Түркістан облысы, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 3 мектепке «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген болатын. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Атап айтсақ, Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылындағы №6 С.Киров атындағы жалпы орта мектебі КММ 1978 жылы салынған, жобалық қуаты 750 оқушыға арналған. Нақты оқушы саны – 1132. Мердігер мекеме – «СервисЦентр-2007» ЖШС-і. Нысан 2023 жылға өтпелі. Қазіргі таңда ағымдағы жылға көрсетілген жұмыстар толығымен орындалды. Сол секілді, Сайрам ауданы, Көлкент ауылы №13 А.Навои атындағы жалпы орта мектебі КММ-ге мердігер «Нурпромсервис» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.Сайрам ауданы, Көлкент ауылында орналасқан №26 М.Қашқари атындағы жалпы орта мектебі КММ-ге мердігер мекеме «Нурпромсервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын толық аяқтады.
3 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
421 көрілім