамқоршылық кеңесі” ұйымдастырған ата-аналардың демеушілігімен мектепте көлемі 44м×24м футбол алаңы құрылып, табиғи газон өсірілді.

Футбол алаңының жобасын және автоматты суару жүйесінің жоспарын көркем еңбек пәні мұғалімі Саипназаров Айбек құрып, мектептің мұғалімдері Фараджов Вагиф, Сагандыков Жанболат, Усманов Немат, Сатаев Аслан, Исраилов Алым, Исраилов Адыл, Хайруллаев Зиядулла, Мутиев Тофик, Расулов Шоакбар, Дильшадов Дилершах, Азизов Фарид құрылыс жұмыстарына белсенді атсалысты. Оқушылар асыға күткен футбол алаңының ашылуы 25 қазан – Республика күніне белгіленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы