Адами әлеуетті дамыту басқармасының өткен аптада атқарған жұмыстарына дайджест-шолу:

536 көрілім

 Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың жүйрік» республикалық ағартушылық жобасында облыс оқушысы республика бойынша үздіктер ондығына енді.

 Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Сауран ауданына жұмыс сапарымен барды.

 Түркістан облысының білім беру мекемелерінде 25-қазан “Республика күні” ұлттық мерекесін атап өту туралы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы брифинг өткізді.

  Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Республика» күні қарсаңында облыс аумағында «Отаным-Жүрегімде» байқауын жариялады. Әлеуметтік желіде ең үздік патриоттық рухты көтеретін өлең оқыған 3 адам жеңімпаз атанады.

 «Менің кіші Отаным» атты республикалық зияткерлік конкурстың іріктеуінде облыс оқушылары белсенділік танытып, алдыңғы қатардан көрінді.

  “ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол!”атты науқан Түркістан облысының білім беру ұйымдарында жүргізілді.

  Түркістандық мұғалімдер облыстық спартакиаданың жеңімпазы атанды.

 «Патриотизм дауысы». Барлық білім беру ұйымдарында Түркістан облысының оқушылары,студенттері мен ұстаздар қауымы ҚР Әнұранын бір күнде, бір уақытта шырқады.

  Облыстың бас ұстазы АҚШ-тың бас консулы Кэролайн Сэвиджбен кездесті. Мәртебелі меймандармен кездесуде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев қатысып, келіссөздер жүргізді.

  «Үздік шебер – 2022». Дәл осындай атаумен Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім ұйымдары педагогтері өзара бақ сынасты.

 Анадолыдағы ІV Халықаралық география конгресіне түркістандық ұстаздар қатысты.

 «Тұран – 2022» облыстық туристік жарысы өтті.

  “Тұран жастары” мектепаралық президент сайлауы өтті. Сайысқа оқу үлгерімі жақсы, үш тілді меңгерген, тәртіптік жазалары болмаған 9-11 сынып оқушылары қатысты.

 «Өнерлі ұстаз -2022» байқауының аудандық кезеңі аяқталды. Енді талантты тәлімгерлер облыс деңгейінде сайысады.

 Республикалық Лингвистика олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

 Басқарма басшысы кезекті қоғамдық қабылдауда азаматтармен жеке кездесіп, мәселелері мен ұсыныс-тілегін тыңдады.

 Оқушылар  асфальтта сурет салып, сайысқа түсті. Басты тақырып: “Республика” күні.

 “Туған елімнің мен патриотымын!” атты

 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында  25 қазан «Республика күніне» орай ән айтып, өлең оқудан жарысты.

  Мереке қарсаңында Ордабасы ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Білім ордасының ашылу салтанатына Дінислам Болатханұлы қатысты.

 Түркістанда патриоттық әндер байқауы өтті.

 Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының төралығымен кезекті мәжілістік аппарат жиналысы өтті.

 Басқарманың бастамасымен қолға алынған “Күлтегін” зияткерлік ойыны мен “Turan bala fest” таланттылар сайысының арнайы мерекелік шығаралымы “Түркістан” телеарнасында көрсетілді.

 Облыс мұғалімдері “ Туған ел” тақырыбында сурет салды. Педагогтердің өнер туындысы фотокөрме ретінде ұйымдастырылды.

 Оқушылар, студенттер және жастар ұйымдарының өкілдері арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе байқауы жүргізілді.

 «Қыран елім – Қазақстан» жалпы республикалық патриоттық акциясы шеңберінде оқырмандар конкурсы өтті.

 Оқушылар мен колледж студенттері арасында «Ұлттың ұлы ұстаздары» шығармашылық байқауы болды.

 «Текті сөздің төресі» тақырыбында арнау айту байқауы (домбыраның сүйемелдеуінде) ұйымдастырылды.

 «Республика Күні» ұлттық мерекесі тақырыбында видеороликтер байқауында 500-ден аса бейнероликтер жолданды.

 Басқарма басшысы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барды.

 Жалпы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты аудан/қалалық білім беру ұйымдарында түрлі бағытта “Республика” күніне орай 3000 аса мерекелік іс-шара қолға алынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы