Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №75 негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің 2022-2023 оқу жылының І тоқсан барысында жеткен жетістіктері төмендегідей: “Ясауи мұрасының түркі еліне насихатталуы” эссе байқауының аудандық кезеңінде жүлделі ІІ орынды 9-“Б” сынып оқушысы Ирсалиева Мадина иеленді. Жетекшілік етіп дайындаған: Усманова Интизар Сабирджановна. Республикалық “Балалар әлемі” жобасы аясында Балалар оқулары байқауының аудандық кезеңіне қатысып, 5-6 сыныптар арасында жүлделі ІІ орынды Сартаев Шохдиер иеленді. Жетекшісі: Бегмуратова Юлдуз Абдугафуровна.
MANGILIK EL JASTARY қоғамдық қоры ұйымдастырған “ҰЛТ ҰСТАЗЫ-АХМЕТ” атты бастауыш сынып оқушыларына арналған Республикалық байқауға шәкірт дайындап, жүлделі І орынды Махаммаджанова Дурдона иеленді. Жетекшісі: Базартаева Саодат Хуснитдиновна
“Мың бала” республикалық мәдени ағартушылық жобасының облыстық кезеңі аясындағы “Жарқыра, жас дарын!” байқауында ІІ орын иеленгені үшін Гавхарбекова Гузал Фазилжановна марапатталды. Жетекшілік етіп дайындаған – Ибрагимова Мунира Муратжановна.
Республикалық Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген “Мен қазақша сөйлеймін” акциясына қатысып жеңімпаз атанған Гавхарбекова Гузал Фазилжановнаға Алғыс хат берілді. Жетекшісі: Ибрагимова Мунира Муратжановна.
Республикалық “Ақберен” өнер байқауының аудандық кезеңіне қатысып, “Көркемсөз оқу” номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды Бекзатов Шахрух иеленді. Жетекшісі: Ибрагимова Мунира Муратжановна.
Ибрагимова Мунира Муратжановна “Білім шыңы” қоғамдық бірлестігі, Республикалық “Білім шыңы-Ғылым сыры” журналы редакциясының 2022 жыл 5 қыркүйек №10 шешімі бойынша “ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗ” төсбелгісімен марапатталды.