ОҚУШЫЛАР КҮЗГІ ДЕМАЛЫСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНДЫ

591 көрілім

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің “Далабазар” жалпы орта мектебінің оқушылары күзгі демалыс кезінде бос уақыттарын тиімді өткізу, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2022 жылы 1-10 қараша аралығында 2-ші рет 2-11 қазақ сыныптары оқушыларына арналған

«КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ»

атты республикалық марафонға қатысып жеңімпаз атанды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Жетекшілері Р.Юсупова. Д.Қурбонқулова. Г.Файзуллаева. Ф.Парпиева. С.Анартаева

Ұлы Абайдың «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге, Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге» деген мағыналы сөздерінен кітап оқудың кез-келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің.

Сондықтан да жақсы кітаппен әрдайым дос бол, кітаптың сырын ұқ, білімнің биік шыңына шық!

Қымбатты оқушы!

• Марафонға қатысу арқылы кітап оқуға белсенділігің артады;

• Ата-анаңмен бірлесе оқып, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғыртасың;•

Рухани байлығың, жалпы ой-өрісің дамиды, жоғары эстетикалық талап-талғамың қалыптасады.

• Электронды кітаптарды оқуды меңгересің;

• Кітап оқу арқылы білімнің, ізгіліктің биік шыңына көтерілесің;

• Кітап сенің ақылшың, сыршыл әрі шынайы досыңа айналады.І. БІРІНШІ КЕЗЕҢ – КІТАП ОҚУ•

1-ші қараша күні «КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ» марафонға қатысу.

• Анкетаны қатесіз толтыр.

• Кітапты жүктеп ал.

• Өзіңе Сертификат, ата-анаға Алғыс хат! Жүктеп алуды ұмытпа!!!

• 10 қарашаға дейін кітапты оқып бітіруді ұмытпа!

• Оқуды қазірден баста. Қатарыңнан қалыс қалма! Каникулда кітап оқып, Сыйлыққа кітап ұтып ал да, МЕКТЕБІҢЕ сыйла!

ІІ. ЕКІНШІ КЕЗЕҢ – КІТАП ЖАРЫСЫ10-шы қараша күні «КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ» марафонына қатысып, кітапты оқып алып, 10-15 қараша аралығында өтетін «ЕҢ КӨП КІТАП ОҚИТЫН ОҚУШЫ» байқауында біліміңді сынауыңа болады. Байқауға ерікті түрде ата-анаңның рұқсатымен қатыса аласың. Ол үшін ЕРЕЖЕМЕН таныс бол.

БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

2.1. «ЕҢ КӨП КІТАП ОҚИТЫН ОҚУШЫ» байқауына оқыған кітабы бойынша 2-11 қазақ сынып оқушылары қатыса алады. 2.2. Байқау сұрақтары оқыған кітап бойынша 20 тест сұрақтан тұрады. А, В, С, Д, Е жауаптарының ішінде дұрыс жауап жасырынған.

2.3. Жорға, Бәйге ойындары секілді әр сұраққа белгілі уақыт бекітілген. Әр сұраққа 24 секунд, 20 сұраққа жауап беру үшін барлығы 12 минут уақыт беріледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы